Абайды танудың алғашқы кезеңі

0

Жоспар:

  1. Абай шығармаларының төңкеріске дейінгі дәуірде танылуы
  2. Абай мұрасын танып бағалауда рушылдық ой-сананың зардабы

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ.  ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

         1.Қазақ әдебиетінің ұлы классигі  Абай шығармалары  революцияға дейінгі дәуірде – ақ әр түрлі  бағыт – бағдарда пікірлер айтылып,  там-тұмдап болса да, зерттеу нысанына  іліне бастады. Бұл істпеттес әрекеттер  ресми баспасөздер мен  кейбір ғылыми  жинақтарда, архивтік деректер көзі мен  кейіннен  табылған қолжазба нұсқаларда ХІХ ғасырдың  екінші жартысындағы  қазақ елінің қоғамдық ойы мен дүниетанымының  шын мәніндегі  энциклопедиясына айналған Абай  шығармалары жайлы  әр түрлі  бағдар таныта  айтылған  пікірлер де көбейе түсті.

         Халық мұңын жырлаған  Абай поэзиясын революцияға дейін – ақ қазақ даласына  әсері мол аса күшті рухани құбылысқа  айналып та  үлгерді. Туған халқының көкейтесті   арманы мен мұңын  жырлаған Абай өлеңдеріндегі  гуманистік, ағартушылық сарындар сол тұста  — ақ халық санасын  баурап,  көкірек көзін ашуға бастады.  Абай шығармалары  баспасөз бен қолжазба  көшірмелер арқылы көбінесе ауызша әр қилы  жодармен таралып жатты.

         2.Абай ер жетіп, ел ісіне   араласқан дәуірде  де  рушылдық  идеологияның үстемдік ету қазақ қоғамының таптық  санасының оянып, қоғамдық ой — пікірдің  жандануына тосқауыл жасады.  Абайды және оның әдеби   мұрасын дұрыс танып бағалауға рушылдық ой – сананың да белгілі дәрежеде  зардабы тимей қоймайды.

         «Көктума, Қарамола, Балқыбек сьездерде  мүддесін қорғау себепті, оған Мұқыр сайлауында  ескіліктің содырлы топтары қол жұмсайды.

         Мұқыр сайлауында Абайды қара күштің  қорлауына берген  тобықты руының  атқамінер – жуандары еді.

         Бұл әрекетті рушыл ақын Қуанышбай:

         Рас, Абайға біздің ел қылар қастық,

         Ойласытық оның   түбі  дәулет, мастық.

         Онда найман оңа ма түбі оңбаған,

         Талассақ   мәртебеге біз таластық, —

— деп ол оқиғаға рушылдық сана  тұрғысынан келіп, Абайдың әлеуметтік бетін танытуды  бүркемелейді.

         Абайдың әлеуметтік бетін  бүркемелейтін  рулық салт – санаға қарама  —  қарсы  шын  мәніндегі   халықтық көзқарас Олжабай мен Бәзіл қызының арасында  болып өткен оқиғаны реалистікпен баяндайтын «Бипаның сөзі» атты дастанда айрықша байқалады.  Дастанда махаббат теңдігі үшін  күресуші халық қызы Бипаның атынан Абайға баға беріледі.  Бипа —  дастанда қарапайым халықтан шыққан момын шаруа қызы ретінде суреттеледі. Қорлық пен зорлыққа   ұшырғанда, оның үміт етері мен сүйенері  — Абай  ұстанған әділеттік қана.

         Абайға әділетті жетті жаным,

         Ісімнің болар дедім бір мәнісі, —

деп ескі  салттың қанды  шеңгелінен құтқарушы, әділеттің жақтаушысы Абай ғана деп   біледі.

         Рушыл ақын Қуанышбай: «Абайдың әр білімі елден асты», деп оны тек Тобықты руының  білгірі ретінде  дәріптесе, дастанның кейіпкері Бипа қыз:

         Абайеке, арызымды айттым  сізге,

         Данышпан   даңқы шыққан бұл үш жүзге, —

деп Абайды  бүкіл қазақ халқының  құрметіне ие болған  дана ретінде бағалап  отыр.  Дастанда  Абай ескілік салттың  күні өткен дәстүріне қарсы  күресуші   әрі махаббат теңдігінің  қорғаушысы ретінде суреттеледі. Дастанның  идеялық түйіні де:

         Бір ауыз  Абай айтқан әділ сөзді

         Жүреміз үлгі қылып жас пен кәрі,

         Таласқан тар кезеңде әйге әперген,

         Абайды неге ұмытсын әйел табы, —

деп,  Абайдың  әйел теңдігіне  ат салсыуын бүкіл халық атынан құптап, оны әділет пен жаңалық  жаршысы, қазақ елінің  ойшыл данасы ретінде таниды. Осы себептен де бұл дастанның идеясы, өмірде болған шындық М.Әуезовтың «Абай жолы»  эпопеясының  сюжеттік желісіне  сіңісіп,  арқау боп  өрілгенін көреміз.

Абай  тұсында  ақынның өз  басы мен әдеби  мұрасы жайлы баспасөз бетінде де пікірлер айтыла  бастағанын 1898 жылы басылған «Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқанын»  (Бастауышы Шайхисламұлы Жүсіпбек қожа) деген кітаптан  көреміз.  Мұнда айтлыған пікірдің салмағы – Абайдың пікірлес болған ән  еркесі ардагер Біржан тарапынан айтылуымен бірге, бүкіл қазақ халқына мәшһүр болған «Біржан — Сара» айтысында сөз болып, бағалауында жатыр.

Біржан – шын мәнінде, Абай шығармалары мен әндерін  халық арасында таратушы  өнер саңлағы. Ұлы ақынмен замандас болған Біржанның негізінен, халықтық  тұрғыда осы айтыста Абайды танып бағалауы  сол кездегі  ру жуандарынан Абайдың теңдесі жоқ  ерекше қасиетін  әйгілей түседі.

Абайдың ақындық  өнерін бағалауы да Біржаннан  басталады десе болғандай. Біржан Абайды  өз заманнан  иығы асқан ойшыл,  құдіретті сөз  өнерінің  иесі ретінде танығандықтан:

         Абайдай тумас адам сөзге зерек,

         Зейіні түпсіз дария көзің жетпес, —

дейді.

Абай  заманында  —  ақ ақынның  өз басы мен әдеби мұрасын танып, бағалауды  осы тәріздес қарама – қарсы пікірлер күндердің  күнінде дүбірлі талас – тартыстың нышаны болатынынан белгі беріп жатқандай сезіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ