Абай ақындық дәстүрі немесе “өзгеге берген нәрі”

0

Жоспар:

  1. Абайдың әдеби мектебі
  2. Абайдың ақын шәкірттері немесе Абай тұсындағы ақындар
  3. Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар

Лекция мәтіні:

Зерттеуші Абайдың өзгеге берген рухани нәрі жайлы тақырыпта Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасын жазу үстінде – ақ көңіл бөлген.  Ал 1934 жылғы “Абай ақындығының айналасы” деген еңбегінен кейін  — ақ   ол жайлы ойлар төркіні біртіндеп қорлана берді.  Абайдың өзгеге  берген   нәрі жайлы ойлары, негізінен, үш салада: а) Абайдың әдеби мектебі; ә) Абайдың  ақын шәкірттері не Абай тұсындағы ақындар: б) Абайдың ақындық дәстүрі деген тақырыптар  шеңберінде қамтылып беріле бастайды.

Былайша айтқанда, әдеби мектеп деген күрделі  ұғым ұлы  ақын жасап қалыптасырған жаңа бағыттағы ақындық дәстүрдің  өзінен кейінгі  әдебиет өкілдері тарапынан жалғастырылып  үдере дамытылу жолдарын айтамыз.

Абай мектебі ақынның көзі тірісінде – ақ   қызу дамытылып, Абай нұсқаған  жолмен көптеген  көркем  туындылар   жазылып та үлгергенін: “Бұл мағынада алғанда Абай шәкірттері: Мағауия, Ақылбай, Көкбай, Бейсембай, Әубәкір т.б. творчестволық  мұраларының Абай шығармаларынан  өзгешелігі  поэзиядағы көлемді жанрды  дамытумен, атап айтқанда, сюжетті поэмаларды, халықтық – тұрмыстық, әлеуметтік – тарихи, тарихи- тұрмыстық, Пушкин, Лермонтовтардан тарихи әрі таза  романтикалық  стильдегі оңтүстік  поэмалары арқылы  ерекшеленеді,” — деп  нақтылы да атап  өтеді.

Абай мектебі деген ұғымға зерттеуші   заман ділгірлігі,  уақыт талабы  тудырған жаңа бағыттағы  әдебиеттің   көш бастаушы қызметімен  қоса өз ой  — арманын жырлау сарынынан туған поэзиядағы   түр жаңалығын да бірге алып көрсетеді.  Мұны, әсіресе,  Абайды Махамбетпен салыстыра отырып: “Махамбетте мектеп жоқ… түр жағынан халық жыры фольклорлыққа тәуелділік көп. Ауыз әдебиетінен ұзамайды. Махамбеттің өз алдындағы фольклор мен көшпенді  дәуір әдебиетінің ауқымынан шығындап шыға алмағаны еске алынған. Осы ерекшеліктің өзі – ақ Махамбеттей зор ақынның  поэзиясында арнайы  атап көрсетілетін  әдеби мектептің  орын теппеу себебін көрсетеді.

2.Абайдың ақын шәкірттері немесе Абай тұсындағы ақындар. Ақын шәкірттер тобына ғалым, көбінесе, Абай  маңында болып, күнделікті тұрмыста қоян-қолтық араласқан талантты ақын жастарды жатқызады.

1934 жылы зерттеу еңбегінде Абайдың толық мағынадағы  ақын шәкірттеріне Көкбай, Ақылбай, Мағауия сияқты ақындар жатқызады.

Абаймен күнделікті қарым-қатынаста,  тікелей  творчестволық байланыста  болған ақын шәкірттер  жайлы мәселелеге  айрықша көңіл бөле бастайды.  Бұл тұста Абаймен күнделікті  тұрмыста тікелей араласып, көркем  шығармалар жазған ақын шәкірттер ретінде: Көкбай (186-1927), Әріп (1856-1924), Ақылбай (1868-1904),  Мағауия (1870-1904), Бейсембай (1880-1934), Әубәкір (1880-193) сияқты  алты ақынды атап көрстеді.  1944 жылғы тезистерінде зерттеуші осы аты аталған  алтауын Абай дәстүрін жалғастырушы, талантты ақын шәкірттер деп бағалаған. “Абай жолы”  эпопеясының үшінші кітабындағы “Ақын аға” тарауында Көкбай, Әріп, Ақылбай, Мағауия, Бейсембайлар  молынан суреттеліп көрсетіледі, ал Әубәкірдің  аты бұл  тұста аталмайды.

“Абай  жолында” ақын маңында   күнделікті өмірде  мидай араласып, өнердің әр түріне соны  бағыт,  жаңаша тәрбие  ауқымында  өсіп келе жатқан  өнерлі жастар  тобы молынан суреттеледі.  Абай маңындағы өнерлі жастар  әрекетін академик С. Мұқанов пен проф. Қ. Бейсембиев “Абай айналасында ән – күйдің, өлең- жырдың қадірін білетін өнерлі топ болған”, -деп арнайы да атап өтеді.  Абай маңында үйірілген осы  өнерлі топтың ішінде  Көкбай, Ақылбай, Шұбар, Мағауия, әншілер Мұқа, Мұхамеджан, Әлмағамбет, Әйгерім, ертегіші Баймағабет және Кәкітай, Әбіш, Уәйіс т.б. толып жатқан  эпизодтық кейіпкерлер әрекеті беріледі.

М. Әуезов бергі дәуірдегілерді Абай дүниеден өткен  соң, әдебиет майданынан келген ақындардың  талантты тобын соңыра  ХХ ғасыр басындағы  Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар деп қараған.

Абайдың ақын шәкірттері деген атау  белгілі дәрежеде  шартты ұғым боп табылады. Мұның шартты ұғым боп   табылатын белгілі  себептері де бар. Біріншіден, шәкірт ақындар тобына  белгілі бір ақынды жатқызу үшін, ол, алдымен, Абаймен күнделікті тұрмыста  арақатынаста боп, тікелей кеңес алып, ақынның өнерге  тәрбиеленуі шарт.  Екіншіден, олардың бәрі де  алдымен Абай шығармалары  мен әндерін танып бағалаушылар, оны әр түрлі жолдармен халық арасында ауызша, жазбаша түрінде насихаттап  таратушылар қызметін қоса атқаруы шарт.  Үшіншіден, шәкірт ақындар ұлы Абай қолында тәрбиеленіп, ақындық үлгі — өнеге алушылар ғана емес. Олар Абайдың көзі тірісінде –ақ  ұлы классиктің  ақындық дәстүрін тікелей жалғастырып,  алғаш рет дамытушылар ретінде  де ерекшеленетін   өнерлі топ. Міне  осындай ерекшілігі бар алғы  шарттар ғана бұларды  Абайдың ақын шәкірттері деген  ұғымды әдебиет тарихына алып келді.

Абай өзінің  ақын шәкірттеріне, олардың творчетволық өсу жолына үнемі назар аударып, қадағалап отырған.

Абайдың ақын шәкірттері ретінде аталып жүрген Көкбай және Әріп, Әсет, Ақылбайларға бағыштай жазылған  Абайдың арнау өлеңдері де   жайдан жай жазыла салған мүліктер емес.   Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзеудің жолын айтады.

Зерттеуші Абайдың “Мен жазбаймын  өлеңді ермек үшін” (1889ж.) өлеңінде  өз маңында өнер шаша бастаған  шәкірт ақындар тобына атйылған әдеби сын бар екенін де алғаш рет мәлімдеген еді.

Зерттеуішінің  мәлімдеуінше, осы өлеңдегі “Сөз айттым Әзірет Әлі айдаһарсыз”,  — деген өлең жолы Көкбай  творчествосына байланысты айтылған.

“Өлең  — сөздің  патшасы, сөз сарасы” өлеңінде Абай аяусыз сынға   алған өзіне дейінгі, өз тұсындағы ақынның  өнер қадірін кетірушілер жолы  — Абайдың ақындық дәстүріне  қарама – қарсы жол. Мұнда да Абай ақындық өнер жолына түскен өз маңындағы шәкірт ақындар  тобына өміршең  өз дәстүрін сілтегендей болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ