Абай мұрасының Шығысқа қатысы М. Әуезов зерттеуінде

0

Жоспар:

  1. Абай шығармаларындағы шығыстық қайнар көздер
  2. М.Әуезовтің Абай мұрасының шығысқа қатысын 4 салаға топтастыруы

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ.  ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

         1.Мұхтар  Әуезов ұлы Абай шарлаған кәрі  Шығыстың  арғы-бергі замандарда  ұрланған рухани байлығынан  жастай сусындап,  соңыра жаңа дүниетаным негізінде бар асыл нәрін  ала білген ғұлама  білгірлігімен де  өз ортасында ерекше  дараланған алып тұлғаға айналды. Ол шығыс тарихы мен  көркем әдебиетіне  балғын балалық  шағынан-ақ  құлақ түріп, есейе келе түбегейлі меңгеріп алуға зор күш салып, алдына келелі үлкен мақсаттар қойды. Әрі көне, әрі  дана шығыс  әлемінің рухани қазыналарымен танысып, терең біліп, саналы түрде жете меңгерудің алғы шарты  — сол мәдениет жасаған  тілдерді жете білу, рухани ойларды түпнұсқада оқып   танысуда жатқанын өз замандастарының  қай-қайсысынан болса да ерте ұғынды.

         Балалық шағында туған ауылында  түрікше сауат ашып, Абай жасаған  ортаға  таралған шығыс қисса —  дастандарымен, атасы Әуез арқылы да көптеген ел аузындағы аңыз-әңгімелермен де хабардар болып өсті.  М.Әуезрв Ташкент, Ленинград университеттерінде  оқып ғылым жолына төселу шағында – ақ араб тілін білуге белсене кіріскен.

         Ленинград университетінде оқып жүргенде  шығыстану саласының зор білгірлері, бүкіл дүние таныған оқымыстырлар: В. В. Бартольд, А. Н. Самойлович, В. Щерба, С. Обнорский, В. Виноградовтар дәрісін үзбей тыңдап, шығыстану саласындағы ұғым-танымын молықтырып, іштей түлеп толысуда болатын-ды.

         Ғылыми жетекшісі арабист Михаил Филиппович Гавриловпен факультеттегі  шығыс тілдері  маманымен кең түрде кеңесе отырып, Мұхтар өзінің алдына үш салаға бөлінген үлкен міндеттер  қойды.

         1) Келешектегі ғылыми жұмыстарына тікелей қажеті бар әдеби  көркем текстерді меңгеру саласында түркі тілдес  халықтардың ауыз әдебиетіндегі  барлық жанрларды оқумен айналысу.

         2)  Түркі халықтары мен парсы, араб, неміс тілдерін меңгеру саласында да көп жұмыстар істелді. М. Әуезовте  шағатай, әзербайжан,  түрік әдебиетін еркін оқып, жете түсінуге әсіресе, парсы тілін толық біліп алуға ерекше мән бере қарады.

         3) М. Әуезов тіл ғылымы, тарих, әдебиеттану саласында  терең теориялық дариялықты дүниежүзілік әдебиеттің орыс тіліне аударылғандарын жоспарлы, жүйелі түрде оқу  арқылы жүргізіп отырған.

         М. Әуезов  ғылыми –зерттеу нысанасында Орта Азия халықтары мен қазақ халқының әдебиет тарихын алып,  зерттеу жұмысын “Манас” эпопеясынан бастауында терең  ойластырған мән бар еді. “Манас” түркі тілдес  туысқан халықтардың көне мұраларының бірі  екенін әрі көптеген ғасырларға  созылған өткен өмір  көрінісінің ең елеулі  жақтарын бойына  жинақтаған энциклопедиялық ерекшелігін ерте таныған, зерттеу обьектісінің  алтын  өзегін де  дәл тапқан ғалым тұлғасын да көреміз.

         Міне абайтану саласының ең қиын да күрделі жағы Абай шығармаларындағы  шығыстық қайнар көздері  жайлы зерттеулеріне  М.Әуезов осындай  зор даярлықпен  келіп кіріскені мәлім.

         Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы революцияғы дейінгі баспасөзде  алғаш рет шаң беріп,  сөз  арасында жол-жөнекей  пікір білдірген Кәкітай  Ысқақов пен “Уақыт” газетінде жарияланған шағын ғана мақала  болатын-ды.

         М. Әуезов шығармаларының Шығысқа қатысты жақтарын арнайы зерттеп  білуден бұрын аталмыш  алғы шарттарды  қиын да болса көп жылдарға  созылған қажырлы ізденістер үстінде ойдағыдай  орындап шыға алды.

         Абай шығармаларының  табиғатына тереңдей  дендеп бойлаған сайын ақын   ойларының нысана желісін, көркемдік сырларын жаңаша ашып,  ой қорытқанда, Абайдың шығысына да терең барлау жасап, қол үзбей, зерттеу назарынан үнемі тыс қалдырмай, пікір білдіріп отыратыны бар.

         М. Әуезов Абай шығармаларының Шығысқа қатысы  жөнінде алғаш пікірін өте ерте жазылған Абай өмірбаяны жайлы  қабырғалы еңбегінде білдіреді.

         Абай оқып, нәр тартқан шығыстың  рухани  қазыналары жайлы   кейбір нақтылы  деректер: классик ақындар,  көне жазба ескерткіштер мен шығыс ойшылдары аз болса да Абай шығармаларында тікелей  аталып өтеді. Ал осы деректер көлемі соңыра  М. Әуезовтің абайтану саласындағы  зерттеулері мен “Абай жолы” эпопеясында да азамат, ақын ойшыл, қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолына  қарай біртіндеп рет-ретімен  ашылып отырады.

  1. М. Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғалым ойының  қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде  әр түрлі таным  тұрғысынан айтылған  ой толғаныстарын да көреміз.

         “Абай ақындығының айналасы” деген мақала зерттеуінде Абай шығармаларының нәр алған үш бұлағы жайлы көзқарасын дәл осы жолы бас –басына арнайы  атап өткен де,  осы таным тұрғысынан пікір жүргізіп,  ақын мұрасындағы шығыстық белгілерге ерекше үңіліп, өзіндік дербес ой  танымын ортаға тастады.

         М. Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы проблемаға әуел бастан-ақ ерекше мән бере қараған. Өзінің осы саладағы  ұзақ жылдарға созылған  ізденістері мен зерттеу еңбектерінде  автор өз танымын негізінен даралай отырып төрт саланың маңына топтастырады:  1. Абайдың  ақындық кітапханасының көлемі мен жайы. 2. Абай және шығыс классиктері. 3. Абайдың исламиятқа қатысы. 4. Абай және мораль философиясы. Міне, Абай шығармаларын  ғұмыр бойы  қол үзбей үңіле  зерттеген  М. Әуезов қаламынан туған   ұлы ақын мұрасының шығысқа қатысы жайлы ізденістерінің   бәрі де  осы төрт сала  маңына  үйірілген.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ