М. Әуезовтің — текстологиялық зерттеулері

0

Жоспар:

  1. Ақын шығармаларының канондық тексін жинаудың негізі
  2. М.Әуезовтің тікелей басшылығмен шыққан ақын шығармаларының толық жинағы

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ.  ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

  1. Абай шығармаларының текстологиялық жағынан барынша сұрыпталып, бастапқы асыл түпнұсқа  табиғатын сақтау жолында  М. Әуезов атқарған ұзақ жылдарға созылған текстологиялық  ізденістерінің бір қырын   әр  жылдарда жаряланып отырған  Абай басылымдарындағы  ақын өлеңдеріндегі  өлең жолдарындағы елеулі  өзгерістерден де көреміз.

М. Әуезовтің өз  ескертуінше, Абай романын жазуға бір жола бет бұрысымен – ғана, яғни 1937 жылдан бастап, ұзақ жылдар бойы өзі жинастырған Абай өмірі мен тврочествосы, заманы,  сол дәуірде болып өткен әр қилы  оқиғалар қайта қарап, сұрыпталуға кірісу үстіндегі  зор көлемдегі  терең дарялықтар – екінші рет басылған толық жинақтың жаңа сапа соны  нышан танытып, текстологиялық жағынан мейлінше  толығып шығуына тікелей себепкер болғаны да бар.

Абай шығармаларында текстологиялық жұмыстың  жан-жақты ойластырылып жүргізілгені осы   басылымда арнайы көңіл  бөлінген шеттен енген  сөздерден де көреміз. Осы сөздердің түп-төркінін қаулап,  мағынасын ашуға ұмтылған зерттеуші екі жүзден астам  шет сөздерін бөлек жазуда түсінік жазуы – іргелі зерттеу ісінің  нақтылы да айғақты  дәлелі десе болғандай.

Абай мұрасын жариялау жолында  М. Әуезовтің өз қолымен соңғы рет  даярлап, көп күш салған  ақын шығармаларының толық жинағы 1957 жылғы екі томдық болатын-ды. Бұл кезең М. Әуезовтің  абайтану саласында  ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келген  ғылыми зерттеулері мен  творчестволық  шығармаларындағы ой толғаныстарын  қорытындылаған жылдарына тұс келеді.

  1. М. Әуезовтің тікелей басшылығымен шыққан 1957 жылғы толық  жинаққа 7487 өлең жолы мен 46 қара сөздері енді. Толық жинақтың 1 томына  төл өлеңдері ретінде  172 шығарма (5712 өлең жолы), 2 томына  аудармалары ретінде 56  шығармасы (1775 өлең жолы) мен қарасөздері беріледі.

Абай шығармаларын бастапқа асыл түпнұсқа қалыпна  келтіру жолында М. Әуезов тарапынан  әр жылғы  басылымдар қарсаңында аса  ыждаһаттықпен  жүргізілген текстологиялық жұмыстар нәтижесін, әсіресе, Абай шығармаларының әр жылғы   басылымдарындағы өлең жолдарындағы  елеулі өзгерістерден көруге болады: 1909ж. жинақта Абай өлеңі –139, өлең жолы- 5399,  1933 ж. толық жинақта Абай өлеңі –204, өлең жолы-6580, 1945ж. толық жинақта  Абай өлеңі –233, өлең жолы – 7255, 1957 ж. толық жинақта Абай өлеңі – 228, өлең жолы – 7487, 1977 ж. толық жинақта Абай өлеңі —  230, өлең жолы – 7495. Бұдан әрі басылым сайын  өлең саны молығып, өлең жолы біртіндеп  көбейіп, үстемелеп  қосылып отырғаны байқалады. 1909-жыл мен 1977-жыл аралығында Абай шығармаларына 2096 өлең жолы тыңнан қосылғаны көрініп тұр. Мұншалықты орасан көп  өлең жолдарының әр түрлі   жағдайлар мен себептерге орай қосылып отырғанын  айрықша ескерген жөн.

М. Әуезовтің Абай  шығармаларын текстологиялық жағынан  жетілдіру саласындағы әрекеті мен ұстанған жолдары ақын  мұрасының болашақта бір жолата  орнығар канондық текстің негізін салып, қалыптасуына шешуші түрде ықпал етті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ