Абай өлеңдерінің жазылу мерзімін анықтау

0

Жоспар:

  1. Абай шығармаларының жазылу кезеңін анықтаудың алғашқы кезеңі (1908-1909)
  2. Екінші кезең 1924-2927 жылдар аралығында жүргізілді
  3. 1933 жылдан Абай шығармаларының толық жинақтарының құрастырылуы

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ.  ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

  1. 1924-жылдары-ақ М. Әуезов құрастырып даярлаған толық  жинақ 1933 жылға дейін жарияланбай келеді. Ол Абайдың қайтыс болуына  отыз жыл толуы қарсаңында 1933 жылы ғана жарық көрді. Бұл басылым – республикамыздың рухани өмірінде,әсересе, абайтану  тарихында теңдесі жоқ зор мәдени құбылыс болды. Қазақ халқы өз классигі ұлы ойшыл ақын Абаймен алғаш рет  толық тануысуға мүмкіндік алды. Абайтану саласында жазылған зерттеулер мен ғылыми мақалалар да енді асыл түпнұсқа  ретінде қабылданған шығармалары тексіне сүйене бастады.

         Алғаш жинақтардың бәрі де жинақ сапасы мен түзілімі, тексі, өлең өрнегі дұрыс сақталмауы жағынан  орын алған кемшіліктерді  Ғ. Сағди, І.Жансүгіров, М. Әуезов тарапынан сол кезде ашып көрсетіліп, елеулі түрде  сынға да алынған болатын.

         Абай мұрасын зерттеушілерді жоғарыда  аталып өткен қиыншылықтардан біржолата арылтып зерттеу өрісін  кеңейткен әрі сүйенер  түпнұсқа негізін нақтылы қолға ұстатқан зор еңбек  М. Әуезов  құрастырған   тұңғыш толық жинақ пен Абайдың ғылыми өмірбаяны болатын.

         1933 жылғы толық жинақты құрастыру үстінде М. Әуезов Абай өлеңдерінің жазылу мерзімдерін тағы да анықтай түсті де, ғылым тарихында сыннан өткен орыс, европа әдебиеті тарихында  көптен қолданып келген  хронологиялық жүйемен беру  принципін ұстанды. Абай шығармаларын хронологиялық жазылу ретімен  берудегі басты  мақсат – Абай дүниетанымы мен ақындық өнердегі шеберліктің  эволюциялық табиғи даму жолдарын  ғылыми тұрғыдан  бағдарлап тереңірек  тануда  жататын.  Ақын мұрасының табиғатын тереңірек тануда  сенімді де ұрымтал тәсілі  ретінде хронологиялық жүйені алғаш рет саналы да  мақсатты түрде басшылыққа алды. Осы хронологиялық жүйенің абайтану саласында  монографиясы мен  атақты “Абай жолы” эпопеясының  жазылу процесінде де  басшылыққа алынғанын көреміз. Осы себепті болса керек, М. Әуезов Абай шығармаларының текстологиялық сапасын көтеріп,  баспақы асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолында жүргізілген ғылыми  зерттеулерінің бір желісі үнемі ақын туындыларының жазылу  мерзімін анықтауға кеп тірелетіні бар. Абай шығармаларының жазылу мерзімдерін  хронологиялық тұрғыдан әбден анықтап алмайынша, Абайдың ақындық өнері мен дүниетанымындағы өзгерістерін,  эволюциялық жетілу жолдарын танып білудің өзі қиынға соғар еді. Сондықтан Абай өлеңдерінің жазылу себептерін анықтап хронологиялық тәртіпке түсіру ғылыми тұрғыдан алғанда  алғы шарт ретінде  аса қажетті кезек күттірмейтін міндет деп қаралды. Болашақта абайтану саласында ірі ғылыми зерттеу жұмыстарын  жүргізгенде, хронологиялық жүйеге сүйене отырып зерттеудің  маңызы өлшеусіз зор болатынын М. Әуезов кімнен болса да ертерек танып ұғынды.

         Абай шығармаларының жазылу мерзімін анықтауға ұмтылған әрекеттің екі дүркін жүргізілгенін көреміз:

         Бірінші кезең 1908 жылы жүргізілді. Мұнда да Мүрсейіт қолжазбасында бар Абай шығармалары түгел қамтылмай, 1909 жылы тұңғыш жинаққа  енген өлеңдерге ғана алғаш рет жыл мерзімдері қойылды.

  1. Екінші кезең 1924-1927 жылдар аралығында жүргізілді. Бұл тұста 1924 жылғы жинақ құрасытырлыған кезде Абаймен бірге өмір сүрген бір топ білікті өнерпаз шәкірттері Көкбай, Шәкәрім, Тұрағұлдармен бірге ақын замандастары, Абай шығармасын арнайы түрде  көшіруші қарттар да  тірі болатын. Міне, осылардың көмегі мен куәлігіне сүйене отырып, Абайдың  тұңғыш толық жинағына енген өлеңдердің  жазылған жыл мерзімдері анықталды. Яғни Абай  мұрасының жылдарын қою екінші  рет 1927 жылы жүргізілді.

         3.1933 жылдан бастап басылып келе жатқан Абай шығармаларының толық жинақтарында 21 өлең ғана бір жыл іргелі, не бір жыл кейінгі  шегіндірілген өзгерістер   байқалады. Тек үш өлеңде ғана мерзім жағынан елеулі  түрдегі алшақтық бар. Мысалы:

  1. “Қанжар” өлеңі 1909- жылғы жинақта –1898, 1933-жылғы  толық  жинақта-1896, 1957 жылғыда – 1896 жыл деп көрсетілген.
  2. “Көлеңке басын ұзартып” өлеңі 1909, 1933- жылғы жинақтарда 1895, ал 1957- жылғыда –1900 жыл деп көрсетілген.
  3. “Жүректе көп  қазына бар бәрі қызық”  өлеңі 1909 жылғыда – 1889, 1933 жылғыда- 1899, 1957 жылғыда-1899 жыл деп көрсетілген. Жазылу мерізмі жағынан  айырмашылығы он жылға созылып тұр.

М. Әуезов және онан бұрын Абай шәкірттерінің  куәлігімен қойылған ақын шығармаларының жазылу жыл мерзімдерін қоюы, негізінен,  бастапқы қалпына  дұрыс келгендігін уақыт  межесі мен советтік  дәуірде қалыптасқан абайтану  саласында жазылған еңбектерде көрсетіп отыр. О баста Абай өлеңдерін жазылу мерзімін Абай творчествосымен тікелей байланыста болған білікті  адамдар қойса, соңыра М. Әуезов Абай шәкірттерінің  куәлігіне сүйене  отырып және ақынның дүниетанымына, ойшылдық пікірі мен ақындық  өнердегі шеберліктің  табиғи өсу, даму, толығу жолдарына қарай қойылды.

М. Әуезов, әсіресе, абайдағы лирикалық  өлеңдерді жазылған жылдары бойынша  хронологиялық ретпен көрсетуге  ерекше мән береді. Сонымен қатар, бір жылда дүниеге келген, молырақ жазылған өлең топтарын  тақырыптық  жағынан жіктей зерттеуге де көңіл бөлгені сезіледі. Осы тұрғыдан қарасақ,  1886 жылы жазылған, ақындық өнер жолына біржолата құлай берілген ақын беталысын аңғартатын өлеңдерді тақырыбы жағынан үш салаға жіктей топтастырып, оларды:  1) “Қанық – сыры- қоғамдық ”, 2) “Ат сыны, жаз, табиғат”, 3) “Жас  буынға” деп жіліктейді. Осы тақырып аясындағы  ақын ой желілері  зерттеушінің ғылыми еңбектеріндегі  талдауларында  да  анық  белгі беріп отыратыны бар.

Міне, Абай шығармаларының тексін  бастапқа асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолында  айрықша терең  ғылыми маңызы  бар ақын өлеңдерінің жазылу мерзімін анықтап,  жылдарын дәл көрсетуде де  М. Әуезов бірегей теңдесі жоқ  еңбек сіңірген  зерттеуші ретінде абайтануға  елеулі  үлес қосып отырғаны ешқандай  талас тудырмайтын шындық.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ