Абай өмірбаяны – абайтанудың іргелі саласы

0

Жоспар:

1.Абайдың тұңғыш биографы

  1. Абай мұрасының 20-30 жылдарда зерттелуі
  2. М.Әуезовтің монографиялық еңбегі

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ.  ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.Қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ ұлы классигі  Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өміраянын толығырақ білу  тілегі мен қажеттілігі  ойшыл ақын қайтыс болған соң-ақ, көп ұзамай қолға алынды.  Жалпы қазақ ақындарының  арасында тұңғыш рет Абайға ғана баспасөзде  арнайы өмірбаяндық деректер беріле де  бастады.

Бұл салада абайдың тұңғыш биографы – Кәкітай Ысқақұлы. Кәкітай ұлы ақынның немере інісі болуы себепті 12 жасынан бастап тікелей Абай тәрбиесінде өсті. Ес біліп  есейген шағынан бастап  Абай өмір сүрген ортаның  сыры мен қырын танып,  ақын өмірінде орын алған елеулі оқиғалардың бәріне де тікелей араласты. Көптеген Абай шығармаларының дүниеге келу   сыры мен жазылу себептерін де өз ортасында  кімнен болса да  анағұрлым жетік білді. Абай өлеңдерінің қай жылы жазылғанын анықтау  жолында да көп еңбек сіңірді.

Кәкітай Ысқақұлы жазған Абайдың тұңғыш қысқа түрдегі  өмірбаяны өз заманында  елеулі қызмет атқарып,  соңыра абайтану тарихынан лайықты орын мен бағасын алды да.

  1. 20-30 жылдардағы абайтану саласында жазылған ірілі-ұсақты еңбектердің дені, негізінен,  ақын шығармаларының әлеуметтік төркіні мен мұрагерлік   жағына көп аялдады. Осымен қатар кейбір  мақалаларда  алғаш рет Абай өмірбаянын  жаңа деректер негізіне сүйеніп, толықтырып қайтадан жазу талабы да көтеріледі.

20-жылдардың басында Абай мұрасын зерттеу саласында талантты  көркем шығармалары мен  әдебиет тарихын зерттеудегі   еңбектерімен үздік таныла бастаған М. О. Әуезовтің араласуы абайтануға үлкен зерттеушінің  келіп қосылғанын бірден аңғартты.  1924 – 1925  жылдар аралығында Семейдегі оқу орындарында  Абай мұрасынан дәріс оқып, “Таң” журналында  ақын шығармаларын жариялап, Абайдың өмірбаяны жайлы  деректер  мен  шығармаларын  толықтыра түсу жолында  тынымсыз әрекет етіп жүрген М.О. Әуезовті көреміз.

М. Әуезов 1922-1923  жылдары Ташкент оқу орындарында  дәріс беріп жүріп те Абай өмірбаяны мен ақын шығармаларын  таныту ісімен айналысады. 1924 жылы Семейде Абайдың қайтыс болуының жиырма жылдығына арналған  әдеби кешті ұйымдастырады. М. Әуезов  жетекшілік еткен осы әдеби кеште ерекше сипат алған нәрсе – ақын замандастарына Абай туралы естелік айттыруға төтенше мән берілді.

Кейін Абай еліне деректер  іздестіру мақсатымен  дүркін-дүркін соғып отырған. Тек баспасөзде жарияланған  деректерге ғана  сүйенгеннің өзінде: 1936 жылы Абай туралы жаңа деректер   жию мақсатымен барса, 1943 жылы арнайы ұйымдастырылған  экспедицияны өзі басқарып барады.  1944 жылы Е. Ысмайылов  бастаған экспедицияны ұйымдастыруға ат салысса,  1945 жылы Абайдың  жүз жылдық юбилейі қарсаңында Семей өңірінен басқа Ақмола, Қарағанды,  Солтүстік Қазақстан  тарапынан да арнайы  экспедиция шығару мәселесін юбилей комиссиясы алдына қояды.

3.Абай өмірбаянын жазып,  тұңғыш толық жинағын даярлаумен қатар М. Әуезовтің   монографиялық еңбегі  автордың көрсетуінше, 1925 жылы Ленинградта аяқталған.

Ленинград универсиетінде оқып жүргенде Абай өмірі мен мұрасын бүкіл Одақ халқына танытып,  насихаттау ісіне  ерекше мән береді.

1922 жылдан бастап М. Әуезов Абай шығармаларының толық жинағын құрастыру, Абай өмірбаянынан деректер жинау, ақын мұрасы жайлы  ғылыми  мақалалар  жазып, Абай өмірі мен творчествосын баспасөз бен дәріс оқу орны  арқылы насихаттау жұмысын қатар жүргізеді.  Осы көп салалы күрделі жұмыстар  арасында, Абайдың ғылыми өмірбаянын  жазуда әуелі қандай  жол ұстанатыны жан-жақты ойластырып, анықтап алады.

М. Әуезов Абайдың бастан кешкен  қайталанбас өмір  жолындағы  ақын санасына өз таңбасын  қалдырған әр түрлі әлеуметтік  ірі оқиғалар тарихымен  тереңірек танысқан сайын, олардың ақын шығармаларындағы  көрінісін  аша түсуге  ерекше ден қояды.

Алғаш, 1933 жылы жарияланған Абай өмірбаянының түпнұсқасында  биограф  ақынның творчестволық өнерпаздық жолының  басталуы мен соңыра бастан кешкен түрлі әлеуметтік оқиғаларға араласқан  өмір жолына байланысты 13 өлеңіне сүйенген.

1940 жылы Абай өмірбаянында және осыған қосымша ретінде берілген деректерінде  жалпы саны 24 өлең  (13 өлең-үзінді, ірі естелік сөз, 11 өлең аты аталған) қамтылған.

1945 жылы жазылған, бірақ әлі күнге дейін  жарияланбаған Абай  өмірбаянының  үшінші нұсқасында  ақын шығармаларын қамту  сан  жағынан да, сапа жағынан да молыға түскен. Аайдың 30 шығармасы қамтылып, аты аталады. М. Әуезов енді Абай ұстанған   гуманистік- ағартушылық, ұстаздық  жолмен айналысқан  кезеңдерінде  пайда болған шығармаларының  өзекті сарынын  да ақын араласқан оқиғалар шындығымен жалғастыра отырып табуға ұмтылады.

Абай өмірбаянының ең соңғы рет қайта жазылған төртінші  нұсқасында (1950 ж.)  ақын өлеңдерін қамту күрт кеміп, 19 өлеңге (16 өлеңнен үзінді алынады, 3 өлеңнің аты беріледі) түсірілген. Себебі ақын өмірбаянына  тән көптеген деректер, немесе кейбір өлеңдердің жазылу  тарихы “Абай жолы” эпопеясы желісінде айтылғандықтан әрі соңғы жазылған  өмірбаянды тағы да тың  редакциядан өткізіп, екшеуге байланысты шегерілгені байқалады.

М. Әуезов биограф ретінде  Абайдың дүниетанымы  мен рухани өсу жолындағы  өзгерістер сырын  туған халқының салт –сана   болмысымен, ақын өмір сүрген тарихи  әлеуметтік орта шындығымен  бірлікте алып қарастырады.  Бұлай ету – Абай өмірбаянын жазу үстінде ұстанған жетістіктердің бірінен саналмақ.

Биограф Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасын  жазғанда оның арғы   ата – бабалары Ырғызбай,  Өскенбай, Құнанбай жайлы ел әңгімелері мен  деректерді  мол қамтыса,  соңыра олар жөніндегі  деректерді барынша  ықшамдап Құнанбай мен оның заманына   көбірек аялдайды. Өйткені Құнанбайды білмейінше, оның дәуірі мен өмірін тереңірек танымайынша, Абайды білу  қиын болмақ деп қарайды.

Биограф Абайдың  дүниетанымындағы  өзгерістер мен  өзіндік өмірлік  күрес жолын таңдап алуына әсер еткен  тарихи себептердің  көзін табуға  айрықша мән бере  қарады.

М. Әуезов  Абай жолының тарихи —  әлеуметтік  тамырларын да ақын өмір сүрген  кездегі қазақ елінің өмірінен,  қоғамдық болмысынан тауып  отырады.

М. Әуезовте басқа зерттеушілерге қарағанда  Абай өмірбаянын жазуда  1924 жылдан бастап шындап қолға алған  кезге  дейін – ақ   ақын өмірі жайлы тобықты ішіндегі арғы-бергі  ел әңгімелері мен ірілі-ұсақты болып өткен оқиғалардан, ата-баба шежіресінен хабардар, олардың шет жағасын өзі де көріп, біліп, жастай санаға сіңіп өскен  артықшылықтар болатын-ды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ