Абайтану пәніне кіріспе

0

Жоспар:

  1. Абай шығармаларының зерттелуі
  2. Ұлы ақын мұрасын танып бағалауда әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі
  3. Абайтану саласының проблемалары

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ.  ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.Қазіргі таңда қазақ әдебиеті әлемдік көркем ойға  олжа салған  озат әдеиеттер қатарына қосылып та үлгерді. Оған үдере даму жолына түскен  қазіргі күндегі абайтану, жамбылтану, сәкентану, мұхтартану сияқты т.б. салалары-  халқымыздың аз уақыт ішінде  рухани  дамуның қаншалықты терең сапа  танытарлық айғақты  дәлеліндей көрініс.

Міне осындай  мақтанышты рухани мұрамызға айналған абай шығармалары  советтік дәуірде ғана жан-жақты  зертеліп,  қазақ әдебиетінің  бұл күнде “абайтану” деп аталатын қуатты саласы қалыптасты.Абайтанудың негізін  салған әрі  ол мұраны ғылыми тұрғыдан  меңгеруде тарихи еңбек атқарған академик Мұхтар Әуезов болатын. Ұлы жазушы артына ұлан асыр көркем  туындыларын, әсіресе, “Абай жолы” эпопеясы мен Абай шығармалары жайлы  ұзақ жылдар бойы  ізденуден   туған зерттеу  еңбектерін қалдырды.

Мұхтар Әуезов мұрасы, әсіресе,  оның ұлы ақын шығармалары туралы ғылыми  ізденістері мен тұғыры биік туындысы   “Абай жолы” эпопеясы  —  қазақ елінің өткен дәуірі мен  бүгінгі  өмірінің  рухани көпіріне, яғни дәстүрлер жалғастығына айналып отыр. Абай шығармаларының сырын, мән-мағынасын енді Әуезовтің зертеуллері мен ұлы туындысы  “Абай жолы” эпопеясы    арқылы танып білетін ғажайып түрдегі рухани құралға ие болып отырмыз.

2.Ұлы жазушы мұрасын танып бағалауда туған халқымыздың  әдебиетші ғалымдарының қосқан  үлесі  де айтарлықтай. Жазушы творчествосы  жөнінде сын пікірлер толығып, зерттеу процесін аға буын өкілдері С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов,   М. Қаратаев, Ә.Тәжібаев, Б.Кенжеаевтар бастап берді.

Аға буын өкілдері  салған  ұлы дәстүрді соңыра  Е. Ысмайлов, М.Ғадуллин, М. Фетисов, Т. Нұртазин,  Қ. Жармағамбетов, З. Кедрина, Е.Лизунова, Ы. Дүйсенбаев, А. Нұрқатов, З. Ахметов, Р. Бердібаев, Х.Сүйіншәлев, З. Қабдолов, М. Сильченко, Н. Смирнова, Б. Құндақбаев, Л.Әуезова, Х.  Әдібаев, Ә. Байтанаев, Р. Нұрғалиев, Б.  Сахариев, Ә.Молдаханов, Қ. Тасболатов, Ө. Тыныбаева, С. Мұқашева т.б.  жалғастыруда. Осы тұста М. Әуезов мұрасының   әр түрлі саласынан  монографиялық еңбектер жазылып, кандидаттық, докторлық диссертациялар да қорғалып жатты.

1961 жылы 10 август Қазақ ССР Минстрлер Советінің қаулысы бойынша М. О. Әуезовтің әдеби –мемориалды музейінің  ұйымдастырылуы – жазушы мұрасының  жиналып, бастырылуына жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын жүргізу ісіне  елеулі қызмет атқарды.

Мұхтар Әуезов  — ұлыларға тән көп  қырлы дарын иесі.

Әрбір  талантты қалам иесінің  творчестволық  өмірінде ғұмыр бойы  құлай беріліп, ұзақ ізденістен туатын жан  сыры ретінде жазылатын шығармалары болмақ. М. Әуезовтің де осындай  көп жылғы  ізденіп зерттеуінен туған  бас  шығармасы “Абай жолы” эпопеясы. Бірақ осы ұлы туындының  жазылу тарихы мен  дүниеге келу жолындағы сүйенер негізі, рухани қайнар көздері  — Абайдың өмірі мен шығармаларына  осы ақынның өмір сүрген  дәуірі жөнінде ізденген,  сарыла зерттеген еңбектеріне келіп  тіреледі.  “Абай жолын” жазу үстінде М. Әуезов әрі ғалым, әрі жазушы ретінде екі салада қатар ізденді. Осындай жалықпай ізденудің нәтижесінде абайтану саласында ғылыми  өз тұжырымдары  мен ұлы ақын туралы  көркем туындыларын  дүниеге әкелді.

  1. Мұхтар Әуезов Абай  шығармалары туралы  ұзақ  жылдарға  созылған  ғылыми -зерттеу  жұмыстарын, әсіресе,  ұлы ақын жайында  жазылған көркем  туындыларын жазу үстінде  ізденістерін негізінен  сегіз түрлі күрделі де  кең тынысты проблемалар  тұрғысынан жүргізіп отырған. Бұларды  ғалымның өз жүйелеуі бойынша бас-басына атап өтер болсақ, олар мына мәселелерді қамтиды:

1) Абайдың ғылыми өмірбаяны;

2) Абай мұрасының деректік көздері (источниковедения)  мен ақын шығармаларының  текстологиясы;

3)Абай реализмі мен халықтығы;

4)Абай шығармаларының орыс (Европа) әдебиетімен байланысы;

5) Абай мұрасының Шығысқа қатысы;

6) Абайдың әдеби ортасы;

7) ХХ ғасыр басындағы демократтық  бағыттағы қазақ әдебиетіндегі  Абай дәстүрі;

8) Қазақ совет  әдебиетіндегі Абай дәстүрі.

Бұл тақырыптардың бәрі де  Абайдың дүниетанымы мен ақындық мәдениетіндегі  іштей түлеп өсудің  эволюциялық даму жолын танытуға  бірден-бір ғылыми тірек  болған хронологиялық жүйені басшылыққа алып отыр. Бұл жағдай тек абайтану  саласындағы зерттеулермен  шектелмей, жазушының ұлы туындысы болған “Абай жолы” эпопеясын да қоса қамтиды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ