«Абай жолы» эпопеясындағы абайдың ақын шәкірттері (2-кітап бойынша ).

0

Сабақтың жоспары:

  1. Абай-ақын.
  2. Абай-ұстаз.
  3. Әке мен бала, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас.

М. Әуезов  айтып отырған Абай  творчествосының рухы, оның әсер етушілік қуаты әсіресе оның ақын  шәкірттеріне  қатысты ой толғамдары „Абай жолы” эпопеясында  айқын көрінеді. Абайдың ақын, творчество адамы ретінде   бейнесі жеке-дара емес, ақын шәкірттерімен тығыз байланыста, олармен қоян-қолтық қарым-қатынаста берілген.Абайдың ақындығы аз суреттелген деп пікір айтушылар бұл мәселені ескермеген. Алдымен, жазушының  „Абай жолы” романында Абайдың  айналасына көптеген ақын  шәкірттерін  топтастырған, әдебиет мектебі болған ұстаз ақын екендігін қаншалықты дәрежеде  көрсете алғандығын  сөз етелік. Кез-келген үйретуші ұстаз өз ісінің  шебері болуы үшін ең алдымен, білімдар, екіншіден, адамшылық қасиеті зор, үшіншіден, шәкірт жүрегіне жол таба алатындай жан  болуы керек. Бірақ бұл қасиеттердің бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Оған қоса Абай жастарға сөз өнерінің құдіретін ұғындырушы, ақындық өнерге баулушы  ұстаз  ақын еді. Романның алғашқы эпизодында-ақ Абайдың ұстаз ақынға тән сипаттары байқалып қалады. Ең әуелі, ол өнерлі жастардың қоршауында көрінеді. Үйренсем, білсем деген талапты жастарға ұстаздары Абайдан өткен білімдар, одан өткен ақын, одан өткен әділ қазы жоқ. Бұл Абайдың атақ-даңқына көзсіз табынған соқыр сенімнің жетегінде кету емес, жастардың әлденеше рет көздері жеткен шындық. Мысалы, „шоң” сөзінің түп төркінін түсіндіру  тұсында Абай асқан білімдарлық танытады. Ол сөзге қатысты  екінің бірі біле бермейтін жайттардан шәкірттерін хабардар етеді. Бұл –бір. Екіншіден, үш ақын айтқан төрттік шумақтың өлеңдік қасиетінің қаншалықты  екенін тап басып көрсету арқылы  шәкірттерінің ақындық шеберлігін ұштай түседі.

            Әңгіме орайына қарай жол-жөнекей ат үстінде айтылған Абайдың зілсіз сөздерінің өзінде ойлы жас үшін үлкен мағына, астар бар. Ол әзілдеген болып тұрып-ақ өнерлі, талапты жастарды менмендіктен, мақтаншақтықтан сақтандырады. Абайдың ұғымынша, шынайы  өнер еш  уақытта олармен қоңсы қона алмайды. Жас ақындардың төрттік өлең жарысына Абай төрелік айтады. Кейін  Еңлік пен Кебек моласы  басындағы  әңгімеге байланысты  оқиға  баян етіледі. Бұл оқиға романнан басқа кинодрамада ғана кездескен еді. Романда зират басындағы Абай сөзі тереңдетіле  түскен.

            Шығарма негізінде тек шындық жатсын. Сонда ғана ол өміршең болады. Бұл-Абайдың  да, оны жазып отырған Әуезовтің де өнердегі өмірлік кредосы. Еңлік пен Кебек  басындағы трагедияға байланысты  шындық әр жанрдың ерекшеліктеріне қарай берілуі заңды. Трагедия , либретто, сценарийлерде ол шындықтың беті Айдар мен Ажар дауының  үстінде ашылса, романда ол Еңлік пен Кебек зиратының басында  айтылады. Шындық та біреу, айтушы да біреу. Айтушы Абай болғанда, ол шындық Еңлік пен Кебектің жендеті- бүкіл тобықты  аруағына  сыйынып келген Кеңгірбай.

            Абай осы талап тұрғысынан шәкірттеріне Еңлік пен Кебекті  жыр етуді тапсырды. Бағыт айқын, бағдар біреу.Ол- „Еңлік-Кебек” оқиғасын өмір шындығына сай жырлап беру. Ұстаз талабы  қатал әрі  әділ. Жазушы  суреттеуіндегі Абай  халық басынан өткен тарихи оқиғаларды жай ғана біліп қоймайды, сол оқиғаларға өзінің  көзқарасын, позициясын батыл әрі айқын танытып отырады. Осы айқындық пен батылдықты ол   шәкірттерінен де талап етеді. Ұстаз қойған міндеттің зорлығына қарамастан, Еңлік пен Кебекті дастан етіп жазуға екі шәкірт бірден тілек білдіреді. Дәрмен мен Шұбар арасында үлкен талас туып   кетеді. Оқиға  бұдан ары кинодрамадағыдай дамиды. Абай осы эпизодта талапшыл  принципінен айнымайтын жан ретінде көрінеді. Ол Шұбар мен Дәрменге нағыз ақындықтың қатал шартын қояды. Мұның қасында Көкбай   ұсынған қаршығалар таласы ақындыққа, өлең-жырға қатысы жоқ нәрседей ғана. Жарыс болған соң біреу жеңеді, біреу  жеңіледі.  Біреу үшін сәттілік, екінші біреу үшін сәтсіздік. Шұбар Дәрмен  орындаған екі  шарттың екеуін де орындай алмай қалады. Ұстаз ақынның талап үдесінен шыққан шәкірті Дәрменге ризашылығы да табиғи берілген. Шәкірт жеңісі ұстазын өлшеусіз қуанышқа бөлейді. Жазушы Абайдың ұстаз ақын ретіндегі жан жомарттығын, адамдық қасиетін айқындай түсетін эпизодтарды сәтті таңдап ала білген.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ.  ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû  ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

9.°êiìîâ Ò. Äàíàëûº ì¸éåãi. À., “Àíà òiëi”, 1995

10.Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi»  àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí  ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

11.Áåðäiáàåâ Ð. ²àçຠòàðèõè ðîìàíû. À.,”±ûëûì”1997

12.̽õàìåòõàíîâ ². Àáàé ò¼»iðåãiíäåãi àºûíäàð. Ô.¹.ê. ¹ûëûìè ä¸ðåæå àëó ¾øií içäåíiï æàçûë¹àí äèñåðòàöèÿ. À.,1959

13.Òîºòàðîâ Ð. Àáàéäû» æ½ìáà¹û. À.,1999

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ