Ақылбай – Абайдың көрнекті ақын шәкірті, тұңғыш ұлы.

0

Сабақтың жоспары:

  1. Ақылбайдың шығармашылық өмірбаяны.
  2. «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңінің мәні.
  3. Ақылбай дастандарының идеялық-тақырыптық мазмұны.

 

М, Әуезов өзінің «Абай(Ибраһиим) Құнанбайұлы» атты монографиясының көлемді тарауын  Абайдың көрнекті шәкірті, тұңғыш ұлы Ақылбай шығармаларына арнайды. Зерттеуші Ақылбай шығармаларын талдамас бұрын оның өмірі туралы қысқаша деректер келтірген.

Ақылбай Абайдың 16 жасында дүниеге келген алғашқы әйелі Ділдәдан туған тұңғыш баласы екендігін, балалық және жастық шағын үлкен әкесі Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі Нұрғанымның қолында өткізгендігін, сондықтан оның Абайға көбінше іні есебінде қарап өскендігін айтады. Жас кезі Абайдай әкеден аулақта өткендіктен, Ақылбайдың орысша оқи алмай қалғандығын, оның оқу-білімі, ауылда оқыған мұсылманша оқудың орта дәрежесі екендігін зерттеуші ескертіп өтеді. Ақылбайдың өмірі туралы М. Әуезовтің зерттеу еңбектерін негізге ала отырып, Қ. Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері туралы зерттеулерінде оның өмірбаяндық деректеріне кеңірек тоқталған. Оның айтуынша, Құнанбай Ақылбайды үйлендіріп, енші бөліп береді де, бір ауыл етіп қояды. Жас кездегі біраз жылын ол сауық-сайранмен өткізеді, Құнанбайдың атағына нағашылварының аруағына масаттанып, сондай мазмұндас өлеңдер шығарып, Ақылбай Абай маңына жуыңқырамай сирек қатынап жүреді. Ол ақ көңіл, бір іске беріліп кетсе, асқан қабілет те таныта алған. Ақылбайдың аңқаулығын дұшпандары пайдаланып, әке мен бала арасына от жағып, екеуін ажыратып жіберген кездері де болған.  Абай  оның әдеттеріне, мінездеріне кейіп, «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлеңін шығарады.

Абай өлеңінде:

Ата – анаға көз қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой — өлкесі.

Еркелік кетті,

Ер жетті,

Не бітті?

Тәңірі сорлы етсе бенде,

Не бітірер құр жылап.

Жігері жоқ ақылы кенде,

Жамбасыңнан жат сұлап!

Бір жаман мен бе?

Дедің бе,

Көңіліңде? – деп, жігіт ағасы болып қалған Ақылбайға үлкен ой салады. Ақылбайға Абайдың ақындығын, ақылшы ұстаз екендігін танытып, оның тәрбиесіне ауысуына себеп болған.

Бұл Абайдың үлкен білімдар, атақты болған кезі еді. М. Әуезов Ақылбайдың осы кезде Абайдың ақындығына тәнті болып, оның үлгі — өнегесінің, қасиетінің ықпалымен өз бойындағы ақындық қуатын жарыққа шығара бастағандығын айтады.

Ақылбай алғашқыда ақындығын қысқа өлеңдер шығарумен байқатып жүрсе, кейін бірнеше үлкен поэма жазды. Ақылбай Абайдың ортасына араласқан соң ән-күй, музыка өнеріне ден қояды. Ол шебер домбырашы әрі скрипкашы болған. Сонымен қатар, Ақылбайдың өз жанынан ән шығаратын компазиторлық  таланты да бар еді.

М. Әуезов өзінің аталмыш монографиясында Ақылбайдың жазып шығарған үш поэмасы бар екендігін айтып, оның алғашқысы «Жаррахтың» мүлде жоғалып кеткендігін, «Зұлыстың» бас жағы ғана сақталғанын, аман-есен жеткені жалғыз «Дағыстан» поэмасы екендігін көрсетеді. Зерттеуші Ақылбайдың поэмаларын өмірінің соңғы кезеңінде шығарғандығын, ақындық талантын ірі үлгілер мен кесек еңбектер тудырып таныта бастаған шағында, ақындық өнерінің жаңа өрлеп келе жатқан кезінде, әкесі Абайдан кейін 40 күн ғана өмір сүріп қаза болғанын өкінішпен жазады. Бұдан кейін «Дағыстан» поэмасына тоқталып, оған жан-жақты талдау берген. Әуелі поэманың тақырыптық өзгешелігі, сюжеттік желісі туралы сөз болады.М. Әуезов: «Ақылбай осы шығармада қазақ ақыны бола тұрып, тақырыпты қазақ тіршілігінен ұзап барып, өзге ел тұрмысынан алып жазады. Абайдың антик дәуірінен Ескендір, араб ескілігінен Масғұт тақырыбын алып, ұлттық шеңберден кеңірек өріс іздеген дәстүрін танытады… Бұл поэма Кавказдағы Дағыстанда болған бір тартыс әрекетті баян етеді,» — дейді де, онан кейін шығарма сюжетін қысқаша мазмұндай отырып, поэмаға талдау жасайды.

Поэмада кең орын алатын табиғат суреті Абай аударған Лермонтовтың «Теректің сыйы» деген өлеңін  еске түсіретінін  зерттеуші орынды атап өтеді. Кавказда атып келе жатқан таң көрінісі, жайқалып, мың құлпырған гүл-бәйшешек, сұлулыққа тамсанып сайраған  бұлбұл үні – бәрі де ерекше бояулармен көз алдыңнан өткендей болады.

Сол әсем табиғат аясында өмір кешіп жатқан тау халқының, Дағыстан елінің әдет-ғұрпы, мінезі сипатталады, қазақтан өзгеше жұрт екендігі айтылады. Ақылбай суреттеуінде таулықтар кекшіл, ашушаң, қатал ерлігі бар, суық мінезді, қанжар жұмсағыш, қанға қан деген серттің адамдары болып сипатталады.

М. Әуезов поэма оқиғасының қызғылықты баяндалатынын жоғары бағалады. «Сюжет құрылысындағы Ақылбайдың бұл поэмасы анық орыс классик поэзиясындағы қызықты оқиға туғызу дәстүрін шебер түрде жалғастырған,» — деп атап өтеді.

М. Әуезовтің зерттеу еңбектерінің нәтижесінде Ақылбай бүгінгі ұрпаққа Абайдың ақындық мектебінен тәлім-тәрбие алған талантты ақын шәкірттерінің бірі ретінде танылып отыр. Ақылбай «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары арқылы қазақ әдебиетінде тіпті ұлы ақын, ұстаз ақын Абайдың өзі жазбаған үлгідегі шығармалар тудырды.

Егер Абай туған топырағындағы және әлемдік мәдениеттегі  реалистік әдебиеттің ұлы дәстүрлерін өзіне үлгі етіп алса, оның ақын шәкірттері сол ұстаз ақынның нұсқауымен батыстың романтикалық стиліне көбірек назар аударған.

Ақылбай поэмалары мазмұны жағынан да, түр жағынан да сюжеттік композициялық құрылысы тұрғысынан да батыстың классикалық  поэзиясы үлгілерінен кем түспейді. Олай дейтініміз, М. Әуезовтің өзі айтқандай, Ақылбайдың суреткерлігінде батыстың классик ақындары тәрізді ең әуелі кеңдік, үйлесімділік, дәлдік нақтылық бар.

Екіншіден, Ақылбай сюжет құруға шебер ақын. Ол батыс әдебиетіндегі қызықты оқиға туғызу дәстүрін жетік меңгерген. Өз шығармаларында фантастикалық және жартылай ертегілік элементтерді тиімді пайдалана алған.

 

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

 

1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ.  ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû  ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,

“Ñàíàò”,1977

9.Ì.°óåçîâ òà¹ëûìû. °äåáè ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð.

(²½ð.ͽð¹àëèåâ Ð) À., “Æàçóøû”1987

10.Áåðäiáàåâ Ð. ²àçຠòàðèõè ðîìàíû. À.,”±ûëûì”1997

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ