Абайдың ақын шәкірттері М. Әуезов еңбектерінде.

0

Сабақтың жоспары:

  1. Ұлы жазушы мұрасын танып, бағалауда әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі.
  2. Абайтану проблемалары.
  3. Абайдың ақандық мектебі туралы.

Адамзаттың көркемдік дамуы тарихында әлем таныған классиктер санатындағы ұлы суреткер болуымен қатар Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақ әдебиетінің тарихы, Абай мұрасы, халық ауыз әдебиеті жайлы ұлан-ғайыр еңбектер жазған бірегей зерттеуші, ғұлама ғалым да болды. Оның өмірі мен шығармашылығы аз зерттелген жоқ. Болашақ үлкен қаламгердің тырнақалды шығармалары 1917 жылы жазылып, жарияланып жұртқа белгілі бола бастаса, ол жайлы алғашқы мақалалар да сол 1917 жылдан бері жарық көре бастады. Белгілі мұхтартанушы ғалым К. Сыздықов М. Әуезов жайлы «мақала еңбектердің жалпы ұзын саны екі-үш мыңдай, оның ішінде арнайы кітап болып жазылған сын-зерттеу, деректі көркем шығармалар жиырма-отыздзай бар» — деп көрсетеді.

Солай бола тұра М. Әуезов шығармашылығының беймәлім тұстары да жоқ емес. Солардың бірі – Абайдың ақындық мектебі туралы проблема. Ұлы Абай жайлы романдарын жазу үстінде әрі әдебиеттану ғылымындағы абайтану саласын негіздеп қалыптастыруда М. Әуезов әрі жазушы, әрі зерттеуші ретінде талмай ізденіп қыруар еңбек етті. Әдебжиет тарихында бір тақырыпты бұлай ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеу әрі ол тақырыпқа теңдесі жоқ көркем туынды арнау өте сирек кездесетін ғажайып құбылыс.

М. Әуезов осы тақырып төңірегіндегі ұзақ жылдар бойы үздік – создық жүргізген зерттеулерінің негізінде ғылымда Абайдың ақындық мектебі туралы концепцияны ең алғаш болып ұсынды. 50-жылдардың басында сталиндік режимге арқа сүйеген тұрпайы социологиялық таным иелері оны жоққа шығарып, әдебиетке, ғылымға өрескел қиянат жасады. Бұл тұжырымды негіздеген М. Әуезов пен оның шәкірті Қ. Мұхамедхановты айыптап, қуғын-сүргінге салды.

Жазушының Абай мектебі, ақын шәкірттері  жайлы ойлары мол көрініс тапқан көркем шығармасы «Ақын аға» романы да зерттеушінің жоғарыдағы мәселе туралы ғылыми еңбектерінің кебін киді. Роман социалистік реализм, әдебиеттің партиялылығы, таптығы принциптері тұрғысынан бір жақты сыналып, іске алғысыз дүние ретінде бағаланды. Оған әдебиеттану ғылымының нысанасы, көркем туынды ретінде теориялық жағынан терең талдау берілмеді. Әуезов романның сыналған тұстарын өзгертіп, жаңа нұсқасын жазып шығуға мәжбүр болды.

«Абай жолы» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқы өмірінің айнасы, XX ғасырдағы әлем әдебиетіндегі ең үздік шығармалардың бірі, мәңгілік мұра, ғасырлық туынды деп танылды.

Мұхтартанушылардың дені өздерінің зерттеу нысанасы етіп оның «Абай жолы» дәуірнамасын алды. Үшінші кітаптың алғашқы нұсқасы «Ақын аға» романы М. Әуезов шығармашылығындағы үлкен бір олқылық ретінде еске алынбады. Өйткені бұл «… бұқаралық ақпарат құралдары қатаң бақылауға алынған, кейбір проблемаларды жазуға тыйым салынған, сынауға болмайтын аймақта пайда болған» адамның жеке басына табынудан кейінгі әлі де «айтқызбасың айтқызбайтын» тоқырау жылдары болатын.

Халық тарихы қайта таразыланып жатқан дәл қазіргі кезеңде өткендегі әдеби мұрамызға көзқарастар жаңғыра бастады. М. Әуезовтың «Ақын аға» романы да, 1929 жылы жазылған «Хан Кене» трагедиясы да, 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» атты зерттеу еңбегі де жаңа көзқарас тұрғысынан әділ бағасын алуы тиіс. Жарық көрісімен солақай сынның қысымына ұшырап, тыйым салынған есебінде болғандықтан, кезінде бұл шығармаларды оқыған бар, оқымаған бар. Арада ол шығармалардан мүлде бейхабар жаңа ұрпақ өсіп жетілетіндей уақыт өтті.

            Ұлы жазушы мұрасын танып бағалауда әсіресе әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі айтарлықтай. Оның көш басында алдыңғы буын өкілдері С. Сейфуллин, І. Жансүгіров сынды қаламдас ағалары, Ғ.Мүсірепов, М. Қаратаев, Б. Кенжебаев, Ә. Тәжібаев сынды замандас інілері тұрды. Олардың бұл дәстүрлерін кейінірек Е. Ысмайлов, М. Фетисов, Т. Нұртазин, Қ. Жармағамбетов, З. Кедрина, Е. Лизунова, А. Нұрқатов, З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Р. Бердібаев, Б. Құндақбаев, Л. Әуезова, Х. Әдібаев, Ә. Байтанаев, Р. Нұрғалиев, М. Мырзахметов, К. Сыздықов, Б. Майтанов, Т. Әкімов, Т. Жұртбаев т.б. зерттеушілер жалғастырып келеді. Осы орайда М. Әуезов мұрасының әр түрлі саласынан монографиялық еңбектер жазылып, арнайы жинақтар құрастырылып, кандидаттық, докторлық диссертациялардың қорғалып жатқандығын да айтуымыз керек. Алайда мұхтартанушылар тарапынан Әуезовтің ғылыми зерттеушілік қызметі көркем творчествосына қарағанда аз қарастырылды.

            Бұл саладағы қомақты зерттьеулер М. Мырзахметовтың “Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары”, К. Сыздықовтың “Мұхтартанудың беймәлім беттері” атты монографиялық туындылары. Ғалымдардың бұл зерттеулерінде Әуезовтің абайтанудың негізін қалаудағы, әдебиет тарихын жасаудағы, әдебиет сыны мен көркем аудаврма саласындағы еңбектері кеңінен сөз болады.

            Студенттерге ұсынылып отырған бұл арнайы курста М. Әуезов шығармашылығының кейбір ақтаңдақ сәттері айқындалады. Қаламгердің Абайдың ақындық мектебі туралы ғылыми пікірлерінің 50-жылдардың басында ғылымға қарсы, буржуазиялық объективтік концепция, өрескел саяси қате деп бағалағандығының сыры ашылады.

            Абай айналасында талантты ақын шәкірттерінің болғандығы, бұл концепцияны Әуезовтың ұзақ жылдар бойы зерттеп, ғылыми тұрғыдан тұжырымдап бергендігі дәлелденеді.

            Ұлы ақын өмірінің ақырғы жылдарын, оның есейген шағындағы і згілік пен әділет үшін күресін көрсетуді мақсат еткен “Абай” трагедиясында, осы аттас операның либреттосында, кинодрама, әдеби сценарийлерде М. Әуезовтің Абайдың ұстаз ақын ретіндегі ақын шәкірттерімен қарым-қатынасын көрсетуге көңіл бөлгендігі, шәкірттер тағдырын көрсетуді мақсат еткендігі айқындалады.

            М. Әуезовтің Абай мектебі мен ақын шәкірттер жайлы ой тұжырымдары мол көрініс тапқан романның үшінші кітабының екі нұсқасы салыстырылып талданады.

 Кемеңгер жазушы, бірегей зерттеуші М. Әуезовтің Абайдың ақындық мектебі туралы ғылыми концепциясы оның көркем шығармаларындағы  көрінісімен тұтастырыла зерттеліп, тың қырынан қарастырылады.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

  1. Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
  2. Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
  3. ².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
  4. Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
  5. Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
  6. Áåðäiáàé Ð. ̽õòàð øû»û. À., “±ûëûì”1997

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ