«Абай жолы» романындағы Абай шәкірттері (2-кітабы бойынша)

0

.  Сабақтың жоспары:

  1. «Абай жолы» романының 2-кітабында көтерілген мәселелер.
  2. Романның оқиғалық желісі.
  3. Абай және оның айналасындағы өнерлі жастар.
  4. Абайдың әдеби ортасы.
  1. Теориялық мәліметтер

М. Әуезов  айтып отырған Абай  творчествосының рухы, оның әсер етушілік қуаты әсіресе оның ақын  шәкірттеріне  қатысты ой толғамдары „Абай жолы” эпопеясында  айқын көрінеді. Абайдың ақын, творчество адамы ретінде   бейнесі жеке-дара емес, ақын шәкірттерімен тығыз байланыста, олармен қоян-қолтық қарым-қатынаста берілген.Абайдың ақындығы аз суреттелген деп пікір айтушылар бұл мәселені ескермеген. Алдымен, жазушының  „Абай жолы” романында Абайдың  айналасына көптеген ақын  шәкірттерін  топтастырған, әдебиет мектебі болған ұстаз ақын екендігін қаншалықты дәрежеде  көрсете алғандығын  сөз етелік. Кез-келген үйретуші ұстаз өз ісінің  шебері болуы үшін ең алдымен, білімдар, екіншіден, адамшылық қасиеті зор, үшіншіден, шәкірт жүрегіне жол таба алатындай жан  болуы керек. Бірақ бұл қасиеттердің бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Оған қоса Абай жастарға сөз өнерінің құдіретін ұғындырушы, ақындық өнерге баулушы  ұстаз  ақын еді. Романның алғашқы эпизодында-ақ Абайдың ұстаз ақынға тән сипаттары байқалып қалады. Ең әуелі, ол өнерлі жастардың қоршауында көрінеді. Үйренсем, білсем деген талапты жастарға ұстаздары Абайдан өткен білімдар, одан өткен ақын, одан өткен әділ қазы жоқ. Бұл Абайдың атақ-даңқына көзсіз табынған соқыр сенімнің жетегінде кету емес, жастардың әлденеше рет көздері жеткен шындық. Мысалы, „шоң” сөзінің түп төркінін түсіндіру  тұсында Абай асқан білімдарлық танытады. Ол сөзге қатысты  екінің бірі біле бермейтін жайттардан шәкірттерін хабардар етеді. Бұл –бір. Екіншіден, үш ақын айтқан төрттік шумақтың өлеңдік қасиетінің қаншалықты  екенін тап басып көрсету арқылы  шәкірттерінің ақындық шеберлігін ұштай түседі.

            Әңгіме орайына қарай жол-жөнекей ат үстінде айтылған Абайдың зілсіз сөздерінің өзінде ойлы жас үшін үлкен мағына, астар бар. Ол әзілдеген болып тұрып-ақ өнерлі, талапты жастарды менмендіктен, мақтаншақтықтан сақтандырады. Абайдың ұғымынша, шынайы  өнер еш  уақытта олармен қоңсы қона алмайды. Жас ақындардың төрттік өлең жарысына Абай төрелік айтады. Кейін  Еңлік пен Кебек моласы  басындағы  әңгімеге байланысты  оқиға  баян етіледі. Бұл оқиға романнан басқа кинодрамада ғана кездескен еді. Романда зират басындағы Абай сөзі тереңдетіле  түскен.

            Шығарма негізінде тек шындық жатсын. Сонда ғана ол өміршең болады. Бұл-Абайдың  да, оны жазып отырған Әуезовтің де өнердегі өмірлік кредосы. Еңлік пен Кебек  басындағы трагедияға байланысты  шындық әр жанрдың ерекшеліктеріне қарай берілуі заңды. Трагедия , либретто, сценарийлерде ол шындықтың беті Айдар мен Ажар дауының  үстінде ашылса, романда ол Еңлік пен Кебек зиратының басында  айтылады. Шындық та біреу, айтушы да біреу. Айтушы Абай болғанда, ол шындық Еңлік пен Кебектің жендеті- бүкіл тобықты  аруағына  сыйынып келген Кеңгірбай.

            Абай осы талап тұрғысынан шәкірттеріне Еңлік пен Кебекті  жыр етуді тапсырды. Бағыт айқын, бағдар біреу.Ол- „Еңлік-Кебек” оқиғасын өмір шындығына сай жырлап беру. Ұстаз талабы  қатал әрі  әділ. Жазушы  суреттеуіндегі Абай  халық басынан өткен тарихи оқиғаларды жай ғана біліп қоймайды, сол оқиғаларға өзінің  көзқарасын, позициясын батыл әрі айқын танытып отырады. Осы айқындық пен батылдықты ол   шәкірттерінен де талап етеді. Ұстаз қойған міндеттің зорлығына қарамастан, Еңлік пен Кебекті дастан етіп жазуға екі шәкірт бірден тілек білдіреді. Дәрмен мен Шұбар арасында үлкен талас туып   кетеді. Оқиға  бұдан ары кинодрамадағыдай дамиды. Абай осы эпизодта талапшыл  принципінен айнымайтын жан ретінде көрінеді. Ол Шұбар мен Дәрменге нағыз ақындықтың қатал шартын қояды. Мұның қасында Көкбай   ұсынған қаршығалар таласы ақындыққа, өлең-жырға қатысы жоқ нәрседей ғана. Жарыс болған соң біреу жеңеді, біреу  жеңіледі.  Біреу үшін сәттілік, екінші біреу үшін сәтсіздік. Шұбар Дәрмен  орындаған екі  шарттың екеуін де орындай алмай қалады. Ұстаз ақынның талап үдесінен шыққан шәкірті Дәрменге ризашылығы да табиғи берілген. Шәкірт жеңісі ұстазын өлшеусіз қуанышқа бөлейді. Жазушы Абайдың ұстаз ақын ретіндегі жан жомарттығын, адамдық қасиетін айқындай түсетін эпизодтарды сәтті таңдап ала білген.

            ” Абай жолы эпопеясының 2-кітабына сюжеттік талдау үлгісі.

  1. Тайғақта.тарауындағы басты оқиғалар:
  • Құнанбайдың Меккеге аттануы;
  • Дәрменді ертіп келіп, Дәркембайдың бала қарызын талап етуі;
  • Абайдың Дәркембайды арашалауы, т.с.с.

  1. Бақылау сұрақтары:

  1. «Абай жолы» романындағы көтерілген күрделі проблемалар.
  2. Романның 2-кітабындағы оқиға желісі.
  3. Абай және Абайдың айналасындағы өнерлі жастар.
  4. Абайдың ақындық жолының қалыптасу сатысы.
  5. Абайдың ұстаз ретінде қалыптасуы.
  6. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас.

  1. Студенттің үй тапсырмасы

  1. «Абай жолы» романының 2-кітабындағы әр тарауға сюжеттік талдау жасау:
  • «Тайғақта»;
  • «Жайлауда»;
  • «Еністе»;
  • «Оқапта»;
  • «Асуда»;
  • «Биікте».

  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. М.Әезовтің ұлы ақын жайлы жазылған «Абай жолы» эпопеясының 2-кітабына анализ жасау. Ондағы Абайдың азаматтық, ақындық жолының қалыптасу сатыларын көрсету. Абайдың ақын-шәкірттері туралы жазылған зерттеу еңбектерімен және Абайдың өз шығармаларындағы ақын бейнесімен

                — салыстыру.

  1. СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған

                — баяндама;

                — реферат;

                — тестілік сауалнама.

 

7.Әдебиеттер тізімі

  1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А., 1995
  2. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын-шәкірттері – А., 1991
  3. Бекмырзақызы С. Мұхтартануға кіріспе – Ш.,2000
  4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі – А., 1995
  5. Абай Құнанбайұлы. Шығ. Екі томдық толық жинағы. А., «Жазушы» , 1995
  6. Абай. Энциклопедия. А., «Ата мұра» , 1995
  7. Айтматов Ш. Ұстаз туралы сөз. -А., «Ғылым», 1997
  8. ӘуезовМ. Абай мектебінің ақындары. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -А., «Ғылым» 1998
  9. Қабдол З. Әуезов. -А., «Санат», 1997
  10. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. -А., 1999
  11. Бердібай Р. Мұхтар шыңы. -А., «Ғылым» 1997
  12. Бердібай Р. Қазақ тарихи романы. -А., «Ғылым» ,1997
  13. Жұртбай Т. Бесігіңді түзе. Ғұмырнама – толғау. -А., «Жазушы» 1997
  14. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея. 4-томдық. -А., «Жазушы», 2000. 2003. 2007. 2006.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ