Абай өлеңдерінің идеялық –тақырыптық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.

0

Жоспары:

  • азаматтық көңіл-күй;
  • философиялық махаббат;
  • ғашықтық;
  • табиғат құбылыстары;
  • оқу, білім, ағарту;
  • тәрбие мәселелері;
  • ақындық өнері туралы.

Абай 35-40 жастар шамасында өзінің ақындық талантын таныта бастайды.

Абай қалада айлап жатып, еліне арбалап кітап алып қайтады.  Семейге айдалып келген, патша өкіметіне қауіпті деген адамдармен де кездесіп, олармен ұзақ кеңесіп, ішкі қоғам өмірінен алатын орнын дұрыс түсінді. Ол өлеңге жеңіл-желпі қарап, байларды мақтап, тілін безеп, мал үшін сатылып, өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды қатты сынға алды.

            Абай ақынды өмір оқытушысы, үгітші, үлгі берер азамат жыршысы болуы керек    деп білді. Өзі “көкірегі сезімді, тілі орамды” жастарға үлгі болды, оларға ақыл айтып, өлең жазудың тамаша шебер үлгілерін көрсетіп берді.

            Абай шебер өлеңді, тәтті әнді мәдениеті жоғары, білімді ақын ғана бере алатынын ескертіп, “Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол-ақынның білімсіз бейшарасы” деп көрсетті.

            Ақындық өнердің мақсатын, мәнін осылай терең түсінген Абай, өз кезіндегі әдебиетке батыл сын айтты.

            Абай кезіндегі ел билеушілерге қарсы шығып, патшаның болыстық, билік тәртібін сынға алады. Олардың қылмыстарын бетіне басып, ел мұңын, халық тілегін білдіреді. Реңі кеткен қазақ елінің бейнесін айқын көрсете келіп, ол:

            Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!…

            Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

            Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың,-

дейді.

            Абай өзінің осы сияқты өлеңдерінде (“Болыс болдым, мінекей”, “Мәз болады болысың”, “Бойы бұлғаң”, “Сабырсыз, арсыз, еріншек”, “Адасқанның алды жөн, арты соқпақ”, т.б) өткір, сыншы-сатирик ақын  есебінде бой көрсетті.

            Абай қазақ жеріндегі теңсіздікті, тағы басқа қайшылықтарды түсіне білді. Оны өзінің бойындағы ақындық шабыттың бар күшімен жырлады. Бай мен кедейдің арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін көрді. Өзінің “Күз”, “Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай” деген өлеңдерінде қазақ кедейлері мен байларының өмірін салыстыра бейнелеп, кедейлердің аянышты халін айқын суреттеді.

            Абай өлеңдеріндегі негізгі, елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі-қазақ әйелдерінің жайы, қазақ жастарының махаббат, еркіндік мәселесі.

            Махаббат, әйел теңдігі тақырыбы Абай өлеңдерінде кең қамтылып, жалпы адамгершілік идеясымен қабысып келеді. Абай бұл мәселелерді көтеруде де өзінің жаңашыл, бұқарашыл ақын екенін көрсетті. Ол қазақ қыздарының теңсіздікте езіліп, сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін көрді. Өзі бұған наразылық білдіріп, аянышты сезімге толы өлеңдерін шығарды.

            Абай творчествосынан ерекше орын алатын ендігі бір үлкен тақырып — оның ағартушылық идеясы. Абай — өнер-білім, тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл аударған, ұлы ағартушы ақын.

            Абайдың табиғатты суреттеп жазған бір топ өлеңдері тек түр жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да өзгеше. Ол өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. “Желсіз түнде жарық ай”, “Қыс”, “Жаз”, т.б. өлеңдерінде жыл мезгілдерінің әрбір кезеңін қазақ аулының өмір тіршілігіне қабыстыра суреттейді.

            Абайдың табиғат лирикаларының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі — “Желсіз түнде жарық ай”.

Желсіз түнде жарық ай,               Ауылдың жаны терең сай,

Сәулесі суда дірілдеп.                 Тасыған өзен күрілдеп,-

деп басталатын өлеңі табиғаттың түнгі көрінісін, махаббаты жарасқан екі жастың тулаған жүректері мен жылы құшағын ұштастыра бейнелейді.

            Абай лирикалары — алуан сырлы, мазмұнға бай, адам жанын тебірентерлік нәзік. Ақын лирикасы —  нәзік сезімді толғауымен ғана емес, сонымен бірге, өзінің әлеуметтік рухымен де, терең ойлылығымен де , асқан суреттілігімен де жаңа мәнді реалистік шығармалар.

            Абай А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовтың реалистік әдістерін жете меңгерген еді. Абай — М.Лермонтов сияқты өзі өмір сүрген қоғам озбырлығына батыл қарсы шыққан кекті ақын. Абайдың көптеген тамаша шығармалары М.Лермонтов творчествосындағы азаматтық әуенмен үндес. Мұндай шығармалардың қатарына оның: “Жүрегім нені сезесің”, “Менсінбеуші ем наданды”, “Сегіз аяқ”, “Не іздейсің көңілім, не іздейсің?”, “Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын”, “Жүрегім менің қырық жамау” т.б. өлеңдері жатады. Абай аудармасы арқылы Лермонтовтың “Тұтқындағы батыр”, “Ой”, “Альбомға”, “Қанжар”, “Дұға”, “Теректің сыйы”, “Шайтан”, “Асау той, тентек жиын, опыр-топыр”, “Вадим”, “Бородино” және басқа өлеңдері қазақ арасында тұңғыш тарады.

            Абай — терең ойдың ақыны. Ол әрбір шығармасын жүрек тебіренте тереңнен толғайды.Кемеңгер ақын өлеңдерін сыдыртып оқып шығып, толық түсінік алдым деу қиын. Әрбір өлең жолдарының өзіне үңіле, ойлана оқу ғана дегенге жеткізеді. Оқыған сайын бұрын оқыған Абай сөздерінің жаңа сырын ашып отырасың.

            Шынын айтсақ, Абай- қазақ поэзиясында нағыз реалистік образ, шебер сурет, жаңа көрініс жасаған білімді, мәдениетті жазушылардың тұңғышы.

            Абай суреттеген әзірейілдей қыс, жадыраған жаз бейнелері, күн-күйеу мен жер-қалыңдық, қалғыған тау, дел-сал дала, сыбдырлаған жапырақ, күлімдеген аспан, ойланған жер, ақ қардың үстінде түлкі алып жатқан бүркіт, т.б. нағыз реалистік әдебиетке тән шын өнерлік қасиет. Бұл тұстағы озық шығармалары оны сыншыл реализм өкілдері тобына қосты.

            Абай өлеңдері – мазмұны мен түрі біріне-бірі сай , ең асыл сөзді поэзия . Ақын поэзиясы мазмұны жағынан қандай салмақты болса, түр жағынан да сондай көрікті. Абай өлеңінде артық сөз, орынсыз пікір кездеспейді. Бәрі де белгілі өлшемге сай, терең ойға құрылып, етек жеңі жинақы келеді.

            Абай өлең теориясына қатысты бірнеше шығарма жазып, поэзияның мазмұны мен түріне ерекше көңіл бөлген. Өлеңнің көркемдік түрі мен мазмұнының бірдей тартымды шығуында екенін тереңінен ұғынды.

            Буын саны жағынан да Абай бұрынғы формаларды өңдеп, жетілдіре түсті. “Сегіз аяқ”, “Сен мені не етесің”, “Бай сейілді”, “Ақылбайға”, “Көзімнің қарасы”, “Бойы бұлғаң”, “Оспанға”, “Антпенен тарқайды”, “Ыстықтан, суықтан”, “Я, құдай, бере көр”, “Қатыны мен Масақбай”, “Мен сәулем жазамын”, “Болды да партия”, “Жалын мен оттан жаралып”, “Тайға міндік” және басқа өлеңдері шумағынан жағынан да, буын саны, бунақтары мен ырғақтары жағынан да мүлде жаңа түр, соны құбылыс.

            Тайға міндік,                                              Үкі тақтық,

            Тойға шаптық,                                            Күлкі бақтық,

            Жақсы киім киініп.                                    Жоқ немеге сүйініп.

            Осы келтірілген шумақтар буын саны жағынан да соны (3, 4, 5, 6, 7 буын аралас), шумағы 3 жолдан келген жаңа түр. Абай  3, 4, 5, 6, 9 буынды, шалыс ұйқасты өлеңдер түрін мейлінше көп қолданды. Бұл түрлердің көбі — Абай енгізген жаңалықтар.

            Абай — XIX ғасыр ағартушыларының  озық идеясын қазақ жеріне алғаш әкелуші, олардың тамаша шығармаларын өз халқы тіліне аударып, таратушы.

Әдебиеттер

1.°óåçîâ Ì.Î.  °äåáèåò òàðèõû  (1927) æî¹àð¹û îºó – îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí.  — À. 1991.

2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi.  — À. 1907.

3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû.  — À. 1994.

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ.  XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. — À.  1992.

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ.  ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. — À. 1997.

6.Абай тағлымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. (Құрастырған Н.Ғабдуллин). А. 1986.

7.Абайды оқы, таңырқа…-А. 1993.

8.Абай тілі сөздігі. –А. 1968.

  1. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан . –А. 1993
  2. М. Әуезов. Абай жолы. –А.1988-2002 ж

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ