Шоқанның жазушылық-публицистік еңбектері.

0

Жоспары:

  1. Ғылыми очерктері мен күнделіктері.
  2. Шоқанның өз ата-анасына, достарына жазған хаттары.
  3. Шоқан туралы орыс ғалымдарының еңбектері.
  4. Шоқан мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы

Қазақ ауыз әдебиетінің жіктері мен түрлерін, оның  құрылыстарын, шешендік сөздерін, айтушылары мен сақтаушыларын Шоқан біраз қарастырған. Қазақтың кейбір ақындары: Сыпара, Асан, Бұқар, шал, Жанақ, Түбек, Шөже, Орынбай ақындар туралы пікірлер айтқан. Шоқанның бұл пікірлері әдебиет тарихы үшін өте маңызды.

       Шоқанның әдебиет зерттеу еңбектері өзінің осындай ғылымдық жоғары маңызымен және бұқарашылдығымен құнды.Ол әдебиеттің  қоғамдық мәнін, халықтық қасиетін, реалистік сипаттарын қастерлеуді талап етті. Оның ғылыми еңбектері әдебиет мәселесін кең қамтыды. „Ұлы жүз  қазақтарының ескңі сөздері, ертегісі”, „Ыстықкөл саяхатының күнделік дәптері.”, „Қытай мемлекетінің батыс өлкесі және Құлжа қаласы”, „Құлжа күнделіктері”, „Қырғыз халқы туралы жырлар”, тағы басқа мақала, очерк хаттары әдебиетке байланысы мол шығармалар. Шоқанның бұл шығармалары оның талантты әдебиетші-зерттеуші ғалым екенін толық танытады.

Аталған еңбектерінде Шоқан өзінің талапты публицият  жазушы екенін де көрсете алды. Өмірден көргендері мен түйгендерін Шоқан өзіне тән шебер тілмен бейнелей суреттейді. оНың очерктері мен күнделіктері жай ғылыми еңбек болып қана қоймай, көркем шығарма- көркем публицистика дәрежесіне көтеріледі. Өзінің бейнелі де шешен  сөздерінің арқасында Шоқан еңбектері әңгіме, повестер сияқты оқушысын өзіне бірден  тартып, баурап алады. Шоқанның еңбектерінде табиғат суреті, адам портреті мен  олардың характері, үй-жай сипаттары көркем баяндалып, оқушысын үлкен полотноға салынған суреттер галереясына ертіп әкелгендей әсер қалдырады. Мысалы, 1858 жылы Құлжаға қарай аттаныс сапарын баяндай келіп, жазушы Алтынемел маңын, Алтау аңғарып, бұл жерлердің  сұлу табиғатын сүйсіне суреттейді.

            Шоқан жүрген жерінің табиғатын жалаң баяндап қоймайды. Ол сол өлкені мекендейтін халықтың жайын түгел қамтиды. Жергілікті халыққа тән іс-әрекет, мінез-құлық, әдеп, кәсіп, елдегі дау-шар, үстем тап езгісі-барлығы баяндалған. Бұл рчерктерден біз керуеншілерге келіп, базарлық дәметкен қарапайым қазақтар сұлтандардың бейнесін де көз алдымызға елестетеміз.

            „… Біз сұлтанның мінезінің оғаштығына таң қалдық” – деп жазады Шоқан. – Ол шатырға семіз қаздай байпаңдап басып кірді. Сөйтті де төрге шығып отыра қап, мелшиіп қатты да қалды, жұрттың бәрін көзімен жедел шолып өтті де, тақпақтап:    „Жалайырда қой көп, Жанғазыда ой көп ”,- деді. Соны айтты да, тағы да мүлгіп, мелшиді де қалды. Осындай қызық  суреттер  қырғыздар тұрмысын  көрсетуде де жиі ұшырайды.

            Қырғыздардың ас беруі, қонақ күту салты, ондағы көптеген жабайылық көріністер жай баяндалмай, әсерлі тілмен шебер бейнеленеді.

            Шоқанның   күнделіктері де өзінің көркемділігімен құнды. Оның күнделіктерін көркем шығарма деуге әбден болады. Шоқанның „Құлжа күнделіктері”- осындай көркемдігімен ерекше шығарма. Оның қай бетін ашсаңыз да , көркем  сурет өзіңізді бірден баурап алады. Осыдан болса керек, Шоқан туралы келелі пікір айтып, маңызды зерттеулер жазған ғалым Ә.Марғұлан Шоқанды  прозашы жазушы деп таниды.Шоқан Құлжадағы базаршылар көрінісі, әрбір  ұлт өкілінің киімдері, сырт келбеті, істері, сөздері түгел бейнелі сөзбен баяндайды.

            Құлжа табиғатының көрінісі, Құлжаға дейінгі жолда кездескен асулар мен таулы жолдар, тасты шатқалдар, өткелсіз өзендер, құнарлы көк алқап пен жыртқыш аң, улы жәндіктер жайлаған құлазыған қу дала Шоқан еңбектерінде барынша шынайы суреттеледі.

Шоқан-публицист жазушы. Оның мақалалары мен  хаттары- қазақ әдебиеті туралы алғаш пікір көтерген маңызды еңбек. Шоқан- қазақтан шыққан, европалық тәлім алған жан-жақты ғалым, мәдениетті қоғам қайраткері, батыл саясатшы. Шоқанның досы Потанин өзінің естеліктерінде: „Оның өз бетінмен оқыған кітаптарының көптігіне, білімінің молдығына қайран қалушы едік. Мінезі де жарқын, көңілді, жүрген жері думан-күлкі болушы еді”,- дейді.

Екінші бір досы- атақты орыс жазушысы Достоевский Шоқанға жазған бір хатында: „ Қазақта шын мағынасында  европалық білім алған бірінші адам екеніңіз есіңізде  болсын? Оның үстіне, тағдыр Сізді жүрегі, ақылы бар тамаша адам қылып жаратты”, — деп , оның бойындағы өзгеше күші мен талантын жоғары бағалап, елі алдындағы  азаматтық борышын ескеріп отырған. Осы сияқты Семенов-Тяншанский мен Н. Веселовскиййлер де оған жоғары баға берген. оРыс дрстары Шоқанды аспан әлемінде жарқ етіп ағып өткен құйрықты жұлдызға теңеген.

Шоқанның Европаға ерте тараған еңбектері Жоңғария туралы жазғандары болатын. Ғалымның „Жоңғария очерктері” мен „Алты шаhардың жай-жапсары” деген еңбектері 1861 жылы, өзінің тірі кезінде, орыстың императорлық география қоғамы жазбаларының үш кітабында басылған.

Шоқанның еңбегі ағылшын, неміс, француз тілдеріне де аударылды. 1865 жылы Лондон баспасы оның Жоңғария туралы  жазғагдарын ағылшын тілінде жариялады. Орыстың алдыңғы қатарлы баспасөзі Шоқан туралы ең жанашыр пікірлер айтып отырады. „Современник” журналы Шоқан туралы өз пікірін 1864 жылы-ақ жариялаған.

„… Шоқан Уәлихановтай ерекше қабілетті адам бұратана деп аталатын басқа халықтардың ешқайсысынан бұрын-соңды шыққан емес”, — деп жазған.

Шоқан- жан-жақты ғалым. Ол- этнограф, географ, экономист. Сондықтан бұл саладағы ғалымдар да Шоқан туралы бағалы еңбектер жазып жүр. Бұл зерттеулердің бәрі Шоқан қалдырған мұралардың маңызды орасан зор екенін дәлелдейді. Әсіресе, ол- әдебиет ғылымы мен публицистиканың дамуы үшін ерекше еңбек еткен адам.

 

Әдебиеттер

1.°óåçîâ Ì.Î.  °äåáèåò òàðèõû  (1927) æî¹àð¹û îºó –     îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí.  — À. 1991.

2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi.  — À. 1907.

3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû.  — À. 1994.

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ.  XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. — À.  1992.

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ.  ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. — À. 1997.

6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.

  1. С.Мұқанов “Аққан жұлдыз”. –А., 1972.
  2. Шоқанның таңдамалы шығармалары. –А., 1979-1989.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ