Дыбыстарды қарастырудың аспектілері

0

Жасалым (артикуляция). Дыбыстау мүшелерінің түрлері, жұмысы. Актив мүшелер: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, дауыс шымылдығы. Тіл дыбыстарын жасауға олардың қатысын білудің маңызы. Айтылым (акустика). Дыбыстардың пайда болуы. Тіл дыбыстарына тән ерекшелік. Дыбыстың қарқыны,  күші, тембрі, созыңқылығы. Дауыс пен салдырдың пайда болуы. Дауыстылардың дауыстан пайда болатыны. Дауыссыздарға салдыр мен дауыстың қатысуы, оны білудің маңызы. Айтылым мен жасалымның үндесім, үйлесімге қатысы.  Естілім. Кез келген дыбыс естілім арқылы қабылданатыны. Тіл дыбыстарының сапасын анықтауда естілімнің маңызы. Айтылым, жасалым, естілім аспектілерінің қарым-қатынас құралы тілдің қызметін  қамтамасыз етудегі рөлі, фонологияға қатысы. Қазақ тілі фонологиясының үндестік заңдары негізінде іске асатыны.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ