Кіші комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері

0

Жоспары:

1.Кіші комплектілі мектептерде оқуды ұйымдастыру.

2.Кіші комплектілі мектептерде оқушыларды  дифференциялап оқыту.

Пайдаланатын әдебиеттер 

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік         нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал,  Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар —  Асвета,  1985.
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,  1984.
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика  преподования природоведения. М., Просвещение,  1984.
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М.,  Просвещение,  1984.
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной  школы. М.,  Просвещение,  1983.
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана.  Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,  1990.
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П.  Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,  1980.
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні:

Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүйесіне көшу ісін жүзеге асыруда бүкіл арнаулы білім беретін мектептердің оқу сапасын онан әрі жақсарту,  оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсаты және мұғалім қауымына  оқыту барысында ізденушілік күшейту міндеттері  жүктелді. Бұл салада әсіресе ауыл мектептерінің  оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін  көтеру назарда тұрған негізгі мәселелердің бірі  болатын. Ауыл мектептерінің оқу-тәрбие  жұмысында жедел шешімді керек ететін проблемалар  жеткілікті еді.  Соның бірі-кіші комплектілі  мектептердегі бастауыш сыныптың оқу ісімен байланысты туындады.

            Кіші комплектілі мектеп ерекшеліктері оқуды ұйымдастыру мәселесінде де,оқытуда әдістемелерді қолдану барысында да байқалып тұрады.

1.Үш не екі сыныпты бір орында қатар оқытқандықтан (көбіне үш сынып қатар оқиды),мұғалім әр сыныптағы оқушылардың білімін анықтауға,жаңа материалды түсіндіруге,олардың сабақ барысындағы оқу әрекеттерін қадағалауға небары 15-20 минут қана уақыт бөле алады.

2.Бір сабақ үстінде мұғалім әртүрлі жастағы,соған сәйкес ой-өрісі,білім дәрежесі,өмір тәжірибесі әртүрлі деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізіледі.Сонымен қатар,әр сыныппен жұмыс істеу үшін бір сабақ үстінде бірнеше бір пәннен екінші пәнге,бір сыныптан екінші сыныппен жұмыс ұйымдастыруға көшіп,осыған орай оқушылармен қатысты оқу  түрлерін де ауыстырып отыруына тура келеді.

3.Кіші комплектілі мектептер көбіне орта мектептерден қашық орналасқандықтан мұғалімнің басқа ұстаздар сабағына қатысып,пікір алысу,тәжірибе алмасу,үлгі алу мүмкіндігі де аз болады

4.Тірек мектептердің аталмыш мектептерден қашықтығына байланысты олардың оқу -тәрбие жұмысына жете басшылық ету,әдістемелік көмек көрсету деңгейі төмен.Бұл айтылғандар кіші комплектілі мектептің географиялық орнымен мұғалімнің жеке іс тәжірибесіне байланысты ерекшеліктері болса сонымен қатар оқуды ұйымдастыруға байланысты ерекшеліктер де бар. Олар мұғалім мүмкіндігі бірнеше сыныпқа қатар бөлінетіндіктен,сабақта оқушылардың өздігінен атқаратын жұмысына негізделіп алатын ұғымды өздігінен іздену нәтижесінде меңгеруі басым болады.

5.Бастауыш сынып оқушыларының зейінінің тұрақсыздығын ескеру де ойдан шықпауы тиіс.Жас баланың,яғни,бастауыш сынып оқушыларының ырықсыз еркі өте басым болатыны белгілі. Әсіресе,бір сынып оқушылары дауыстап оқыған кезде келесі сынып оқушыларының көңілі соған ауып,өз жұмысы орындалмай қалуы ықтимал.

6.Оқушылардың өзіндік жұмысын нәтижелі ұйымдастыру үшін түрлі көрнекі құралдардың,таратып берілетін карточкалар мен дидактикалық материалдардың саны әр балаға жететіндей болуы қажет.Жұмысты орындау әдісін меңгерген,өздігінен атқаруға дағдыланған,қолында оқу құралы бар оқушыда ғана кіші комплектілі мектеп жағдайында өздігінен оқу әрекеті пайда болады.

7.Негізгі қиындықтардың бірі техникалық құралдарды (әр сыныпқа арналған диафильмдер мен кинофильмдерді) пайдалану кезінде туады.Сондықтан да мазмұны жағынан барлығына ортақ техникалық құралдар ғана сыныптағы сабақ барысында пайдаланылады да,ал басқалары сабақтан тыс кезде сыныпқа жеке қолданылады.

П.А.Голпериннің дифференциялап  оқыту идеясын осы кіші комплектілі мектеп жағдайында кеңінен қолдану өте тиімді нәтиже берді.Ол үшін қатар оқылатын сыныптардың сабақтарын жұптауға үлкен жауапкершілікпен қарап,оларда бір пәнділікті жүзеге асыруы тиімді деп табылды.

Біріншіден тақырып мазмұнына байланысты алынды. Осы жағдайда тақырып мазмұнының ұқсастығы олардың білімдеріне де, дамуына да зиянын тигізбейді деп есептелді.

Екіншіден ,мұғалімнің сабақ барысындағы уақытын тиімді бөлуге бір пәнділік оқу кестесінің тиімді болатыны байқалады.Оның нәтижесінде оқушыларды дифференциялап оқытуға үлкен мүмкіндік туды.Әр сыныптағы оқушылардың оқу деңгейлеріне қарай шағын топтар құрылып,олардың білім дәрежесімен дағдыларына орай өздігінен орындайтын тапсырмалар берілді.Мұндай жағдайда жақсы оқитын оқушылар мұғалімнің алғашқы берген нұсқауынан кейін жұмысты өздігінен орындайды да,орташа, нашар оқитын оқушыларға мұғалім молырақ басшылық етеді.Кейде ұқсас тақырыптар оқытылғанда,мұғалім үшінші  мен екінші сынып оқушыларына тапсырманы байланыстырып беріп,олардың бір біріне көмектесуіне жағдай туғызуына да болады. Өте жақсы оқитын оқушылармен орташа оқитын оқушыларда шағын топ жасап,оларға бірдей мазмұндағы тапсырма беріп байқағанда,оқушылардың бір біріне көмектесуі күшейіп,ұғымды өздігінен меңгерудің тиімділігі артты.Сабақ барысында құралатын мұндай уақытша топтар құрамы өзгеріп отырады.Сабақ ұйымдастырудың осындай түрлерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекет негізінде бір- бірімен қатынасы,бірігіп жұмыс істеуі,жолдастық,өзара көмек сезімдері дамитыны байқалады. Сонымен қатар мұғалімнің уақыты тиімді бөлініп,оқушыларға ең керекті жағдайға ғана көмекке келетін болады.

           Ұйымдастырылатын жұмыс мазмұнына қарай мұғалімнің әр топқа жасайтын басшылығы да әр түрлі болады.Сабақта құрылған уақытша топтар оқушыларға берілетін білімнің тиянақты меңгерілуіне де,әсерін тигізеді.Өйткені оқушылар өзінен жұмыс істеумен бірге,ізденіп,ойланып,ойласып шешімге келуге дағдыланады.

                        Дайын білімді мұғалімнің айтқаны бойынша таңдап қабылдағаннан гөрі еңбектеніп,ізденушілікпен және ұжымдық жұмыс нәтижесінде меңгеруге дағдыланып,оқушылардың өз мүмкіндігіне сенімі артуына жағдай туды.Берілген тапсырмаларды бөлшектеп,оқушылардың білім деңгейіне лайықтап беру мұғалімнің үлкен дайындығын талап етті.Сабаққа дайындық кезінде құрылатын топтардың құрамы,берілген тапсырма мазмұны оны күнделікті бақылаулармен байланыстыру әдісі,түсіндіру кезіндегі басшылық түрі әбден ойластырылады.Сонымен қатар оқушылардың тапсырмаларды орындау уақыты мен мұғалімнің көмекке келу уақытының шамасы да белгіленеді.Бұл жағдайда бастауыш сынып оқушыларының қанша уақытқа дейін өздігінен жұмыс істей алатындығы,яғни,ырықты зейіннің мүмкіндігі,психологиялық ерекшеліктері де ескеріледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ