Оқушылардың білімі мен білік- дағдыларын бағалау

0

Жоспары:

1.Бағалауға қойылатын критерийлер.

2.Бағалауды жүйелі түрде есепке алудың тиімділігі.

Пайдаланатын әдебиеттер 

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік         нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал,  Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар —  Асвета,  1985.
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,  1984.
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика  преподования природоведения. М., Просвещение,  1984.
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М.,  Просвещение,  1984.
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной  школы. М.,  Просвещение,  1983.
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана.  Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,  1990.
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П.  Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,  1980.
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні:

            Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі.Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады.

            Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:

       а\ Оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәләлдеу.

       ә\Баға әділетті болуы қажет,оқушылардың бағасын әдейі төмендетуге,оған өте жеңіл-желпі қарауға және ымырашылдыққа салынуға болмайды.

      б\Әрбір баға- бұл тек қана білімді есепке алу емес,ол шын тәрбиелік құрал. Сондықтан оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды.

в\Оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды.

  г\Оқушылардың білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңдерінде іске асыру керек.

Үлгерімді бағалау “балл” есебінде көрсетіледі.Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған:

“5” бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық бір ізділікпен айтылған жауапқа қойылады;

“4” бағасы – материалды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;

“3” бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;

“2” бағасы – оқушы жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар;

“1” бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады.

Оқушылардың білімін бақылау сұрақтары , тест тапсырмалары және түрлі жаттығуларды орындау барысында тексеруге болады.

Есепке алу- бұл оқытушылардың белгілі кезеңдерде оқушылар мен мұғалімнің жұмыстарын жинақтап қорыту.

 Үлгерімді есепке алуда мына мәселелерді еске алған жөн.                                                                 – оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып үйрену процестерінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын жан-жақты бағалау керек.                                                                                                               -Әрбір аяқталған тақырып бойынша, оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру.

   –Оқушыларға толық мінездеме беру үшін олардың бірнеше оқу жолдарындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ