Оқушы білім –білігі, дағдысын тексерудің жолдарыОқушы білім –білігі, дағдысын тексерудің жолдары

0

Жоспары:

  1. Ауызша бақылау әдістері арқылы тексеру.
  2. Жазбаша бақылау әдістері арқылы тексеру

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік         нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал,  Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар —  Асвета,  1985.
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,  1984.
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика  преподования природоведения. М., Просвещение,  1984.
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М.,  Просвещение,  1984.
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной  школы. М.,  Просвещение,  1983.
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана.  Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,  1990.
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П.  Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,  1980.
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

 

                                       Лекция мәтіні:

 

              Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың  оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу.Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді.

             Оқушылардың білім, білік-дағдыларын тексеру бақылау әдістері арқылы іске асады.

Бақылау әдістері – оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі.

             Бақылау әдістерін жалпы екі топқа: ауызша және жазбаша деп бөлеміз.Ауызша бақылау әдістері дегеніміз — сұхбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, тексті оқу, сызбалар, суреттер, тәжірибе туралы хабарлар, дидактикалық тапсырмаларға жауап беру..Ауызша бақылау әр сабақ сайын жеке-дара, жаппай немесе құрастырылған формада жүргізіледі.Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалімге меңгеру деңгейі туралы толығырақ және нақтырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді, бірақ, екінші жағынан, ол басқа оқушыларды сабақта әрекетсіз қалдырады.Жаппай сұрақ-жауап алу барлық оқушыларды бірден қамтыса да олардың білімді меңгергені туралы үстіртін мағлұмат береді.

             Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында табиғаттағы құбылыстар мен адамның қолымен жасалған заттарды бейнелейтін суреттер оқушылардан жеке және жаппай сұрақ – жауап алуда кең қолданылады.Жазбаша бақылау әдісі (бақылау жұмысы, шығарма, диктант, тест, реферат, сөздік және сигналдық карточкалар) білімді меңгерудің терең әрі жан-жақты тексеруін қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушының білімі мен білігінің тұтас жиынтығын талап етеді.

             Дүниетану сабақтарында сөздік және сигналдық карточкаларды пайдаланудың маңызы зор. Сөздік карточкадағы сұрақтарға оқушылар жауап жазса, сигналдық карточкалардағы бейне-суреттерді талдап, қорытынды шығарады.

              Қазіргі таңда оқушылардың білімін, білік-дағдысын тексеруде дидактикалық тестер ең жаңа әдіс болып табылады.

              Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы.  Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т.б. талап етеді.Тестердің артықшылығы оның объективтілігінде, яғни білімді тексеру мен бағалаудың мұғалімге байланысты еместігінде. Тестердің төрт түрі бар:

  • оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәліметтерді білетінін тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивті жауаптар талап етіледі.
  • алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын тексеру, бұл, негізінде, типтік міндеттерді шеше алу.
  • өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы.
  • білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа нақты жағдайларда қолдана білуі.

          “Дүниетану” пәнінде әр сабақ сайын тест сұрақтарын пайдалануға болады. Сонда ғана оқушылардың алған білімдері нық меңгеріліп, естерінде сақталады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ