Дүниетану материалдарын тиянақты меңгерту жолдары

0

Жоспары:

 1.Дүниетану сабағында пәнаралық байланыстарты күшейту

  1. Үйде орындалатын жұмыстарды дамыту

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік         нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал,  Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар —  Асвета,  1985.
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,  1984.
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика  преподования природоведения. М., Просвещение,  1984.
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М.,  Просвещение,  1984.
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной  школы. М.,  Просвещение,  1983.
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана.  Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,  1990.
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П.  Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,  1980.
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні:

   Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Әлемнің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру міндеттерінің шартынан пәнаралық байланыс қажеттігі туындайды. Оқу пәндерінде қарастырылатын табиғат, қоғам, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі негіздер оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесінде біріктіреді.

            Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу қызметі оқушыларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды, дұрыс дүниеге көзқарасты қалыптастыруды көздейді. Дүниетанымның маңызды элементтерінің бірін әлемнің тұтас бейнесі, ондағы адамның ролі мен орны құрайды.

            Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында пәнаралық байланысты қолданудың мәні орасан зор.

            Дүниетану пәнінің қазіргі мазмұнымен тұспа-тұс келетін Ж.Аймауытовтың күнделікті өмірмен, қоршаған ортамен байланысына қатысты тұжырымдамалары көрсетілген еңбектерінде де балалар дүниетанымын қалыптастыру сипаты анықталған. Ол бастауыш мектеп оқушыларына арнап оқулық, әдістемелік нұсқау жазды. Оқушыларды оқытып, тәрбиелегенде затты, құбылысты көрсете, бақылата  отырып, табиғат аясында берген білімнің тиянақты әрі мәнді болатындығын дәлелдеді.Ол дүниедегі шындықты, қоршаған заттар мен құбылыстарды тану үшін ұғым пайда болатындығын, сол ұғымның қалыптасуына көрген-білгендерді талдау, іріктеу, игеру, ұғу, үйлестіру қажет екендігін нық көрсетіп берді.

            Қорыта айтқанда, бастауыш мектепте өтілетін барлық пәндердің, әсіресе “Дүниетану” пәнінің  мазмұнында балалардың дүниетанымдық көзқарастары мен білімдерін қалыптастыру міндеттері жатыр.

Оқу жұмысы түрлерінің бірі — оқушылардың үй тапсырмаларын орындауы, мұғалім үй тапсырмасын түсіндіруді сабақтың маңызды кезеңіне айналдыруға қол жеткізу керек. Оқушыларды үй тапсырмасын ойдағыдай орындауы оның тапсырманы қаншалықты ұғынуына байланысты. Әрбір оқушы не істеу керек екенін ғана емес, сонымен бірге оны қалай орындау керек екенін де білуге тиіс.

Үйдегі оқу жұмысының табысты болуының маңызды шарттарының бірі оқушыларды өздігінше жұмыс істеуге үйрету міндеті, болып табылады. Ол үшін оқушыларды оқу материалын жаттап алуға емес, оқытушы сабақты беретін деректер мен оқушылар оқулықты оқығанда өздігінше алатын деректердің арасындағы байланысты орнатуға бағыттау керек. Мектепте білім алудың методикасы оқушылардың үйде өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға негізделіп құрылған. Оқушыларды сабақта алатын білімдерден өмір тәжірибесіне пайдалануға, ал екінші жағынан өмірде алған білімдерін оқу процесінде толығырақ үйретудің маңызы зор. Қазіргі замандағы ақпарат көздері барынша алуан екендігін   ұмытуға болмайды, сондықтан бастауыш класстардың мұғалімі мұны оқу процесі барысында есепке алып, белгілі бір мәселе бойынша оқушылардың не білетінін анықтап, білімдердің негізінде жаңа материалды хабарлауға міндеті.

Үй тапсырмаларын орындауда «Бақылау күнделіктерінің» үлкен маңызы бар. Олар оқушылардың қоршаған табиғатты және адамдардың еңбек әрекетін бақылау жөніндегі өз бетімен жасаған жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Балаларға қай жерде, нені және қалай бақылауды керсетіп, осыған үйретудің маңызы зор. Алынған нәтижелерді қорыту және талдау жұмыстың маңызды кезеңі болып табылады, көпшілік жағдайда оқушылардың жүйелі бақылаулар жүргізу қажетін түсінуі осымен байланысты.

Бастауыш сыныптардың мұғалімі оқушылардың үйде оқулықпен істейтін жұмысына көп көңіл бөледі. Мұғалімнің міндеті — оқулықпен істелетін жұмысты ол бойынша берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлау әрекетінің белсенді және алуан түрлі жүруіне жағдай жасайтындай, олардың таным әр түрлі жақтарын дамытатындай етіп ұйымдастыру.

Дұрыс ұйымдастырылған үйдегі оқу жұмысы мектептегі оқу сабақтарын өтуді жеңілдетеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ