Дүниетану сабағында қолданылатын көрнекіліктер

0

Жоспары:

1.Бөлме өсімдіктері – тірі табиғат бұрышы.

2.Географиялық алаң және ондағы жұмыс түрлері.

3.Көрнекіліктерді кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік         нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал,  Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар —  Асвета,  1985.
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,  1984.
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика  преподования природоведения. М., Просвещение,  1984.
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М.,  Просвещение,  1984.
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной  школы. М.,  Просвещение,  1983.
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана.  Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,  1990.
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П.  Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,  1980.
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні

  Дүниетану сабақтарында тірі табиғат бұрышы ретінде көбінесе бөлме өсімдіктері қолданылады. Оқушылардың өздері де сол өсімдіктерді отырғызып күтіп-баптауды үйренеді.

Әрбір есімдіктің этикеткасы болуы керек, онда өсімдіктердің аты, отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар бастауыш мектепте оқыған жылдарында барлық есімдіктермен танысып, олардың кейбіреулерінің гүлдеуін, әрбір өсімдіктің жарыққа, жылуға және ылғалға сезімталдығын зерттей алады.

Оқушылар өсімдіктерді күткенде олардың әрқайсысының құрылысының ерекшеліктерін біліп қана қоймайды, сонымен бірге өсімдіктерді күтуге қажетті практикалық дағдылар   да   алады.   Олар мұғалімнің басшылығымен қарапайым тәжірибелер жүргізеді, соның нәтижесінде оларда өсімдіктерді зерттеуге деген қабілет қалыптасады. Мысалы, бірдей екі өсімдік алып, оларға әр түрлі тіршілік жағдайын (суару, үстеме қоректендіру, жарық беру) туғызуға болады. Бақылау нәтижелерін күнделікке тіркеп отыру керек. Оқушылар бұл тәжірибені жүргізу және алынған нәтижелерді талдау барысында әсімдіктер мен қоршаған ортаның арасында болатын тығыз байланыстарға көздерін жеткізеді, есімдік организмдерінің тіршілік әрекеті үшін белгілі бір жардайлардың қажеттігін практика жүзінде біліп отырады. Алынған деректерді оқушылар белгілі бір оқу материалын оқып білуде табысты түрде пайдаланады.

Ашық жерде дүниетанудан бақылаулар мен практикалық сабақтар жүргізу үшін бастауыш мектепте географиялық алаң болуы керек (ол жалпы білім беретін орта мектеп алаңының бөлігі болуы да мүмкін).

Алаңның мөлшері 10X10 м-ден кем болмауға тиіс. Оны биіктігі 1 м-ге дейін баратын қашамен қоршайды, қашаның бір бөлігін түрлі түске (мысалға, ақ пен қара) кезектестіріп бояйды да, өлшеуіш ретінде пайдаланады.

Алаңға арналған орынды мүмкіндігінше ашықтау жерден таңдайды. Оның дәл ортасында тіктегіші бар, биіктігі 1 м вертикал қада (гномон) орнатады, оның көмегімен оқушылар көкжиек тұстарының бағытын анықтайды. Талтүстегі сызықтың көрсетуін пайдалана отырып, алаңда көкжиектің негізгі және аралық тұстарын керсететін жолдар төсеуге болады. Ауа райын бақылау үшін метеорологиялық будка орнатып, оның ішіне термометр қояды. Желдің бағытын анықтау үшін биіктігі 10 м бағанаға флюгер орнатылады (мектеп маңында ашық жер болмаса, флюгерді шатырға бекітед). Оқушылар жеке заттардың биіктігін көз мөлшермен анықтау дағдысын қалыптастыруға пайдаланулары үшін бағананы әр метр сайын бояйды.

Географиялық алаңда өлшем учаскесі бөлініп, онда дециметрлерге бөлінген текше метр орнатылады. Қар жамылғысының қалыңдығын анықтау үшін ұзындығы 1,5—2 м, ені 8—10 см қар өлшейтін рейка қолданылады. Рейканың бет жағы ақ түске боялады да, 1 см сайын сызықпен бөлінеді, қарсы жағы қара түске боялды да, ақ бояумен 10 см сайын бөлінеді. Оқушылар жылдың жылы мезгілінде географиялық алаңда құмнан рельеф формалар мүсіндеу, жасанды көлшікте аралдар мен түбектердің, өзеннің түйетайлы және жарқабақты жағаларының үлгілерін жасау, өзеннің жасанды схемасында бастауын, арнасын, сағасын және тарамдарын көрсету жөнінен әр түрлі тапсырмалар орындай алады.

Географиялық алаңдағы жұмыстың табысты болуы онда кіші мектеп жасындағылардың жүйелі, әрі күн сайын жұмыс жүргізулеріне және оны орындаудың барысын мұғалімнің үнемі қадағалап отыруына байланысты.

Географиялық алаңда жүргізілетін бақылаулардың негізгі мақсаты — оқушылар бастауыш сыныптарда зерттейтін табиғат құбылыстарының өзара байланыстары мен заңдылықтарын анықтау болып табылады.

Оқытудың көрнекі құралдарына таблицалар мен картиналар, табиғи объектілер, үлестірме материал, кинофильмдер, кинофрагменттер, диафильмдер, драпозитивтер, кодотранспоранттар жатады. Олар оқушылардың білім алуының маңызды көзі болып табылады. Көрнекі құралдарды қолдану сабақтың тиімділігін арттырады, кіші мектеп жасындағылардың өзінше дайындығын ұйымдастыруға жағдай жасайды, таным қабылетін дамытады.

Дүниетануды оқыту процесінде табиғи көрнекі құралдардың үлкен маңызы бар. Оларға мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер үлгілерінің гербарийлері, топырақ үлгілері, үлестірме материалымен қоса пайдалы қазбалар коллекциялары, жануарлар тұлыптары, пайдалы және зиянды насекомдар коллекциялары, сонымен бірге тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарға арналған ыдыс пен құралдар, экскурсиялық жабдықтар жатады.

Тікелей қабылдауға келмейтін заттар мен құбылыстар туралы түсінікті қалыптастыруда бейнелеу құралдары үлкен орын алады. Оларға таблицалар, картиналар, карталар, открыткалар. «Бақылау күнделіктері» т. с. с. жатады. Баспа негіздегі құралдар дүниетану бойынша көрнекі құралдар жүйесіндегі ең көбі болып табылады.

Бастауыш сыныптарда бүкіл класпен жұмыс істеуге арналған үлкен глобус (диаметрі 60 см) және оқушылардың жеке жұмыс істеуіне арналған шағын (диаметрі 40 см) глобустар болуы керек.

Қазіргі кезде дүниетану сабақтарында мұғалімдер жергілікті жерде кездеспейтін табиғат құбылыстары туралы нақтылы және толық түсінік беруге кемектесетін экрандық құралдарды кеңінен пайдаланып жүр.

Дүниетану сабақтарын экрандық құралдармен қамтамасыз ету үшін көптеген диафильмдер мен диапозитивтер, кинфильмдер мен кинофрагменттер, кодоскопқа арналған транспаранттар жасалды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ