Пән мазмұнына байланысты жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері

0

Жоспары:

1.Жеке орындалатын жұмыстар және оларды өткізудің әдістемесі.

2.Топпен орындалатын жұмыстар.

3.Сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік         нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал,  Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар —  Асвета,  1985.
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,  1984.
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика  преподования природоведения. М., Просвещение,  1984.
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М.,  Просвещение,  1984.
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной  школы. М.,  Просвещение,  1983.
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана.  Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,  1990.
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П.  Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,  1980.
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні

         Әр кезде сыныпта “Дүниетану” пәнін сүйетін  оқушылар кездеседі. Олар мұғалімнен өз еріктерімен үйде немесе тірі табиғат мүйісінде орындайтын тапсырмалар алады. Мұғалім бұл оқушыларға оқу бағдарламасының мазмұнына сай үйде немесе тірі табиғат мүйісінде, мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде, жазғы демалыс кезінде өз беттерінше орындайтын сыныптан тапсырмалар береді. Бұл жұмыстар оқушылардың үйде немесе сабақтан тыс орындайтын жұмыстарының түрлеріне жатады.

        Сыныптан тыс оқу – оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытады, танымдық іс-әрекеттері белсенді түрде көрініс береді. Қосымша әдебиеттер мен оқулықтарды оқу оқушының өз білімін көтеруіне, өз бетінше оқуына дағдыландырады.

Оқушылардың жеке жұмыстарына “бақылау күнделігін” толтыру да жатады. “Бақылау күнделігіне” олар  әрбір маусым ағымында елі, табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі болып жатқан және өз ауданының тұрғындарының маусымдық жұмысындағы өзгерістерді бақылағандарын жазады..

Оқушылар әр түрлі маусымдағы ауаның температурасын, ылғалдығын, ауа райын да бақылайды. Екінші сынып оқушылары көкжиектің тұстарымен таныс болмағандықтан, желдің бағыты мен күшін көрсетпей-ақ бар не жоғын байқайды. Көк тайғақ, қырау, тұман сияқты атмосфералық құбылыстарды балалар тек сөзбен ғана жазады.

II сыныпта дүниетану пәні бойынша бақылау жұмысының I сыныпта жүргізілетін жұмыстан басты айырмашылығы — балалар бақылағандарын ездерінше қорытындылайды және сол құбылыстардағы езгерістердің қарапайым себептерін таба біледі. (Құстар неге жылы жаққа үшып кетеді? Қыста неге жаңбыр емес қар жауады? және т. б.)

Топпен өткізілетін жұмыс түрлеріне үйірме жұмыстары, кабинетті жабдықтау т.б. жатқызуға болады. Бастауыш сыныптарда “Дүниетану” пәні бойынша “Жас табиғатшылар” үйірмесін ұйымдастыруға болады.Бұл оқушылардың пәнге деген қызығұшылығын арттырып, білім деңгейлерін көтереді, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады және бақылау, зерттеу жұмыстарын орындау икем-дағдыларын дамытады.

  Үйірменің жұмысы жүйелі түрде, нақты құрылған жоспармен жүргізіледі. Оқушылардың саны тұрақты болып, олар өз еріктерімен қатысуы керек

Үйірмеде орындалатын жұмыстарды сабақ кезінде пайдалануға болады.Үйірме жұмысын дайындауда оқушылар еңбек етуге, этикалық тәрбиеге дайындалады. Ұжымдық еңбек етуге үйренеді.

Сыныппен жүргізілетін жұмыстарға табиғат аясында болатын экскурсиялар жатады.

Бастауыш мектепте дүниетанудан сабақ беру процесінде экскурсияларға үлкен орын беріледі. Экскурсия оқушылардың зерттейтін объектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына негізделеді.

Экскурсиялардың мазмұны мұнан бұрынғы сабақтарда өтілген материалмен тікелей байланысты болуы керек. Сонымен бірге экскурсияда алынған түсініктер бақылау нәтижелері және жиналған материалдар кейінгі сабақтарда пайдаланылады. Экскурсиялардың танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Олар оқушылардың білімін кеңейтіп тереңдетеді. Балалар табиғат объектілерін табиғи ортада көреді. Өсімдіктердің топырақпен, жануарлардың өсімдікпен өзара байланысын бақылайды. Бұл оқушылардың табиғаттың барлық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты болып келетінін, біртұтастығы туралы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Табиғатты оқып білудегі зерттеу әдісі оқушыларды экскурсияларда жергілікті жерде бағдарлай білуге, бақылауға, салыстыруға, табиғаттағы бақыланатын заттары мен құбылыстарының арасындағы байланыстарды анықтауға, үйретуге мүмкіндік береді, айнала қоршаған болмысты өздігінше зерттеу дағдыларын қалыптастыруға жардай жасайды.

Экскурсияда үшінші  класс  оқушыларының төбе және оның биіктігі, жазық, жыра, жергілікті суаттар (өзен, көл, бөген), олардың орналасуы, ерекшеліктері, адамның шаруашылыққа пайдалнуы туралы дұрыс түсініктері қалыптасады.

Өсімдік пен жануарлар дүниесімен таныстыруды бәрінен комплекстік экскурсиялар кезінде ұйымдастырған жөн, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді оқушылардың өздері ашатындай жағдайға ұмтылу керек. Мәселен, суатқа экскурсия кезінде бұл байланысты негізінен насекомдармен қоректенетін көлбақаның мысалынан көрсетуге болады. Көлбақаларды құрту суат маңында маса мен шеркейлердің орасан зор мөлшерде көбейіп кетуіне апарып соғады.

Экскурсияда жиналған материал қажетті түрде жабдықталады да әр түрлі сабақтарда пайдаланылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ