Дәстүрлі емес сабақ түрлері

0

Жоспары:

1.Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі.

  1. Сайыс сабақ.

3.Пікірталас сабағы.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета,
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение,
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М.,  Просвещение,
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекцияның мәтіні :

Қазіргі кездегі мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жаңдайынад білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат — әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына ойын, пікірталас, сайыс, конференция т.б. сабақтарын жатқызуға болады.

Дүниетану пәнінде ойын сабағын өткізудің маңызы зор. Өйткені оқушылардлың пәнге деген қызығұшылығы артып, ой-өрісі дамиды, танымдық іс-әрекеттері артады.Ойын түрлері  қолданылатын сабақты ойын сабағы деп аталады.

            Бастауыш сынып мұғалімі ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарда біліп, орындап отыруы тиіс:

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртәбә оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
  4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың  тез шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығұшылығын арттырады.

      Дүниетану сабақтарында мынадый ойын түрлерін пайдалануға болады.

      1.“Әр әріптен бір сөз” ойыны оқушылардың сөздік қорын дамыту мақсатын көздейді:

      1-оқушы                          2-оқушы                        3-оқушы

     р а а ы д                         р у ы а л                          р ы д а р

     а л қ н ы                         м ы л н д                          а ы з а р

      қ а ы с                             а р д а                             м й с т

         в т                                   н ш                                  п а

      Ойын тәртібі: сынып 3 топқа бөлінеді, әр топтан бір оқушыдан шығып, әрбәр әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп, соңғы әріпке дейін бір топтың сөзі екінші топта қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса, солар жеңіске жетеді.

      2.“Ойлан, тап” ойыны арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады.

      “Ойын тәртібі: мұғалім бір сөзді ақырын айтады. Оқушылар сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді табады. Мысалы, мұғалім “ұзын” десе, оқушы “қысқа” дейді. Осы тәрізді мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы: мұғалім “Отан” десе, оқушы “туған жер”, “ел”, “атамекен” дейді. Ойын осылай жалғаса береді. Көп сөз ойлаған оқушы жеңімпаз атанады.

       3.”Топтай біл” ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады.Мысалы: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, алхоры т.б. сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады.

      Сәбіз, қияр картоп – көкөністер.

      Сайыс сабақ  жүргізудің әдістемесі мынадай:

      Тақырыпты өтіп болған соң мұғалім бір құбылыстың, фактінің, ситуацияның пайдалылығын дәлелдейтін және осыған қарсы құбылыстың да пайдалы жақтарына жол көрсететін сұрақтарды тақтаға жазып қояды. Оқушылар өз қалаулары бойынша екі командаға бөлінеді. Сайыстың мақсаты кезінде жеңіп шығу немесе ортақ келісімге келу.

      Мұғалім айтысушы екі жаққа да көмектесіп олардың дайындалу аясын көрсететін сұрақтарды көрсетіп, сол сұрақтарды дайындалатын оқушыларға жүктеуі тиіс. Сайыста шығып сөйлеушілер өз ойларын жазба түрде дайындағаны жөн. Лайықты тақырыпқа жақсы дайындықпен өткізілетін сайыс сабақтардың, оқушыларға пайдасы мол.

      Дүниетану пәнінде пікірталас сабағын ұйымдастыруға да болады.

      Пікірталас – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйретеді.

      Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз бетінше ойлай білуге үйрету.

      Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Ол үшін алдын-ала жоспар құрылып, оның тақырыбы айқындалады және өткізілетін күні белгіленеді.Сонымен қатар, пікірталастың негізгі сұрақтарын ойластыратын топқа, немесе жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайда сауалнамалық сұрақтар таратылып, оның қорытындысын талдап, пікірталас барысында оларды пайдаланады.

      Пікірталасты мұғалім немесе оқушы жүргізеді.Пікірталастың сұрақтарын дайындау барысында оның санына емес, сапасына, тәрбиелік маңызына көңіл бөлу қажет. Олар әрі нақты болу қажет.

      Дүниетану пәнінде негізінен 4 сыныпқа пікірталас сабағын жүргізеді. Пікірталас сабағының тақырыбын “Адам қалай жаралған”, “Адамның табиғатқа әсері” т.б. деп алуға болады.

      Пікірталасты өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, ол – дәлелді ой-пікірдің айтылуы, нақтылы деректермен тұжырымдалу, оқушылардың белсене қатысуы, адалдықпен сөйлеуі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ