Сабақ – оқытудың негізгі нысаны

0

Жоспары:

  1. Сабақ және оның ерекшелігі.
  2. Сабақтың құрылымы.
  3. Сабаққа қойылатын талаптар.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета,
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение,
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М.,  Просвещение,
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні:

           Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Сынып-сабақ нысаны оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізігі нысаны ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп,  жетекшілік ролін атқарады.

         Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты нысаны болғандықтан, ендігі жерде  оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

         Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.

         Сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынадай болып келеді:

  1. Сабақтың ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).
  2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
  3. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
  4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
  5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
  6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

        Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшын маңызы ерекше.Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады.

Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі мынадай:

  1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болы тиіс.
  2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
  3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек.
  4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбәр сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
  5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығұын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
  6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар тұғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
  7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарм-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді.
  8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.
  9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
  10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірі-бірі толықтырып тұрулары қажет.
  11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ