Дүниетану пәнінің тұлға қажеттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері

0

Жоспары:

1.Оқушыда ақпараттылық мәдениет қабілетін қалыптастыру.

2.Оқушыны сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру.

3.Оқушыға өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета,
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение,
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М.,  Просвещение,
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994

Лекция мәтіні:

            Қазір кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен білім деңгейімен анықталады. Сондықтан да әрбір мемлекеттің азаматы білім алуға міндетті. Біздің елде білім алуға көп көңіл бөлінеді. Себебі білімді адам ақ пен қараны айыра алатын, жоғары дәрежеде мәдениетті, еліне адал қызмет ететін болып келеді.

            Бастауыш мектептен бастап оқушыларға ақпараттылық мәдениеттілік қабілеттерін қалыптастыру қажет. Өйткені  олар әлемде болып жатқан құбылыстар, саяси әрекеттер, ғылымның сан алуан жетістіктері, әртүрлі  өнер түрлерінің пайда болуынан хабардар болуы керек. Оқушыларды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеп, оқытудың нәтижесінде елдің алдыңғы қатарлы тұлғалары қалыптасады.

Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып табылады.Ал бұл міндет бастауышта оқыту саласына тікелей қатысты да маңызды. Сондықтан да бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек.

            “Дүниетану” сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау негіздерін қалыптастырудың мәні өте зор. Оқушылар бүгінгі заман талабы, қоршаған ортамызда, табиғатта болып жатқан табиғи құбылыстар, олардың адам өміріне зияны  мен пайдасын ажырата алуы үшін сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастыруды қажет етеді.

            Сын тұрғысынан ойлау кез келген мазмұнды сынау емес, оны жан-жақты терең зерттеу, бақылау, талдау жасау үрдісі болып табылады. Сол шешімді іздеуде жай ойлау емес, шындалған ойлауды қолдану қажет.

            “Дүниетану” пәні негізінен үш блокты: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам” бірлестіретін пән болып табылады. Яғни “өмір әліппесі” болып саналған “Дүниетану” пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.

            Дүниетану сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастырудың алғы шарттары мыналары:

  • сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру үздіксіз түрде жүзеге асырылуы қажет;
  • жаңа буын оқулығы, хрестоматиялары, “Бақылау дәптері” мазмұнын талдау, білімді сыни тұрғыдан ойлау арқылы мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;
  • оқыту үрдісін айқын түрде демократияландыруды қадағалау, яғни мұғалім – бағыттаушы, ал оқушы – ізденуші, зерттеуші іс-әрекеттері орындалуын қажет етеді.

Сын тұрғысынан ойлау негіздерін қалыптастырудың бірнеше әдіс-тәсілдері зерттелген. Бұл әдіс-тәсілдер дүниетану сабағының ұтымды да қызықты өтуіне ықпал етеді.

Негізгі белгісі – оқушылардың оқу мәселелерін шешу барысында меңгерілетін жаңа білімдерді өздігінен табуы, сын тұрғысынан ойлау негіздерінің, шығармашылық ойлауының және оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына мүмкіншілік тудырады.

Дүниетану сабақтарында оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту  олардың дүниетанымын, өмірге көзқарасын, сыни тұрғыда мәселені талдай алуын дамытып отырады.

Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
  • жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
  • мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
  • оған әсер ететін мотивтер т.б.

Оқушылардың өздік жұмыстарына сабақ үстінде меңгерген оқу материалын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, жаттығу жұмыстарын жазба түрде орындауы, түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыстарын өткізуі, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар түрлерін жатқызуға болады.

Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше.Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, оқу карталары т.б.) пайдалана отырып өздік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ