Оқу пәнінің оқушылардың тұлғалық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері

0

Жоспары:

  1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
  2. Оқушылардың дүниетанымын дамыту.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета,
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение,
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М.,  Просвещение,
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні:

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгертуде бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағыдыны қабылдайды.

Екіншіден – кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы: ол баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығұщылығын арттыра түсу үшін, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:

1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындарымен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).

4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.).

5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

  1. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
  2. Ұнатқан кейіпкеріне немесе жануарларға, өсімдіктерге мінездеме, сипаттама беру.

8.Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда жаңылтпаштар, өлең шумақтарын, мақал-мәтелдер, жұмбақтар құрастыру.

Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық жұмыстарына өсімдіктерден гербарийлер жасау, белгілі бір тақырыптарға ( мысалы, жануарлар немесе өсімдіктер әлемі, табиғат көріністері) суреттер жинап альбом жасауы, ұлттық ою-өрнектердің коллекциялары, пайдалы қазбалардың (тас түрлері, көмір, әр түрлі металл сынықтары) колекцияларын жинау т.б. жатады.

Әр жеке адамның шығармашылық кезеңі жаңалық ашуға деген ынтамен серіктес екенін есте сақтау қажет. Әсіресе, бала бойындағы шығармашылық қабілетін бағыттап, тәрбиелеу – қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалімнің ең басты міндеті.

Бастауыш мектеп оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін  қалыптастыруда дамушы жеке бастың психологиялық құрылымының ішіндегі, оның тұқым қуалаушылық арқылы берілетін қасиеттер, нақты айтқанда, көңіл-күй, ерік, зейін, сол сияқты қоғам тәжірибесі, білім, білік, дағдылар, әлеуметтік бағыт, қызығұшылық, қабілет, түрткі, сенімдермен бірге дүниетаным да ерекше құрылым бөлігі болып саналады.

Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесінде әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекеттеріне әр түрлі әсер етеді.

Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылып, оқушылардың жас еркшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымдарды игеру қабілеттері еске алынады.

Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстары, біздің еліміздегі, шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында Отан, халық туралы, алдыңғы қатардағы адамдардың дүние жүзі халықтарының бейбітшілік және бақыты үшін күресі туралы оқушылардың түсінігі қалыптасады.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда мұғалім жетекші рол атқарады.Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.

Мұғалімнің оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру және дамыту үшін оқыту мен тәрбие процесін өмірмен тығыз байланысын, еңбек іс-әрекеттердің мәнін  түсіндіру керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ