Кеңес дәуіріндегі жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі

0

Жоспары:

  1. Б.Е.Райковтың әдістемелік еңбектері.
  2. И.И.Полянский және Л.С.Севруктың еңбектері.
  3. Қазақстан Республикасының ғалым әдіскерлерінің еңбектері.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета,
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение,
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М.,  Просвещение,
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

 

Лекция мәтіні :

      Жаратылыстану пәндерінің оқыту әдісін дамытуда профессор Борис Евгеньевич Райковтың (1880-1966) еңбектерінің маңызы ерекше. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары мен даму тарихын зерттеудегі еңбектері мен зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытуда арнайы кабинеттік жүйеге көшуді қолдады.

      Б.Е.Райков 1924 жылы Ленинградта биологиялық станция ашып ғылыми зерттеулер мен бақылаулар жүргізді. Табиғатқа экскурсиялар өткізудің білім деңгейін көтерудегі маңызын атап көрсетті.

      Осы жылдары Наркомпрос мектептерде сабақ берудің жаңа әдістерін “лабораториялық” және “жоспарлау әдістерін” қолдануды нұсқады. Лабораториялық әдіс класс, сабақ кестесі, сабақтардың орнын алып, мұғалімнің рөлін кеңесші дейгейінде көрсетті. “Жұмыс кітапшаларында” тапсырмалар беріліп, ай соңында конференциялар өткізілді. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап оқу-ағарту жүйесінде жаратылыстану пәндерін оқытудың жалпы және арнайы оқу-әдістемелері қарқынды дами бастады.

1914 жылы Б.Е.Райков “Мектептегі жаратылыстану”  жинағында А.Я.Гердтің еңбектерінің маңызын ашып көрсетті, ал 1922 жылы В.Ф.Зуевтың аса маңызды әдістемелік еңбектерін жаңғыртты.

1937-1941 жылдары “Мектеп биологиясы” журналы Б.В.Всесвятскийдің редакциясымен жарық көрсе, 1946-1948 жылдары Б.Е.Райковтың редакциясынан Ленинградтағы “Мектептегі жаратылыстану” журналы қайта жаңғырып кейіннен Москваға “Мектептегі биология” – деген атпен ауысты.

    ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы Ч.Дарвиннің ілімін мектепке белсенді насихаттаушылардың бірі И.И. Полянский болды. 1917 жылы Полянскийдің “ Бастауыш жаратылыстану курсының әдісі ”- атты оқулығы жарық көрді. Автор оқушыларға сабақ берудегі ең басты міндет биологиялық құбылыстарды, организмдердің бейімделушілік қасиеттерін эволюциялық факторлармен байланыстырып түсіндіруді насихаттады.

       А.Я.Гердтің еңбегін жинақтаушы Л.С.Севрук (1867-1918) болды. 1902 жылы “Жаратылыстанудың бастауыш курсының әдісі” атты еңбегін жазды.

       Бұл оқулықта өлі табиғатпен қатар, өсімдік, жануар, адам организмдерін оқытатын арнайы әдістер де болды. Бұл әдістер сұрақ-жауап сабақтары, мұғалімнің әңгімесі, оқушыларға арналған сұрақтар және жауаптар түрінде жазылды. Сабаққа қажетті құрал- жабдықтар , препараттар даярлау және тәжрибелер қою тәртіптері, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстары көрсетілді.

      Автор  оқушылардың психологиясын жетік білгендіктен олардың ойлау қабілетінің белсенділігін дамытуға, саналы түрде білім қалыптастыруына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, қабылдау кезіндегі эмоцияға көңіл аударды.  Л.С.Севруктың әдістемесі  қала училищелерінде, жоғары мектептердің мұғалімдерінің арасында кеңінен тарады.

       Қазақстан Республикасының ғалым-әдіскерлері жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесіне өздерінің елеулі үлестерін қосты.Соның бірі педагогика ғылымдарының кандидаты, ботаник, 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы Тәліп Мұсақұлұлы Мұсақұлов (1909-1987)  болды.Ол “Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігін” (1962), “Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясын” және жоғары оқу орындарына арналған “Ботаника” оқулығын жазды.Қазіргі кездегі көрнекті әдіскерлер, бастауыш мектептегі “Дүниетану” оқулықтарының авторлары Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж,. Олейник З. т.б. әдіскерлер  жаратылыстану пәндері әдістемесінің дамуына үлес қосты. Осы орайда  Қыздар педагогикалық институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Қ.А..Аймағамбетованы ерекше атап өтуге болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ