Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің негізгі компоненттері

0

Жоспары:

  1. “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
  1. “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” оқу пәні ретінде.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік         нұсқау.  Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал,  Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар —  Асвета,  1985.
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,  1984.
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика  преподования природоведения. М., Просвещение,  1984.
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М.,  Просвещение,  1984.
  10.  Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной  школы. М.,  Просвещение,  1983.
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана.  Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,  1990.
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П.  Методика  преподования природоведения.  М., Просвещение,  1980.
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  1. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

 

Лекция мәтіні :

 

            Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні көптеген ғылым салаларымен байланысты.Ең алдымен студенттер мектеп курсында өткен табиғаттану, ботаника, жануартану, тәнтану, тіршіліктану , астрономия және т.б.  пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.Сонымен қатар “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы”  пәні бұрынғы курстарда оқылған  жаратылыстану негіздері және физиология пәндерінен білім негіздерін пайдалана отырып оқытылады, гуманитарлық пәндердің көзделген мақсаттарын сәйкестендіреді.

             Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні мынадай: педагогика, психология, валеология, мектеп жасындағы балалар физиологясы пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.

            Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні  болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін енгізілді. Бұл пәннің теориялық негізі студенттер оқыған жаратылыстану циклі мен педагогика және психология пәндері болып табылады. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелілік және болашақ “дүниетану” пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік  деңгейі көрсетілген.

            Бұл пәнде студенттер әдістемелік білім мен білік дағдыларды жаратылыстану циклі және педагогика-психология пәндерінен білуі қажет екендігі байқалады. “Дүниетану” пәнінің мазмұнын меңгеру бастауыш мектеп мұғалімдерінен оқу-тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау және табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқуда оқыту әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдауды қажет етеді. Студенттер дүниетану пәнінің мазмұнында экологиялық, табиғатты қорғау, гумандық т.б. бағыттарды көре білуге үйрену қажет.

            Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнін оқу барысында студенттер мынадай білімдермен қарулану қажет:

  • жаратылыстану циклінен алған білімдерін пайдалана отырып дүниетану пәнінен өздеріне қажетті білім мен білікті қалыптастыру;
  • оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы, оның таралу жолдарын, табиғатты аялай білу қажеттілігін түсіндіру;
  • оқу пәнінің мазмұны мен оқу тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтауға үйрену;
  • оқушылардың пәнге деген қызығұшылығын арттыруға бағытталған жұмыс формаларын ұйымдастыра білуге дағдылану.

            Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні студенттерді бастауыш мектепте “Дүниетану” пәнін жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстырып қана қоймай, адамзатты қоршап жатқан дүниені қорғау қажеттілігін сезінуге және оны жас буынның бойына сіңіре білуге  бағыттайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ