Қазақша күрестің оқыту процеінің құрылымы

0

Жоспар:

(1-саѓат)

 

  1. Палуандардың білімін, шеберлігін, дайындығын тексеру.
  2. Бірте-бірте үйрену принципі.

Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.     Дене тєрбиесі ілімі мен єдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оќу ќ±ралы. Шымкент-2003 ж
  1. Дене шыныќтырудыњ жєне спорттыњ теориясымен єдістемесі.
  2. П.ѓ.ќ.Р.Р. Аманбаев, типтік оќу баѓдарламасы. Алматы – 2001ж
  3. Теория и  методика физического воспитания. (под. Рел.Л.П. матвеева и А.Д.Новикова – М :  ФИС, 1976 гл. І-ІІ).
  4. Матвеев Л.П. Теория физической культуры – М.ФИС. 1991г
  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк, 1987 г

Ќосымша :

  1. Методические указания по изучению теории физической культуры. Р.Р.Аманбаев, И.А. Моргина — -Алма-Ата 1985 г
  2. Призидентские тесты РК. Алматы 1997 г
  3. Дене тєрбиелеу мєдениеті жєне спорт ілімі мен методикасыныњ т‰сініктері.. Р.Р.Аманбаев. Б.К.Ќаражанов, М.К.Ќалдыбаев — Алматы 1992 ж.

Лекцияныњ мєтіні.

  1. Палуандардың білімін, шеберлігін, дайындығын тексеру

Оқыту жаттығу процесіндегі кемшіліктер мен жаттығушылардың қатесін анықтау үшін практика ағымындағы тексеру және мерзімді тексеру қолданылады. Ағымдағы тексеру кезінде бақылау жүргізіледі, спортшылар мен әңгіме өткізіледі.

Мерзімді тексерудің мақсаты — оқушының білімін шеберлігін, дағдысын бір жүйеге келтіріп спортшы оны ұзақ уақыт есінде сақтап қалатындай ету. Ол палуандардың техникалық даярлығы ретінде есеп алу, жан-жақты дайындық есебәнде норма тапсыру, жарысқа қатысу нәтижелері және емтихан түрінде өткізіледі. Егер палуанның білімі сынақпен емтихан кезінде тексерілетін болса шеберлігі техникалық әрекеттерді орындағанда, ал дағыдысы мен оның жетілу дәрежесі жарыстаррда тексеріледі. Әдістер мен жаттығу орындау кезінде мезгілімен қателіктерді түсініп отырса техниканы дұрыс игеруге ықпал етеді. Мұны әсіресе жаңа бастап жүрген палуанды үйретуге маңызы зор. Қате жіберудің негізгі себептері мына төмендегідей болуы мүмкін.

Күреспен айналысып жүрген адамның әлсіз болуы, әдісті толық түсінбей орындауы, мысалы палуандар жан-жақты дайындығы күші жағынан жетілмеген болса оларға жалпы дамытатын және арнаулы жаттығуларды жасау тапсырылады да оның орындалуына қиындық келтірген әдісті үйрету кейінге қалдырылады. Палуанның қатесін түзету үшін жаттықтырушы мынадай методикалық амалдарды пайдаланады. Палуандар әдістің қате жіберетін элементтерін бөліп алып, жеке орындайды, әдісті толық орындайды, бірақ бұл кезде қате кететін жеріне қатты көңіл аударады. Егер әдіс күрделі болғандықтан палуан қателесе берсе, онда жеңілдеу, әлсіздеу қолайлы қарсыласпен оны қайталап оны орындап үйрену керек.

 

  1. Бірте-бірте үйрену принципі.

Палуанның қандайда болмасын қасиеттерін жан-жақты дамытып оның тактикалық және техникалық әрекеттерді игеру үшін бірте-бірте үйрету принципін сақтаудың маңызы зор. Бір нәтижеге тезірек жету мақсатында палуанды шамадан тыс күшке салу оның денсаулығына зиян келтіреді. Палуанның ұдайы жаттығып жетілуін оған түсетін күштің көлемі мен интенсивтілігін бірте-бірте көбейтіп және азайтып тапсырманы да орындауды көздейтін оқу жаттығуды көздейтін методикалық жағынан дұрыс жоспарлау арқылы ғана қамтамасыз етуге болады. Жаттығу дәрежесіне сай келмейтіндей етіп күш салу немесе интенсивтік жаттыққаннан кейін мұндай түсетін күшті бірден азайту – бұл екі жағдай да палуан организмінің жалпы күйіне зиянын тигізеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ