Иондардың тәуелсіз тасымалдану заңы.

0

Жоспары:

  1. иондардың тәуелсіз тасымалдану заңы.
  2. Әлсіз электролиттердің диссоциация дәрежесін анықтау әдістері.
  3. Күшті электролиттердің электр өткізгіштігін анықтау әдістері.

Лекция мәтіні:

Ерітіндінің    эквивалентті электр өткізгіштігі сұйылту кезінде электролиттің диссоциациялану дәрежесіне және катион мен анионның абсолюттік жылдамдықтарының көбейтіндісіне тура пропорционал. Фарадей саны мұнда пропорционалдық коэффициенті. 7-теңдеуді Аррениус теңдеуі деп атайды. Одан көптеген өте маңызды салдарлар шығады.

Эксперимент нәтижелері негізінде Кольрауш сұйытылған ерітінділерде әрбір ион өзі эквиваленттік электр өткізгіштігінің белгілі бір үлесін қосады немесе эквивалентті электр өткізгіштік  катион мен анионның өткізгіштіктерінің қосындысы болып табылатындығы туралы қорытындыға келді.

λ = lа +lк

Мұндағы λ — шексіз сұйылтқандағы эквивалентті электр өткізгіштік, lк

катионның өткізгіштігі немесе қозғалғыштығы, lа – анионның өткізгіштігі немесе қозғалғыштығы.

            «Кольрауш заңы» шексіз сұйылтқанда эквивалентті электр өткізгіштік берілген электролиттің катион мен анионының қозғалғыштығының қосындысына тең.

            Кольрауш заңынан шығатын салдар:

«Үш электролиттің өткізгіштігін біле отырып, төртінші электролиттің электр өткізгіштігін есептеп табуға болады.

            λ(КСІ) = lк+ + lСІ-

            λ (NaCl) = l + lСІ-

            λ( КСІ) — λ (NaCl) = lк +  l

            λ(КҒ) =lк  + lҒ-

                λ(КҒ) — λ(КСІ) + λ( NaCl) = l + lҒ-

 lNа  +  lҒ-(NaҒ).

λ(NaҒ) =11,25 – 13,01 + 10,90 =9,025.

Осылай есептеп  шығарылған өткізгіштік эксперимент нәтижесімен тура келеді.

Электролиттердің   эквивалентті электр өткізгіштігі сұйылтуға тікелей байланысты болады.

λV =α (lк + lа)          (1)

(lк + lа)  орнына Кольрауш теңдеуіндегі   λ мәнін қоямыз.

λV =α λ   (2)

α = λV/ λ = λV / lк + lа   (3)

3-ші теңдеу әлсіз электорлиттер үшін ,ал күшті электролиттер үшін

fλ = λV / λ 

формуласы қолданылады.  Мұндағы   fλ – электрлік  өткізгіштік коэффициенті, ол электролиттің берілген концентрацияда тәжірибе жүзінде теориялық есептелгеннен өткізгіштіктің неше есе кем екендігін көрсететін шама.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ