Осмос қысымын есептеуге арналған Вант-Гофф теңдеуі және осмос қысымының маңызы.

0

Жоспары:

1.Осмос қысымы, оған арналған Вант-Гофф теңдеуі.

            2.Ванд-Гоффтың біріктірілген заңы.

3.Осмос қысымының маңызы.

Лекция мәтіні:

 Қамыс қанты ерітіндісінің әртүрлі концентрациясының осмостық қысымдарын зерттеп, Пфеффер менде Фриз алған нәтижелерін пайдалана отырып 1887 жылы Ван-Гофф осмостық қысым заңдылықтарын ашты. Ол күшті сұйытылған ерітіндінің осмостық қысымы идеал газ заңдарына бағытталумен анықталады. Тұрақты температурада осмостық қысым концентрацияға  тура пропорционал, еріген заттың массалық көлеміне кері пропорционал екендігімен анықталады.

Р1 2 = С12

            Егер концентрция тұрақты болса, осмостық қысым термодинамикалық температурасын тап.

                                   Р1 /Р =T1 / T2

            Бірдей температура мен бірдей концентрацияда әр түрлі заттардың бірдей осмостық қысымдары болады.Осы заңдылықтарды біріктіргенде осмостық қысымға арналған күй теңдеуін аламыз.

                                   P = m/v·RT = CRT    (Вант-Гофф теңдеуі)

Бұл формула бойынша клайпейрон – Менделеев теңдеуіне тура келеді.

                                   c=m/v – молярлық концентрация.

 R – универсал газ тұрақтысы, Т- термодинамикалық температура, С – концентрация төмен болған сайын Вант-Гофф теңдеуі орындалмайды. Концентрация жоғары болған сайын Вант-Гофф теңдеуінен ауытқулар болады.Жоғары концентрациялар кезінде вант-Гофф заңынан ауытқуларды ескеруге болады, егерде көлемдік молярлық концентрацияның орнына молялдық концентрацияны Сm қолданса болады.

                        P = CmRT = RT m1 / m2M· 1000

m1 – еріген зат массасы, m2 – ерітіндінің массасы. Вант-Гоффтың біріктірілген ерітіндінің осмостық қысымы еріген зат газ күйінде сол температураларды ерітіндінің көлеміндегі көлемде түсіретін газ қысымына тең болады. Сондықтан нағыз ерітіндідегі осмостық қысым үшін еріген бөлшектердің массасы, өлшемдері пішінін емес,тек бөлшектер санының ғана маңызы болады. Осмостық жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекетіндегі маңызы зор. Ол өсімдік сабағымен судың көтерілуін клетканың өсуін т.б. құбылыстарды қамтамасыз етеді. Бірдей жағдайда бірдей осмостық қысымдары болатын ерітінділер изотондық ерітінділер деп аталады.

            Клетка сыртындағы ерітіндінің осмостық қысымы клетка ішінен жоғары болса гипертондық ерітінділер, ал төмен болса гипотондық ерітінділер делінеді. Адам қанының осмостық қысымы 0,8 мПа. Мұндай осмостық қысым 0,9 0/0    NaCI ерітіндісінде де болады. Сондықтан мұндай концентрациялы ерітіндіні физиологиялық ерітінділер деп аталады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ