Сұйық қоспалардың бу қысымы

0

Жоспары:

1.Сұйытылған ерітінділердің  қайнау-қату температуралары.

2.Раульдің екінші заңы.

5.Криоскопия және эбулоскопия әдістердің қолданылуы

Лекция мәтіні:

            Ерітінділердің қату және қайнау температуралары оның үстіндегі қаныққан бу қысымына байланысты болады.Ерітінділер таза еріткішке қарағанда төмен температурада қатады және жоғары температурада қайнайды.ерітінділердің қату және қайнау процестерін француз ғалымы Рауль бөге-шегесіне зерттеп, 1822 жылы Раульдің екінші заңы деп аталған заңдылықты ашты.

            «Ерітінділердің қату температурасының төмендеуі немесе қайнау температурасының жоғарылауы оның моляльдық концентрациясына тура пропорционал болады.

                        ΔΤ қату =K·m               (4)

Мұндағы  ΔΤ – қату температурасының төмендеуі,  m = 1000 n / w- молялдық концентрация, n – еріген заттың моль саны,  w – еріткіштің массасы,K- криоскопиялық тұрақты деп аталатын коэффициент. (грекше криос-суық деген сөз).

            Криоскопиялық тұрақты – тұрақты шама болып табылады.

            m=1 болса, ΔΤ=K. Криоскопиялық тұрақты еріген зат және еріткіштің табиғатына байланысты болмайды.

            Еріткіш                      К

            Н2О                            1,86

            С6Н6                                    5,12

            СН3СООН                 3,90

            Криоскопиялық константамен эбулоскопиялық деп атауға болады.(латынша эбулио – қайнау). Е – эбулоскопиялық константа. Ол тек белгілі еріткішке ғана тән және 1 моль бейэлектролитті 1 кг еріткіште еріткенде қайнау температурасы қанша градусқа көтерілетінін  көрсететін шама.

             Зат                             Е

            Н2О                            0,516

            С6Н6                                    2,57

            Анилин                     3,69

            Этил спирті               1,16

            Сірке қышқылы        3,10

            Қайнау температурасы жоғарылауының математикалық өренгі 4-теңдеуге ұқсас болады. Тек мұнда криоскопиялық константаның орнында эбулоскопиялық константа болады.

                        ΔΤ қайнау =Е·m (5)

            Ерітінділердің қату температурасын өлшеуге негізделген әдістерді криоскопиялық әдістер, ал қайнау температурасының жоғарылауына негізделген әдістерді эбулоскопиялық әдістер деп атайды. Ерітділердің қату және қайнау температурасын есептеуге Бекманның диференциялық термометр қолданылады. Бұл термометрдің 5-60С-қа бөлінген шкаласы бар.

            Әрбір градус өз кезегінде градустың 10-нан 100-ден бір бөлегіне бөлінген. Сондықтан лупаның көмегімен 0,002 К-ге дейінгі дәлдікпен есептеулер жүргізуге болады. Бұл термометрдің ерекшелігі копиляр түтіктің жоғарғы жағында сынап құйылған қосымша резервуар болады. ΔΤ- анықтағанда алдымен таза еріткіштің қайнау (қату) температурасын, есептеп, одан кейін ерітінділердің қайнау (қату) температурасын өлшейді. Екуінің айырмашылығы  ΔΤ-ны құрайды. Криоскопиялық әдісте көп жағдайда заттардың молекулалық массасын анықтау үшін қолданылады. Раульдің екінші заңынан

                                   ΔT=K·1000·n/W         (6)

Мұндағы К-судың криоскопиялық константасы, n – еріген заттың моль саны, w-еріткіштің массасы.

 n=m/M

Бұдан

                                   M=K·1000·n/WΔT

Мысалы қанттың ерітіндісінде 25 10-3кг суда 17 10-5кг қант еріген болса,ол 273,123 К температурада қатады.

            М=1,86·1000·17·10-5 кг /25 10-3·0,037 ⋲342

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ