Негізгі термодинамикалық түсініктер

0

Жоспары:

1.Жүйенің параметрлері, экстенсивті және интенсивті параметрлер.

2.Термодинамикалық процесс:изохоралық, изобаралық, изотермиялық процестер.

3.Жүйенің ішкі энергиясы және энтальпия түсінігі.

Лекция мәтіні:

Кез келген  термодинамикалық  жүйеде энергияның  белгілі  бір қоры болады, оны ішкі  энергия  деп атайды, оны U  деп белгілейді. Жүйенің толық ішкі  энергиясын  анықтау  мүмкін емес. Бірақ  экспериментальді  түрде  жүйенің ішкі  энергиясының өзгерісін ол бір күйден екінші  күйге өткенде есептеуге болады. Егер  бірінші  күйдегі жүйенің энергиясын U деп белгілесек, ал екінші күйдегі ішкі  энергия  U деп  белгілесек, онда  жүйеге бірінші  күйден екінші күйге өткендегі ішкі энергиясын DU = U- Uдеп белгілейміз.

            Изоляцияланған жүйеде барлық энергия түрлерінің  мөлшері тұрақты. Себебі ол осы жүйені құраушы бөліктердің әрекеттесуі  нәтижесінде өзгермейді. Жекеленген изоляцияланған  жүйеде жалпы энергиялар жиындысы U әрпімен  белгілесек, ол константа болады.

                        åE=U=const.

            Термодинамикалық жүйенің ең маңызды сипаттамаларының бірі  энтальпия деп аталады.,ол Н әрпімен белгіленеді.Ішкі энергия U ұқсас энтальпияда жүйе жағдайының функциясы саналады. Энтальпия өзгерісі  — процестің, үрдістің жүру жолына байланысты болмай, бәлкім жүйенің бастапқы  және соңғы жағдайларына ғана байланысты болады. Энтальпия ішкі энергиямен байланыста болады. Оның байланыстылығын төмендегі формуламен сипаттаса болады:

                        Н =U+pV

Бұл жерде Н –энтальпия, U – жүйенің ішкі энергиясы, p – қысым, V – жүйенің көлемі. Практика жағдайында энтальпия өзгерісін төмендегі формула бойынша анықтаса болады:

                        ΔН = Н2 – Н1

            Жүйенің бір бөлігінен екінші бөлігіне  энергияны өткізу әдістері, жолдары ол жылулық және атқарылған жұмыс саналады. Егер де энергия қоршаған ортадан – жүйеге өтетін болса, үрдіс жылулығын оң деп саналады.

            Q>0, ал оң жылулық эффектімен жүретін үрдістерді,процестерді эндотермиялық процестер деп аталады, ал кері процесс жылулықжүйеден, сыртқы ортаға шығатын болса, бұл процесс теріс жылулық эффекті бар процесс саналады. Мұндай процесті эндотермиялық процесс деп атайды.

            Q<O

Мына нәрсені есте сақтау жөн:

            Термодинамикалық жүйелерде термодинамикалық жүйелерге қарама-қарсы, керсінше химиялық реакция үрдісінде ажыралатын жылулық оң белгіленеді, ал жұтылатын жылулық теріс белгіленеді.

            Басқаша айтқанда, термодинамикалық жылулықты  Q деп белгілесек, ал термохимиялық жылулықты Ō белгілейміз, онда Q = Ō . Демек, термохимиялық процестерде жылулық сыртқы ортаға шығатын болса, оң жылулық саналады, ал жұтылса теріс саналады.

            Жүйенің көлемі өзгермеген жағдайда жылулық эффектілері, бұлар изохорлық жылулық эффектілері деп аталады. Қысым өзгермес жағдайдағы жылулық эффектілері изобарлық жылулық эффектілері деп аталады. Орындалған жұмысты оң деп санау – жүйе қоршаған орта үстінен жұмысты орындағанда саналады.

Жұмыс 2 шамамен анықталады:

1.Интенсивтік фактор

2.Экстенсивтік сыйымдылық  факторы

            Егер де интенсивтік факторы тұрақты шама болса,онда берілген процестегі орындалған жұмыс интенсиытік факторымен  сыйымдылық факторның өзгерісіне, көбейтіндісіне тең.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ