Заттар алмасуының өзара байланыстары.

0

1.Гормондар.

2.Гормондар химиялық құрылымы

  1. Зат алмасуының өзара байланыстары

    Денеде жүйкеден басқа, сонымен қатар, жалпы тәннің қызметін дұрыс жүргізіп отыратын, биологиялық әрекетшіл заттар жасап шығаратын арнаулы мүшелер – бездер да бар.

    Бездердің екі түрі белгілі. Арнаулы өзектері жоқ және ағып өтетін қанға заттар бөліп шығаратын бездер ішкі секреция бзі деп аталады.

    Осы бездердің ішінде түзілетін биологиялық әрекетшіл заттарды гормон деп атайды.

    Гормондар деп биологиялық әрекетшіл заттарды, организмдегі метаболизм, зат алмасу сарынын үдететін, өсу, көбею, қарқынын, сол сияқты алуан түрлі т.б. маңызды функцияларды реттеушілерді айтады.

    Гормондардың әсер ету механизмі плазмалық мембранамен байланысқан рецепторлармен / аденилатциклаза ферментімен / өзара әрекеттесуден басталады. Гормондардың өзі клеткаға енбейді, бірақ аденилатциклаза ферментіне қолайлы жағдай туғызу жолымен, яғни оны активтендіру арқылы, әрекет етеді. Осының нәтижесінде, клеткадағы цАМФ мөлшері көбейеді, оны  екінші қатардағы реттегіш деп атайды.

                  аденилатциклаза

       АТФ                                     цАМФ + АДФ

     Стероидты гормондардың рецепторлары цитоплазмада орналасқан. Нысана клеткамен кездескенде стероидты гормондар цитоплазма мембранасы арқылы өтіп кетеді. Клетка ішінде арнаулы рецепторлармен байланысады. Осыдан гормон –рецептор жиынтығы /комплексі/ пайда болады. Ол әрі қарай ядроға өтіп хроматиннің арнайы бөлігімен байланысады және белгілі бір гендер транскрипциясының жылдамдығын өзгертеді.

      Гормондар химиялық құрылымы, атқаратын функциясы және түзілетін орындарына байланысты жәктеледі. Химиялық табиғатына қарап гормондарды үш класқа бөледі.

     Бірінші класс. Белоктық, немесе пептидтік гормондар /инсулин, гипофиз, қалқанша және т.б. бездерінің гормондары/.

      Екінші класс.Стероидтар туындысы болып келетін гормондар /бүйрек үсті бездерінің ми қабаты гормондары, жыныс гормондары/.

        Үшінші класс. Амин қышқылдарының туындысы болып келетін гормондар/ тироксин, адреналин т.б/.

        Гормоноидтар деп химиялық құрылысы жағынан әр тектес, бірақ организмнің көптеген физиологиялық процестеріне күшті әсер ететін заттарды айтамыз.

        Гормондар мен гормоноидтардың айырмашылығы мынада : гормондар тектес белгілі бір органдарда түзілсе, гормонидтар әр түрлі органдар мен ткандерде түзіледі. Гормоноидтардың биологиялық әсері өте қысқа мерзім ішінде өтеді. Оларға жататындар : асқорыту жүйесінің гормоноидтары, нейрогормондар және простогландиндер.

         Гастрин – қарынның кілегейлі қабықшасынан бөлініп шығатын биологиялық ерекше зат. Оның қарын сөлін бөліп, тұз қышқылының түзілуіне себепші болатын әсері бар.

       Секретин – ішектің кілегейлі қабықшасындағы зат. Ішек сөлін бөліп шығарады.

       Нейрогормондар – жүйке ұштарында және клеткааралық кеңістікте болады.

       Гистамин – қарын ішінде қарын сөлін бөліп шығарады, қарынның моторлық қызметін күшейтеді.

       Ацетилхолин – жүйке қозуын клеткадан клеткаға жеткізіп отыратын медиатор.

       Серотонин – бұлшықеттердің жиырылуын және жүйке импульстерінің берілуін жүзеге асырады.

        Простогландиндер /ПГ/  дегеніміз көпқанықпаған гидроксил май қышқылы. Простогландин деп аталуы, ол ең алғаш рет қуық түбі безінің /простаттың/ ұрықтық сұйық затынан бөлініп алынды.

      Зат алмасуының өзара байланыстары орталық жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері арқылы реттеледі. Реттелу ферменттермен, гормондармен, цАМФ- пен биохимиялық реакциялардың жалпы өнімдерімен іске асырылады. Көптеген метоболиттық жолдардың қиылысында тұрған

« торапты » метаболитке пирожүзім қышқылы жатады.

     Ацетил – КоА көмірсулар мен майлардың алмасуын байланыстырушы түйін болып келеді. Осы жерде екі алмасу бір – біріне айнала алады, бірігеді.

     Майлардың көмірсуларға айналуы. Бұл процессқысқы ұзақ ұйқыға түсетін организмдерде болады. Қыста тыныс алу коэффициенті өте төмен –0,4- 0,6.

      Жоғары май қышқылдарының В – тотығуынан ацетил – КоА, ал одан пируват және т.б, анаэробиозаға тән, заттар пайда болады. Міне, бұл да майлардың көмірсуларға айнала алатындығының мысалы бола алады.

       Екі алмасудың байланыстырушы түйіні пирожүзім қышқылы болады. Пируваттан, фенилаланин, тирозин, триптофан,гистидин және басқалары пайда бола алады. Керісінше, белоктардан көмірсулар түзілуі мүмкін. Көптеген амин қышқылдарынан организмде пирожүзім қышқылы түзіле алады, ал пируваттан көмірсуларға өту күрделі емес.

        Ацетил –КоА қымыздық сірке қышқылымен конденсацияланып Кребс цикліне түсіп В – кетоглутар қышқылының түзілуін қамтамасыз етеді, ал соңғысы  глютамин қышқылына айналады.

        Керісінше, майлардың белоктардан пайда болуы мүмкін. Амин қышқылдарының ыдырауынан пирожүзім қышқылы пайда болса, ал одан тотыға декарбоксильдену арқылы ацетил – КоА түзіледі.

       Амин қышқылдары /аспарагин, глицин, глутамин/ пурин және пиримидин сақиналарын құруға қатынасады.

       Нуклеин қышқылдарымен көмірсу алмасуларының арасында да байланыстар бар.

       Пурин және пиримидин нуклеотидтерінің құрамды бөліктері  -Д- рибоза және Д- оксирибоза – нуклеин қышқылдарының молекуласына көмірсулардың ыдырауы есебінен түседі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ