Судың және минералдық заттардың алмасуы.

0

1.Судың алмасуы.

2.Минералдық заттардың алмасуы

 

    Судың  физикалық – химиялық қасиеттері оның алмасуына айтарлықтай әсер етеді. Тканьдер және клеткалар судың экзо және эндогендік деген екі түрін пайдаланады. Экзогендік су организмге сырттан азықпен, ішетін сумен түседі. Метаболизм реакциясының барысында организмнің ішінде түзілетін суды эндогендік су деп атайды.

     Су, бүкіл ас қорыту жолы бойы, оның шырышты қабығымен сіңіріледі. Су алмасуы жалпы зат алмасуының құрамды бөлігі.

      Тканьдермен клеткаларға суды көбіне альбуминдер мен глоболиндер тасымалдайды.

     Натрий тұздары, әсіресе хлоридтері, белоктардың суды қосып  алуына мүмкіндік туғызса, ал кальций тұздары керісінше, бұл мүмкіндікті азайтып, судың организмнен шығуына жағдай жасайды.

     Су алмасуы су балансымен сипатталады. Су балансы деп организмге қабылданған сумен шығарылған судың қатынасын айтады.

     Су организмнен несеппен 50%, термен, тыныс шығарған ауадағы су буымен бірге 35% және нәжіспен 15 % шығарылады. Организмге түскен су одан үздіксіз шығып отыратын судың орнын толықтырып отыруы керек.

     Су алмасуы нейрогуморольдық жолмен, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерімен реттеледі.

      Ет қоректілерге қарағанда өсімдік қоректілерге ауыз суы кемірек керек.

      Су алмасуын реттеуде көптеген ішкі секреция бездері қатысады. Тироксин, паратгормон, андрогендер, және эстрогендер судың бүйректермен бөлінуін демейді.

      Минералды элементтер  алмасуы дегеніміз сыртқы ортадан ас қорыту жолдары арқылы организмге еніп, сіңуі, органдар мен тканьдерде жиналып, алмасуы, содан кейін қайта сыртқа шығарылуы.

      Минералды заттардың белгілі мөлшері қарында, негізгі массасы – ащы ішектің шырышты қабығында, ал бірен – сараны тоқ ішекте сіңіріледі.

      Сіңірілген минералды заттар клеткааралық кеңістік арқылы қан жарым – жартылай лимфа жүйесінде, ол одан шажырқай арқылы ең аяғында бауырға және алдыңғы қуыс көктамырға келеді. Содан кейін бүкіл организмге тарайды да клеткалар мен тканьдер оларды пайдаланады.

       Макро — және микроэлементтердің организмде маңызды органдар мен тканьдерде белгілі бір заңдылықпен шоғырлануын байқаймыз. Мәселен, кальций, магний, фтор, стронций, қорғасын және т.б. сүйекте ; темір – жілік, майында, көк бауырда, мырыш пен марганец – ұйқы безінде; калий – клетка ішінде, натрий – клеткадан тыс сұйықта шоғырланады.

      Минералды алмасудың ақырғы өнімдері организмнен несеппен, термен және нәжіспен шығарылады.

       Кальций организмде әр түрлі қызмет атқарады. Ол, жарақаттанған жерде жарылған тромбоциттен бөлініп шыққан фермент тромбокиназаның қызметін жетілдіріп протромбиннің тромбинге айналуын жеделдетеді.

        Организмде фосфор органикалық және минералды қосылыстар құрамында кездеседі. Барлық қосылыстарда организм құрылысының пластикалық материалы ретінде пайдаланылады. Фосфордың организмдегі активтілігі өте жоғары. Атқаратын маңызы зор. Ол, сүйек, күрделі белоктар, майлар және көмірсулар құрамына кіреді.

      Зат алмасу процестерінде кальциймен және фосформен тығыз байланысты элемент.Магний АТФ мен миозиннің,

р –РНК, т-РНК және и-РНК –ның араларында көпірше қызметін атқарады.

       Натрий алмасуы организмдегі калиймен тығыз байланысты. Натрий ас қорыту жолына ас тұзы құрамында түседі. Натрий алмасуы өте қарқынды жүреді. Мәселен, бір тәуліктің ішінде сүйек пен қанда 30-40 % алмасады.

     Күкірт. Денедегі көлемі 0,12-0,20%. Ол  организмде негізінен күрделі органикалық қосылыстар құрамында және күкірт құрамды амин қышқылдарында кездеседі. Олар цистин, цистеин, метионин.

     Темір организмдегі зат алмасу процестерінде маңызы зор бірқатар тотығу – тотықсыздану реакцияларына қатысады.

      Жануарлар тіршілігінде мыс ерекше орын алады. Ол да темір сияқты қанның дұрыс түзілуіне қажет элемент.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ