Тыныс алу тотығу-тотықсыздану процесстері.

0

1.Биологиялық тотығу

  1. Тыныс алу тотығу-тотықсыздану процесстері.

Тыныс алу кезінде  оттегінің ткандерде сутек және көміртек атомдарымен қосылуынан СО2, Н2О және энергия пайда болады. Яғни, органикалық заттар диссимиляция процестеріне ұшырап, энергия бөліп шығару арқылы ыдырайды, бұл энергия организмнің бүкіл тіршілік процестеріне және өзінің құрылымын белсенді күйде ұстауға пайдаланылады. Жалпы алғанда, тыныс алу процесін былайша жазуға болады :

  С6Н12О6 +602                                              6СО2+6Н2О+2881 кДж/моль

     Тыныс алу –зат алмасу және энергия көзі. Энергетикалық тиімділігі жағынан бірдей бола тұрса да, органикалқы заттардың жану химизмдерімен  олардың биологиялық тотығуларының /тыныс алуларының/ арасында айырмашылықтары да бар. Олар төмендегідей:

  1. Жану процесі жоғары температурада өтсе, ткандердің тыныс алуы организмнің қалыпты температурасында 36,5 370С өтеді.
  2. Жану кезінде энергия жылу түрінде бөлініп шықса, биологиялық тотығуда макроэргиялық фосфорлы қосылыстар түрінде бөлініп, сол қосылыстарда жинақталады /шоғырланады/.
  3. Жануда энергия бірден /лезде/ бөлініп шықса, ал биологиялық тотығуларда ол ұзын тізбекті бір ізділікпен жүретін реакциялардың нәтижесінде біртіндеп /сатылап/ өте аз мөлшерде бөлініп шығады.
  4. Жану сулы ортада мүмкін емес болса, ал биологиялық тотығуда су өте қажет.

 

Сонымен, тыныс  алу процесі кезінде субстрат оттегімен

әрекеттесіп  тотығатындықтан тыныс алу процесін тотығу процесі ретінде қарастыруға болады. Бұл кезде тотығатын зат есебінен басқа зат тотықсызданады. Химиялық тұрғыдан алып қарағанда, оттегін қосып алу, сутегін бөліп алу, суды қосып алу/ келесі кезекте одан сутегін бөліп ала отырып/, электронды бөліп алу құбылыстары тотығу реакциялары болып табылады. Тотығу реакцияларының бұл барлық түрлері оттек, сутек және электронның жәрдемімен өтеді.

 

 

         Аэробтық тыныс алу кезінде пируват Кребс циклі деп аталатын  өзгерістердің күрделі циклінен өтеді. Бүкіл гликолиз процесі   аэробтық  тыныс алу  кезінде пируват Кребс циклі деп аталатын өзгерістердің күрделі  циклінен өтеді. Бүкіл гликолиз процесі аэробтық тыныс алудың бірінші кезеңінде өтеді. Аэробты тыныс алу кезінде пируват ең алдымен тотығу декарбоксилдену процесіне ұшырайды. Ол клеткаларда А ацетилкоферментіне дейін тотығады. Бұл процесс бес кезеңде өтеді, оған пируват – дегидрогеназа деген аса күрделі мультиферменттік комплекс қатысады.

        Қорыта айтқанда, глюкозаның бір моліне АТФ –ның 38 молі түзіле алады. АТФ –ның макроэргиялық байланысында 25,1 –58, 6 кДж /моль энергия шоғырланады. Гидролиз кезінде олар бөлініп шығады. Тұтасымен алғанда, аэробтық  тыныс алудың энергетикалық тиімділігі 55 % -ке жуық болады, яғни пайдалы әсер коэффициенті 0,5 тен деген сөз. Энергияның қалған мөлшері жылу түрінде бөлініп шығады. 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ