Ген биохимиясы және генетикалық хабардың берілуі.

0

1.Ген туралы түсінік

2.Репликация, транскрипция процесстері

3.Белок биосинтезі

Ген – тұқым қуалаушылықтың материалдық бірлігі, ДНК молекуласының бөлігі болып табылады. Клетка ядросының хромосомаларында болады. Белгілі – бір геннің хромосомада орналасу орнын локус деп атайды. Гендердің жиынтығын геном дейді.

Белоктың бір молекуласының синтезін анықтайтын ДНК- ның бөлігін ген деп атайды.

Амин қышқылдарының саны 20, ал нуклеотидтер –4, демек амин қышқылдарының әрқайсысына бірнеше нуклеотидтен құралған үйлесім сәйкес келуге тиіс. Бұл сәйкес үйлесім үш нуклеотидтен тұрады, оны триплет деп атайды.

Генетикалық хабар ағыны ДНК –дан  и- РНК арқылы белокқа бағытталған. ДНК- дағы хабар толықтырушы принципке сай и- РНК-ға көшіріледі. Бұл процесс транкрипция деп аталады.

Транскрипцияның нәтижесінде ДНК –ның бөлігіндегі жазылған хабар и – РНК –ға көшіріледі. И- РНК –ға көшірілген хабар рибосомаға жеткізіледі.

Белок цитоплазманың құрамындағы рибосома деген органоидтерде түзіледі. Белоктардың биосинтезіне барлық 20 амин қышқылы, АТФ, ГТФ, магний ионы, әр түрлі ферменттер, РНК –ның барлық түрлері, рибосомалар, инициация, элонгация, терминация, факторлары т.б. керек.

Бірінші саты. Амин қышқылдарын активтендіру және аминоацил –т – РНК – ның пайда болуы.

Екінші саты. Белоксинтездеуші жинақтың рибосомадан және РНК –дан пайда болуы.

Үшінші сатысы. Полипептидтік тізбектің синтезі трансляция.

Трансляцияны үш сатыға айырады :

а/ инициация немесе полипептидтік тізбекті түзудің басталуы,

ә/ элонгация немесе пептидтік тізбектің ұзаруы

б/ терминация, немесе пептидтік түзілудің аяқталуы.

Жоғарыда айтылып кеткендей амин қышқылдарының үшінші бөлігі организмде көптеген реакцияларға ұшырайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ