Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесі

0

Сабақтың мақсаты:Студенттерді жұлын мен оның құрылымдарын,оның ақ заты мен сұр затын, ми қабықтарын атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға  және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету, сонымен бірге жұлын жүйкелерінің қалыптасуы ,олардың бұтақтануы,жүйке тарамдары мен жүйкелену облыстары туралы айта білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Жүйке жүйесі оның бөлімдерге бөлінуі.Жұлын –орталық жүйке жүйесінің бөлімі ретінде.Морфологиялық сипаттамасы: орналасуы,ұзындығы,диаметрі. Жұлынның бөлімдері: нағыз жұлын,ми конусы,терминалды жіпше,қуыс және сайлар. Ми қабықтары:қатты,өрмек,тамырлы; олардың арасындағы кеңістік,тіс тәрізді байламдар.

Жұлынның көлденең кесіндісіндегі  құрылысы .Сұр заты,орналасуы, бөлімдері.Ретикулярлы формация және ядролық орталықтар,ядролардың мысалдары. Ақ зат орналасуы, бөлімдері . Жұлынның әртүрлі деңгейлеріндегі ақ заты мен сұр затының пішіндері және қатынасы. Жұлынның сегменті туралы түсінік; сегменттердің саны, олардың бөлімдерге бөлінуі. Жұлынның бөлімдері бойынша қатынасы. Жұлынның  мүйіздері туралы түсінік. Нейрондардың функционалдық үш типі.Үшмүшелі соматикалық рефлекторлы доға туралы түсінік. Жұлынның жүйкелері олардың қалыптасуы,табиғаты.Өрімдер: мойын,иық,бел,сегізкөз.

 Оқу материалы: Жұлынның жасанды муляжы, планшет тер, таблицалар.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі  “Неврология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, муляж дар мен планшет тердегі жұлынның бөлімдері мен құрылымдарын қарап шығу керек. Студенттер жұлынның құрылысын көз алдарына нақты елестете білу керек. Жұлынның жуандауларын қарастырғанда олардың жүйкелендіруге байланыстылығын  ұмытпау керек. Нағыз жұлын төменгі шекарасы майдан өтетіндігіне көңіл бөлу керек. Жұлынның сегменттерінің омыртқа жотасының бөлімдері мен қарым қатынасына көңіл бөліну қажет. Жұлынның қабықтары:қатты,өрмек,тамырлы қабықтарын қарастыру керек.Бес түрлі сайды көрсете біліп,вентралды тес ікті көрсету керек. Жұлынның дорсалды,вентралды,латералды мүйіздерін көрсетіп, олардың тек жұлынның белгілі бір сегменттерде ғана болатындығына көңіл бөлінуі керек

Бақылау сұрақтары:

Жүйке жүйесі оның бөлімдерге бөлінуі

Жүйке ұлпасы оның компоненттері.

Нейроглия ,оның түрлері ,қызметі.

Нейрондардың құрылысы.

Нейрондардың типтері.

Сұр зат, ретикулярлы формация ,ақ зат туралы түсінік

Жүйке талшықтары туралы түсінік

Жұлынның жалпы сипаттамасы.

Жұлынның қабықтары,байламдары, қарыншалары.

Соматикалық рефлекторлы доға туралы түсінік

Жұлынның сегменті туралы түсінік

Жұлынның жүйкелері.

 

 Негізгі  және қосымша түсініктер: орталық жүйке жүйесі ,ми конусы ,терминалды жіпше, қатты,өрмек,тамырлы қабықтар,бағана, жүйке жүйесі,жүйке ұлпасы ,нейроглия,нейрон ,аксон,талшық,эндоневрий,периневрий,эпиневрий,сұр зат, ақ зат, ретикулярлы формация ,ядролық орталық,мүйіз,тамырша,орталық өзек,ақ байлам,өткізгіш жолдар,сегмент,рефлекторлы доға,жұлын ганглийі,жұлын жүйкесі,өрім.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ