Мидың бөлімдері Жүйке жүйесінің вегатативтік бөлігі

0

Жоспар:

            1.Аралық мидың құрылысы мен қызметі.

            2.Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі.

  1. Ми қыртысы ,оның қабаттары.
  2. Қиян жүйке жүйесі
  3. Жүйке жүйесінің вегетативті(ерекшеленген) бөлігі.

            Аралық ми ортаңғы мидың және мидың ақ затының үстінде орналасады.Аралық миға таламус(көру төмпегі)пен гипоталамус және оның ішкі қуысы мидың 3-ші қарыншасы жатады.Таламус аймағы нағыз таламус,артқы таламус және эпиталамус аймақтарына бөлінеді .Таламуста 40 шақты ядро ,әртүрлі орталықтар болады.Гипоталамуста дене қызуын реттейтін ,зат алмасуды реттейтін ,ішкі бездерге әсер ететі н 32-ден астам ядро лар орналасқан.

            Үлкен  ми –милардың ішіндегі ең үлкені ,ол ми сауытының едәуір бөлігін толтырып тұрады.Үлкен миды тік бағытта дәл ортасынан терең ұзынша жүлге мидың екі сыңарына бөледі.Оларды оң және сол жақ ми сыарлары деп атайды.Бұл ми сыңарлары дәнекер ақ дене арқылы бірігеді.Әрбір ми сыңарының ішінде бір-бірден қуыс болады .Ол қуыстар мидың 1-ші және 2-ші қарыншалары немесе бүйір қарыншлары деп аталады. Мидың ұзын жүлгесі шүйде тұсында көлденең жүлгеге тіреледі.Әрбір ми сыңарында жүлгелер иірімдер болады.

            Үлкен мидың маңдай,төбе, самай, шүйде,жиек және аралшық деп аталатын бөлімдері болады.Бұл алты бөлімді бүйір,орталық төбе,шүйде,белдеу және терең жүлге бөліп тұрады.Үлкен ми құрылысы ,қызметі және шығу тегіне байланысты 3 бөлімге бөлінеді.

            1)Орталық түйіндер-базальды ганглий

            2)Үлкен мидың бүйір қарыншалары

            3)Үлкен мидың қыртысы.

            Орталық түйіндерге жолақты дене,шарбақ де2не , баламша тәрізді ядролар жатады.Жолақты дене құйрықты ядро мен бұршақ тәрізді ядродан тұрады.Бүйір қарынша жұптасып орналасып,қарыншалардың қуысы 4 мүйіске бөлінеді.

            Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады.

  1. Молекулалық қабат
  2. Сырқы түйіршікті қабат
  3. Пирамидалық қабат
  4. Ішкі түйіршікті қабат
  5. Түйінді ганглиозды қабат
  6. Көп құрылысты қабат

Ми қыртысының қалыңдығы орта есеппен 2-3 мм-ге жетеді.Онда көптеген шамамен 14 млн-дай нейрондар болады.Үлкен мидың әрекетін жоғары дәрежелі жүйке қызметі деп атайды.

            Қиян жүйке жүйесіне 12 жұп ми жүйкелері және 31 жұп жұлын жүйкелері жатады.Қиян жүйке жүйесін соматикалық жүйке жүйесі деп те атайды. Соматикалық жүйкелер адамның денесіндегі алшақ жатқан мүшелерді бұлшық ет,буын ,терілерді жүйкелермен жабдықтайды.Жүйке жасушасының өсінділерінен түзілген талшықтар ұзын жіпке ұқсас жұмыр ақ түсті болып келеді.Бұл талшықтардың бірнеше мыңы бірігіп,жүйке тамырын түзеді.Бірнеше жүйке талшықтары буда түзеді. Құрамындағы талшықтардың морфологиясына және қызметтеріне қарай жүйкелер:

  1. Сездіргіш жүйке (рецептордан басталып,ми немесе жұлын түйіндерінде үзіліп өтеді)
  2. Қозғалтқыш жүйке (мидан,жұлыннан басталып,үзілмей мүшеге жетеді.)
  3. Аралас жүйке (құрамында сездіргіш жүйке мен қозғалтқыш жүйкелердің екеуі де болады.) болып бөлінеді.

Адамдарда жұлын жүйкелері 31 жұп болады,халық оны 62 тамыр деп те атайды.Жұлын жүйкелерін мынадай топтарға бөледі:

  1. Мойын жүйкелері 8 жұп
  2. Көкірек жүйкелері 12 жұп
  3. Бел жүйкелері 5 жұп
  4. Сегізкөз жүйкелері 5 жұп
  5. Құйымшақ жүйкелері 1 жұп

Жұлын жүйкелері жұлынның алдыңғы және артқы түбірлерінің қосылуынан пайда болады.

Ми жүйкелері деп адамдарда 12 жұп блып,мидан басталып бас мүшелерін жүйкелендіретін жүйкелерді айтады.Атқаратын қызметіне қарай олар:

1.Сезімтал

2.Қозғалтқыш

3.Нім шығарғыш

4.Аралас жүйкелер болып жіктеледі.

            Олар рим сандарымен белгіленеді.

            I.жұп иіс сезу жүйкесі

            II.жұп көру жүйкесі

            III.жұп көзді қимылдататын жүйке

            IV.жұп шығыр жүйкесі

            V.жұп үшкіл жүйке

            VI.жұп бұрушы жүйке

            VII.жұп бет жүйкесі

            VIII.жұп кіреберіс-құрыш жүйкесі

            IX.жұп тіл-жұтқыншақ жүйкесі

            X.жұп кезбе жүйке

            XI.жұп қосымша жүйке

            XII.жұп тіласты жүйкесі

Бұл жүйкелер мидан басталып,бастың әртүрлі мүшалерін жүйкелендіріп,әрқайсысы өзіне тән қызметтер атқарады.

                        Жүйке жүйесінің вегетативті(ерекшеленген) бөлігі.

            Жүйке жүйесінің барлық ішкі мүшелерді,қан және сарысу тамырларын,бездерді,бірыңғай салалы және кейбір көлденең жолақты бұлшық еттерді жүйкемен жабдықтайтын бөлігі вегетативті(ерекшеленген) жүйке жүйесі деп аталады. Вегетативті(ерекшеленген) жүйке жүйесі де орталық және қиян бөлімдерден тұрады.Орталық бөлімдері ми мен жұлында жатып,ядролар және орталықтар түзеді.Шткі бөлігі бірнеше жүйке түйінінен және жүйке талшықтарынан түзіледі.Ерекше жүйке жүйесінің қозуды тарататын нейронының денесі мүшеге жақын шеткі түйіндерде жатады.Ал аралық нейрон біреу немесе бірнешеу болып орталық ми және жұлын жүйкелері алдыңғы түбірлерінде орналасады.Құрылысы мен қызметтеріне байланысты ерекшеленген жүйке жүйесі 2 бөлімге бөлінеді.

            1.симпатикалық бөлім

            2.парасимпатикалық бөлім

            Симпатикалық бөлім орталық жүйке жүйесінің тек жұлын бөлігінен шығып,омыртқа жотасын бойлай жататын 21-22 тізбек симпатикалық жүйке түйіндерін түзеді. Симпатикалық бөлім  жүйкелері өзделімен жалғасқан мүшелерді қоздырады және зат алмасуды арттырады.

            Парасимпатикалық бөлім ми мен жұлыннан 2 бөлек болып тарқалады.Ол орталық ми мен сегізкөз бөлігі және қиян бөліктерден тұрады.Парасимпатикалық жүйкелердің түйіндері мүшелердің өзінде немесе жанында болады. Парасимпатикалық жүйкелерден келген қозулар симпатикалық қозуларға қарама –қарсы әсер етеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ