Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі Асқазан.Ішектер

0

Сабақтың мақсаты:Студенттерді ас қорыту жүйесінің мүшелерінің ішіндегі асқазан мен ішектерді атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға  және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.

            Сабақтың мазмұны:  Асқазан : топографиясы,піші ні ,вентралдыв және дорсалды бестері,медиалды және латералды шеттері, бөлімдері:кардиалды бөлімі,түбі; денесі,пилорикалық бөлімі . Қабырғасының құрылымдық ерекшеліктері: энтодермалды эпителий, сілемейлі қабат қатпарлары, асқазан аймақтары, асқазан шұңқырлары. Асқазан  бездерінің құрылысы,олардың  бөлімдері, түбі,денесі,мойны,шығанағы. Бездер топтары: фундалды,кардиалды,пилорикалық.

Жіңішке ішек оның бөлімдері:ұлтабар,ащы,мықын ішектер. Қабырғасының құрылысы: құрылымдық –функционалдық ерекшеліктері.Бүрлер мен микробүрлердің құрылысы, Қабырғалық ас қорыту туралы түсінік.Қатпарлардың құрылысы.

Тоқ ішек : оның бөлімдері соқыр ішек және құрт тәрізді өсінді, Жиек ішек,  оның бөлімдері,тік ішек. Қабырғасының құрылының ерекшеліктері,бүрлерінің болмауы,гаустрлардың,ұзына бойы ет ленталарының болуы.

 Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшет тер, формалинге салдынған мүшелер,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер..

            СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі  “Ас қорыту жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалингге салынған ас қорыту мүшелерін атап, есте сақтау керек.Студенттер асқазан мен ішектердің жалпы құрылысы көз алдарына нақты елестете білу керек.Асқазанның құрылысын қарастырғанда мұндағы бездердің клеткалық құрамына назар аудару керек.Сонымен қатар бұл мүшелердің абырғаларының үш қатарбұлшық ет қабаттарынан тұратындығын(тік,шеңберлі,қиғаш)  есте сақтау керек. Студенттер ішектердің құрылысын қарастырғанда олардың : құрылымдық –функционалдық бірліктеріне; бүрлеріне ,қатпарларына көңіл бөлу керек.Тоқ ішектің құрылысын қарастырғанда гаустрларға, құрт тәрізді өсіндіге бадамша ретінде қарау керек.

Бақылау сұрақтары:

Асқазанның жалпы құрылысы

Асқазанның бөлімдері

Асқазан  бездерінің құрылысы

Жіңішке ішек: оның бөлімдері

Ұлтабар,ащы,мықын ішектер

Тоқ ішек : оның бөлімдері

Соқыр ішек және құрт тәрізді өсінді

Жиек ішек,  оның бөлімдері,тік ішек

 Негізгі  және қосымша түсініктер: Асқазан;кардиалды бөлімі, асқазан шұңқырлары ,асқазан аймақтары. Жіңішке ішек ,ұлтабар ,ащы,мықын ішектер. Тоқ ішек; соқыр ішек және құрт тәрізді өсінді. Жиек ішек ,тік ішак.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ