Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет жүйесі Қолдың бұлшық еттері

0

Сабақтың мақсаты:Студенттерді жоғарғы иық буыны мен ер кін қолдың  негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

            Сабақтың мазмұны: Жоғарғы иық буыны  еттері дельта тәрізді,жал асты,жал үсті, көкіректің алкен,арқаның жалпақ,үлкен және кіші жұмыр,жауырын асты еттері.Шынтақ буынының еттері:иықтың екі басты еті, білек еті, иықтың үш басты еті,шынтақ еті,жұмыр және текше пронатор, супинатор.

            Шыбық білезік буынының еттері: саусақтың шынтақ және шыбық бүккіш еттері саусақтың шынтақ және шыбық жазғыш еттері

            Қол басының еттері олардың орналасуы және атқаратын қызметтері.

            Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

            СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі  “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы : жоғарғы иық буыны  еттері, шыбық- білезік буынының еттері, қол басының еттерін тауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Жоғарғы иық буыны  еттерін зертегенде олардың пайда болуын жауырын-тоқпан жілік буынында атқаратын жұмысына тоқталу қажет.Шыбық- білезік буынының еттерінің бекіну орындарына, бұлшық ет талшықтарының ерекшеліктеріне, олардың шыбық- білезік буынының айналасында орналасуына көңіл аудару қажет. Қол басының еттерін зертегенде олардың білезік,алақан,саусақ бұлшық еттері болып бөлінетіндігіне көңіл аудару қажет

Бақылау сұрақтары:

Жоғарғы иық буыны  еттері

.           Шынтақ буынының еттері

Иықтың екі басты еті

Білек еті

 Иықтың үш басты еті

Шынтақ еті

Жұмыр және теше пронатор, супинатор.

Шыбық білезік буынының еттер

Қол басының еттері

Білезік,алақан,саусақ бұлшық еттері

Негізгі  және қосымша түсініктер: агонист,антагонист,синергист,фиксатор.

флексор,экстенсор,абдуктор,аддуктор,пронатор,супинатор

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ