Бұлшық ет жүйесі Бастың бұлшық еттері

0

Сабақтың мақсаты:Студенттерді бас пен мойынның негізгі қаңқа еттерін көрсетіп, еттердің бекіну орындарын және атқаратын қызметтерін білуге үйрету.

Сабақтың мазмұны: Бұлшық ет жүйесі

Бастың  бұлшық еттері: шайнау және ымдау  бұлшық еттері олардың қысқаша сипаттамасы. Шайнау   бұлшық еттері;сыртқы,нағыз және самай;ішкі медиальды және латеральды қанатты. Ымдау  бұлшық еттері олардың ерекшеліктері.Негізгі бұлшық еттер.Бассүйектің тері асты еті.оның құрсақтары,көздің шеңберлі еті,мұрын еті,алкен және кіші шықшыт еттері,Жоғарғы ерінді көтеретін ет,төменгі ерінді түсіретін ет,иек асты еті,кербез етіжәне кілкі еті,қасты түйетін және төмен түсіретін ет,құлақөқасы еттері,сон дай-ақ барлық шүйде асты еттері.

Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі  “Миология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Бұлшық еттердің жалпы құрылысы жоспарымен,олардың жіктелуімен,бұлшық ет талшықтарыныңерекшеліктерімен, бұлшық еттердің топтарға бөлінуімен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы бастың және мойынның бұлшық еттерін тауып, еттердің бекіну орындарын есте сақтау керек. Шайнау және ымдау  бұлшық еттерін зертегенде олардың пайда болуын жақ-самай буынында атқаратын жұмысына тоқталу қажет.Ымдау  бұлшық еттердің бекіну орындарына, бұлшық ет талшықтарының ерекшеліктеріне,олардың табиғи тесіктердің айналасында орналасуына көңіл аудару қажет.

Бақылау сұрақтары:

Бұлшық еттер ұлпасы:көлденең жолақ бұлшық еттер ұлпасының ерекшеліктері

Бұлшық еттерің жіктелуі

Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметі

Бұлшық еттердің қосымша аппараты

Бастың  бұлшық еттері

Шайнау   бұлшық еттері

Ымдау  бұлшық еттері

Негізгі түсініктер: Бұлшық еттер ұлпасы, қаңқа бұлшық еттері,талшықтар,эндомизий,перимизий,эпимизий,фасция,сіңір,апоневроз, бұлшық ет басы, бұлшық ет құрсағы,агонист,антагонист,синергист,фиксатор.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ