Қаңқа жүйесі, бас сүйек қаңқасы. Ми сауыты сүйектері.

0

Сабақтың мақсаты:  Студенттерді бас сүйегінің

Қаңқасының ми сауыты сүйектерін анықтауға

Және сипаттауға үйрету.

Сабақтың мазмұны: Бас сүйек қаңқасын зерттеу.

Ми сауыты, оның сүйектерінің саны және орналасуы.

  Маңдай сүйегі, әрбір бөліктерінің негізгі детальдары. Қабыршақты бөлімі,шеттері, маңдай дөңестері, маңдай қойнауы, қас доғалары, самай сызығы , самай беті, көз бөлімі: көз жасы безінің сайы, мұрын бөлімі, апертуралар, маңдай қойнауы, торлы ойынды. Самай сүйегі, негізгі детальдары.

Қабыршақты бөлімі, шеттері, шықшыт өсіндісі, буын шұңқыры және төмпегі. Дабыл бөлімі: сыртқы есту түтігі, қуыстары.  Тасты бөлімі: пирамида: ұшы, негізі, үш беті, доға тәрізді қыраты, барабан қуысының шатыры, тасты синус сайы, ішкі есту түтігі, біз тәрізді өсінді, біз-емізін тесігі, емізін өсіндісі. Шүйде сүйегі, негізгі детальдары. Қабыршақты бөлімі: шеттері, сыртқы және ішкі шүйде өсінділері, үш шүйде сызықтары. Латеральды бөліктері айдаршықтары, шүйде тесігі.         Негізгі бөлімі: жұту төмпегі, ылди. Төбе сүйегі: төмпегі, маңдай, қабыршақты, шүйде, сагиттальды шеттері, шүйде бұрыштары, сигма тәрізді қойнаудың сайы.

       Сына сүйегі: негізгі детальдары. Денесі, қыры, дөңесі, түрік ерінің арқасымен ойысы, гипофиздік ойыс. Үлкен қанаттары : самай, көз, ми, жоғарғы жақ беттері; дөңгелек, сопақ, остік тесіктері. Кіші қанаттары : көз және ми беттері. Жоғарғы көз саңылауы, көру  жүйкесінің каналы. Медиальды және латеральды тақташалары, қармақ, шұңқыршасы.

       Тор сүйегі : көлденең тақташасы, әтеш айдары, торлы тақташасы, иіс жүйкесінің тесігі, торлы шытырман, көз тақташалары, жоғарғы және ортаңғы мұрын кеуілжірлері, торлы ауа қойнауы.

       СӨЖ- ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

       Бас сүйек қаңқасын танып –білу үшін, ең алдымен, жеке сүйектерді олардың  бөлімдерін бөліп алған жөн. Одан соң әр  бөлімнің жеке детальдарын сыртқы бетінен бастап ми бетіне қарай қарастыра беру керек. Оқулықтардағы  мәтіндермен жұмыс істеп атлас кітабынан бүтін бас қаңқасындағы жеке ми сауыты сүйектерін тауып алу керек. Әр бір жеке сүйектің құрылысын зерттеу қажет. Маңдай  сүйегінің құрылысы  мен пішініне аса маңыз аударып, адамға ғана тән маңдай дөңесіне  аса көңіл бөлу қажет. Аса күрделі сүйектер ретінде самай сүйегі мен сына сүйегіне көп көңіл аударып, самай сүйегінің есту және тепе- теңдік мүшесі орналасқан орын екендігін атап өту орынды. Емізік өсіндісінде ауа қуыстары барлығын атап кету керек. Жұмыс барысында студент берілген сүйектің басқа қандай сүйектермен байланысатындығын есте сақтау керек.

       Оқу материалы : Бүтін бас сүйек қаңқасы, бас сүйектің горизонтальды кесіндісі, жеке ми сауыты сүйектері.

       Бақылау сұрақтары :

Ми сауытының жалпы сипаттамасы.

Маңдай сүйегінің құрылысы.

Самай сүйегінің құрылысы
Шүйде сүйегінің құрылысы

Төбе  сүйегінің құрылысы

Сына сүйегінің құрылысы

 Тор  сүйегінің құрылысы

Негізгі және қосымша түсініктер:

Бас сүйек қаңқасы, ми сауыты, ауа қойнаулары, веналы қойнаудың сайы, пирамида, үстірттер, қуыс шатыры, ылди, киль, қанаттар, қармақ, саңылау, ұяшық, шытырман, мұрын кеуілжірі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ