Қаңқа жүйесі, аяқ қаңқасы.

0

Сабақтың мақсаты:  Студенттерді аяқ қаңқаларының құрылыстарымен таныстыру; оларды әртүрлі аяқ сүйектерін анықтай білуге сипаттауға үйрету.

            Сабақтың мазмұны:Аяқ қаңқалары: белдеу және еркін аяқ сүйектері. Аяқ сүйектері .

Төменгі белдеу қаңқасы.Жамбас сүйегі,  құрылысы оны құрайтын бөлімдер.Мықын сүйегі денесі,қанаты,қыры,ойысы,остері,сызықтары,буын беттері.Шонданай сүйегі денесі,бұдыры, бұтақтары,ойығы.Шат сүйегі денесі,симфиздік беті, бұтақтары,сызықтары. Жамбас сүйегінің жалпы детальдары,ұршық ойысы, қолсұғар тесік,шекаралық сызық.Еркін аяқ сүйектері қаңқасы. Ортан жіліктің құрылысы ,басы ,мойны,Сегізкөз- мықын  буыны. Еркін қимылды аяқ  сүйектері  мен  аяқ  бақайшақтары . Олардың құрылысы. Аяқ буындары. Сирақ сүйектері, асық жілік, асық жілік шыбығы, олардың айдаршықтары, буын беттері, шеттері, тобықтары, басы және мойындары. Аяқ басы сүйектері олардың бөлімдері. Толарсақ сүйектері, саны ,пішіні және атаулары, табан сүйектері, құрылысының детальдары. Саусақ бақайшақтары.

Оқу материалы: қаңқа, жамбас сүйегі,ортан жілік,сирақ сүйектері: асық жілік, асық жілік шыбығы,аяқ басы сүйектері:толарсақ сүйектері, табан сүйектері,саусақ бақайшақтары.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Оқулықтардағы және лекция конспектілеріндегі «Остеология» тақырыбындағы текстермен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып ,аяқ  сүйектерін танып-білу.Жоғарғы және төменгі белдеу қаңқаларының құрылысының ортақ жоспар құрылысына жоғарғы белдеу қаңқасының тұйықталмағандығына,солсебепті қимыл еркіндігін қамтамасыз етедіндігіне  көңіл бөлу.Формалары әртүрлі сүйектерді тауып, тұлға қаңқасы сүйектерінің байланысу тәртібіне көңіл бөлу. Студенттер кез келген түтікті сүйектің құрылысында анық бағыт-бағдарлай біліп олардағы проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз, диафиз, метафиздерді таба білу керек. Апофиздердегі шеміршек ұлпасының болуына көңіл бөлінуі керек. Сондай-ақ, білек сүйектері мен сирақ сүйектерінің бір-біріне қатысты орындарына көңіл бөлінуі керек. Еркін аяқ-қол қаңқасы сүйектерінің құрамынан қысқа және сесам тәрізді сүйектерді бөліп көрсету керек. Барлық білезік және толарсақ сүйектерінің аттарын білу керек және оларды көрсете білу керек. Жамбас сүйегінің құрылысына ерекше көңіл бөліп оның бөлімдерінің шекараларын көрсетуге қабілетті болу керек. Сүйектердің байланысу типтерін жақсы біліп, үлкен және кіші жамбастың құрылысы жөнінде  оның қабырғалары мен апертуралары жөнінде толық түсінік болуы керек.

            Бақылау сұрақтары:

Аяқ  қаңқасының бөлімдері

Жамбас сүйегініңұрылысы

Ортан жіліктің құрылысы

Сирақ сүйектерінің құрылысы

Аяқ басының сүйектерінің құрылысы

Аяқ сүйектерінің байланысу түрлері

Негізгі және қосымша түсініктер: Аяқ белдеулері, еркін белдеу сүйектері, ұштары, шеттері, бұрыш, қыр, проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз, диафиз, метафиз, шығыройық, айдаршық, айдаршықүсті төмпектер,сүйек аралық қырлар, бақайшықтар, синостоз, қанат, бұтақ, төмпешік, сай, терминальды сызық, жамбас, ұршық, тобық.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ