Адам денесінің негізгі жазықтықтары, осьтері, сызықтары. Жалпы анатомиялық терминдер. Қаңқа жүйесі, тұлға қаңқасы.

0

Сабақтың мақсаты: Анатомиялық препараттар және атластармен жұмыс істеу әдістемесімен студенттерді таныстыру.Студенттерді адам денесінің құрылысында дұрыс бағдар жасау және жалпы анатомиялық терминдерді сауатты пайдалана білуге үйрету. Студенттерді осьтік қаңқаның,төстің, қабыртқалардың құрылыстарымен таныыстыру; оларды әртүрлі омыртқаларды анықтай білуге үйрету. ”өсінді”,”қуыс”,”жал”,”сай” сияқты т.б. анатомиялық терминдерге түсінік беру

            Сабақтың мазмұны:Адам денесі арқылы өткізуге болатын негізгіжазықтықтар және оларға сәйкес келетін осьтер ;тірі адамның мүшелерінің шекараларын анықтауда қолданылатын негізгі вертикальды сызықтар,адам денесінің облыстары туралы түсінік.

Дене қаңқасы: осьтік және қосымша қаңқа,сүйек және оның құрамы.Омыртқа бағанасы:жалпы сипаттама,бөлімдерге бөлінуі, сүйекті және шеміршекті бөліктері,байлам аппараты ,лордоз және кифоз жөнінде түсінік.Жеке типтік омыртқаның  құрылысы:денесі,омыртқа тесігі, доғасы, өсінділері, ойықтары.әртүрлі бөлім омыртқаларының құрылыстарының ерекшеліктері.Типтік мойын омыртқалары,құрылысының негізгі айырмашылықтары:омыртқа денесі мен омыртқа тесігі өлшемдерінің қарым-қатынасы, осьтік өсіндінің пішіні, көлденең тесіктерінің болуы. Атипті мойын омыртқалары. Атланттың құрылысының ерекшеліктері: денесінің  және осьтік өсіндісінің болмауы, екі доғасы мен және бассүйекпен және осьтік омыртқамен буындасатые буын беттерінің болуы.Осьтік және 7-ші мойын омыртқаларының ерекшеліктері. Кеуде омыртқаларының құрылысының жалпы ерекшеліктері, көлденең өсінділерінде қабыртқа ойықтарының және жартылай ойықтарының болуы(ерекшеліктерін білу     )Бел омыртқалар құрылысының жалпы заңдылықтары, олардың басқа бөлім омыртқаларынан айырмашылықтары. Сегізкөздің құрылысы: негізі және ұшы,дорсальды және жамбас беттері, тесіктері ,орталық латералды және аралық бұдырлары, көлденең сызықтары,, жамбас сүйектерімен байланысу орындары.құйымшақ бөлімінің құрылысының ерекшеліктері. Төс сүйегініңқұрылысы:төс тұтқасы, төс денесі және семсер өсіндісі .Жеке қабыртқаның құрылысы:қабыртқа басы,буын беттері, мойны,бұдыры,бұрышы,денесі,сайы.қабыртқа топтары :нағыз,  жалған ,бос қабыртқалар олардың төс сүйегімен буындасуы.

Адамның көкірек клеткасының сипаттамасы, оны құраушы сүйектер, қабыртқа доғасы , көкірек клеткасының жоғарғы және төменгі апертуралары.

Оқу материалы: қаңқа, байланысқан омыртқа жотасы, омыртқалар жиынтығы, сегізкөз, құйымшақ, төс сүйегі, қабыртқалар жиынтығы.

СӨЖге арналған әдістемелік  нұсқаулар:Оқулықтардағы және лекция конспектілеріндегі «Остеология» тақырыбындағы текстермен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып ,біртұтас қаңқаға қатысты негізгі осьтерді(біліктерді) жазықтықтарды, сызықтар мен облыстарды көзге елестете білу.Формалары әртүрлі сүйектерді тауып, тұлға қаңқасы сүйектерінің байланысу тәртібіне көңіл бөлу. Байланысқан омыртқа жотасы, омыртқалар жиынтығын пайдалана отырып әртүрлі бөлім омыртқаларын айыру,әсіресе, атипті мойын омыртқаларына ерекше көңіл аудару.Сүйектердің буындасу принциптерін біле отырып өз бетінше қабыртқа доғасын құрастыруға талпыну.Лупа көмегімен сүйек тіліндісіндегі оның кемік затының құрылысын қарап көру

            Бақылау сұрақтары:

Адам денесінің негізгі бағыт-бағдарлары

Сүйек ұлпасының құрылысы

Сүйек затының құрылысы

Сүйектің химиялық құрамы

Сүйектің қасиеттері

Сүйек мүше ретінде

Сүйектердің жіктелуі

Адам қаңқасының негізгі бөлімдері

Омыртқа жотасының құрылысы

Омыртқаның құрылысы

Мойын , кеуде, бел омыртқаларының ерекшеліктері

Сегізкөз бен құйымшақтың құрылысы

Қабыртқаның құрылысы, қабыртқылар топтары.

Төс сүйегінің құрылысы

Сүйектердің байланысу типтері.

Негізгі түсініктер:Жазықтық, ось,(білік) сызық, облыс, қаңқа жүйесі, сүйек, сүйек ұлпасы, сүйек заты,шеміршек, байламдар, осьтік қаңқа,лордоз, кифоз, қосымша қаңқа, тесіктер, шұңқырлар, өсінді, доға, жал, буын беті, канал(ұңғыл), төмпек, сызық, сай, ойық, буын, синдесмоз, синхондроз, симфиз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ