Көру мүшесі

0

Жоспар:

                        1.Көру мүшесінің құрылысы

  1. Көру мүшесінің қабаттары
  2. Көз алмасы.Көздің қорғаныш аппараты

Лекция мәтіні

            Көру органдары. Көз алмасынан, көру жүйкесінен және қосымша мүшелерден тұрады.

            Көз алмасы үш қабаттан:

  1. Сыртқы тығыз талшықты ( фиброзды)
  2. Ортаңғы тамырлы қабық
  3. Ішкі торлы қабықтан түзілген.

  1. Талшықты қабық — өте тығыз, ол ( склер) артыңғы және алдыңғы ақ қабық бөлімдерден тұрады. Ол көз алмасын сырт жағынан қорғап, оған белгілі бір пішін беріп тұрады. Тамырсыз болғандықтан оны “ мүйізді қабық” деп аталады. Бұл қабық арқылы көз алмасының ішіне сәуле сындырылып өтеді.

            Фиброз қабығының артқы бөлігін ақ қабық деп атайды.  Бұл қабықтың белдеу бөлігіне  көздің тік еті төрт жағынан келіп тіркеледі. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сырт жағын жауып, жүйке қабығын түзеді талшықты қабық пен ақ қабықтың қосылған жерінде  көз алмасының вена қаны өтетін тамыр кеңістігі жатады.

  1. Тамырлы қабық – талшықты қабықтың астында жатқан, көз алмасының ортаңғы қабығы болып саналады. Ол құрылысы жағынан бір-біріне тең емес үш бөліктен алдыңғы  — нұрлы, ортаңғы – кірпікті дене, артқы – меншікті тамырлы қабықтан тұрады.

            Нұрлы қабық – тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі болып саналады.

            Нұрлы қабықтың дәнекер ұлпасы негізінде пигментті жасушалар тамырлар және біріңғай салалы ет ұлпалардан тұрады. Көздің түсінің әртүрлі болуы, осы пигментті жасушалардың мөлшеріне және орналасу тереңдігіне байланысты келеді. Нұрлы қабықтың ет талшықтары екі бағытта орналасқан Дөңгелек ( сақиналы бағытта) жатқан талшықтары қарашық тесігін тарылтса, сәулелі талшықтары көз қарашығын кеңейтеді.  Осының нәтижесінде нұрлы қабықтың ет талшықтары көзге түсетін жарық сәулесін реттеп отырады.

            Кірпікті дене- тамырлы қабықтың ортаңғы бөлігі, пішіні сақина тәрізді.

Кірпікті дененің сыртқы қабатын  біріңғай салалы ет ұлпасы түзеді. Бұл еттер не жиырылып,не босап көз бұршағының пішінін өзгертіп, көздің көруін икемдеп тұрады.

            Меншікті тамырлы қабық тамырлы қабықтың ең үлкен артқы бөлігі болып саналады.  Қан тамырларына бай болып  келеді.

  1. Торлы қабық- көз алмасының ішкі жағын астарлап жатқан қабық. Бұл артқы және алдыңғы бөліктерден түзілген. Артқы бөлігі көру бөлігі бұл жерде  жүйкесінің шоғыры жатады. Бұл шоғыр тор қабықтың түйінді жасушалар талшықтарының жинағынан түзілген. Олар көз алмасының артқы жағында көру жүйкесінің сабағын түзеді.

            Көз алмасының ішкі ортасы көз бұршағы мен қоймалжың келген шыны тәрізді денеден түзілген.  Көз бұршағын өте мөлдір талшықтардан түзіліп түссіз қабықшамен жабылады.  Осы қабықшасынан басталып, кірпікті дененің ет талшықтарына  тіркелетін белдеулері арқылы көз бұршағы өз орнына  бекемделіп тұрады.  Сонымен қатар кірпікті дененің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының қалыңдығы өзгеріп, көздің әртүрлі қашықтықта жатқан заттарды көруіне себеп  болады. Көз бұршағының әртүрлі қашықтықтағы заттарды  көруіне икемделуін “ аккомодация ” деп атайды.  Жас ұлғайған сайын көз бұршағының жалпы тығыздығы артып көздің көру қабілеті нашарлайды.

            Көз (көз алмасы) – мөлдір келген қоймалжың затқа толы келеді. Бұнда қан тамырлары мен жүйке талшықтары болмайды.

            Көру органының қосымша  аппараттары. Бұған көз алмасын қимылға келтіріп, көзді қорғап тұратын құрылыстар жатады.

            Көздің қорғаныш аппаратына  — қабақ, кірпік және көз жас безі жатады.  Қабақ тері қатпарларынан түзілген.  Жоғарғы қабақ төменгіге қарағанда  қимылды келеді.

            Жоғарғы және төменгі қабақтардың  жиектерінде кірпіктер орналасқан.  Қабақтардың сырты терімен, іші қызыл түсті кілегей қабықшамен жабылған. Кілегей қабықшасы көз алмасының талшықты қабығының бетіне жалғасып жатады.  Оны жалпы “ коньюнктизм” дейді.

            Көз жасының аппараты. Екі қабықтың біріккен жерін көз бұрышы дейді, оның кеңірек келген ішкі бұрышын “көз бұлағы” дейді.  Оның түбінде ет өсіндісі жатады.  Әрбір қабақ жиегінде  нүктелер болады. Олар жас түтікшелерінің ашылатын тесіктері. Көз жасын көз жасының бездері бөліп тұрады.

            Көздің бұлшық еттері көз алмасын қимылға келтіріп тұрады.  Олардың төртеуін тік, екеуін қиғаш еттер дейді.

            Көру анализаторының өткізгіш және орталық бөлімдері.

Көру анализаторының өткізгіш жолы көз алмасының тор қабығындағы  рецепторлардан басталады.

            Көру мүшесінен келген бейнелерді талдайтын және анықтайтын  орталық көру анализаторының жүйкедегі ядролық аймақтарында орналасқан.  Сөйтіп көру мүшесінің орталығы үлкен мидың шүйде аймағында болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ