Жүрек құрылысы және қызметі. Кіші қан айналу шеңберінің артериялары мен веналары.

0

Жоспар:

            1.Жүрек,оның қалыптасуы,сыртқы пішіні,қапшығы.

  1. Жүрек қабықтары:эпикард,миокард,эндокард.
  2. Жүрек жұмысының кезеңдері.
  3. Кіші қан айналу шеңберінің  артериялары  мен   веналары.

Лекция мәтіні

Басқа тамырлар жүйесіне ұқсап ұрықтық мезодерманның мезенхимиясынан дамып, үшінші аптада қызметіне кіріседі. Жүрек алғашқы эмбриондық дамуда эндодермамен ішкі жапырақша аралығында екі түтікше тәрізденіп басталады.Оның ішкі қабырғасы эндокарт-мезохимадан, ал ішкі мезодермадан біртіндеп қалыңдау, нәтижесінде жүректің миокард қабаты мен сір қабаты эпикард пен үлпершегі-перикард паида болады. Жүрек конус тәрізді етті мүше, оның жоғарғы толық жағын негізі, ал төменгі жағын жүректің ұшы дейді. Орта салмағы 250-300г.орта есеппен жүрекке 300 см қан сияды. Ол жүрек қапшығының перикардтың ішінде орналасқан. Жүрек қабығының сыртқы-эпикард, ортанғысы миокард, ішкі-эндокард.

    Эпикард жүректің сыртын жауып жатқан жұқа қабықша. Эпикард қабаты жүректің негізінен перикардқа, яғни жүрек қапшығының ішкі бетіне көшеді. Перикард пен эпикард аралығындағы қуыстықта /саңылауда/ сероздық ылғал болады. Ол жүрек жиырылып жұмыс істеп тұрғанда қабықшаларының өзәра  үйкелесуіне себеп болады.

    Эпикардтың ішкі бетіне миокард тығыз бірігіп жатады. Миокард –қалың ет қабаты. Қалыңдығы әр түрлі. Жүрек етінің қаңқа етінен айырмашылығы ет талшықтары өзара көлденең қосылыстар түзіп торлана жатады. Сол себептен де жүрек еті жиырылса, тұтасынан жиырылады. Жүрекшелер қабырғасының ет талшықтары екі бағытта орналасқан:-ішкі-әр жүрекшені жеке орайды. Беткей екі жүрекшені бірдей орайды. Веналардың ашылар жерінде сақиналы ет талшықтары бар. Жүрек қарыншаларының миокардтық қабаты 3-сыртқы /беткі/, ортаңғы және ішкі. Бұнда ортаңғы қабат әрбір қарыншаны жеке орап жатады. Беткі және ішкі бұлшық еттер екі қарыншаны бірдей орайды.

    Миокардтың қалың етінде ерекшк құрылыста келген түйіндер мен шоқтар орналасқан. Олар жүрек еттерінің еріксіз жиырылып реттеліп соғуына әсер етеді. Сондықтан оларды жүректің өткізгіш жүйесі дейді. Бірінші негізгі түйін оң қарынша миокордасының қалың етінде, жоғарғы қуысты вена мен құлақша аралығында орналасқан. Оны синус /Кис-Фляк/ түйіні дейді,- жүрекшені жиырады.

    Екінші түйін жүрекшелер аралық перденің төменгі бөлігінде қарыншаларға жақын жатады-жүрекше-қарынша немесе атриовентрикулярлық Ашоф-Товар түйіні дейді.Төменде қарынша аралығында гис шоғыры бар, ол екі аяқшаға бөлініп, екі қарыншаға өтеді. Жүрек жұмысы 3 кезеңмен өтеді:

1.Екі жүрекше жиырылады да жақтаулы қақпақшалары ашылып қан қарыншаларға өтеді.

2.Қарыншалар жиырылып айшық қақпақшалар ашылумен қан айналу шеңберлріне жіберіледі.

3.жүректің біраз тыныштық күйі өтеді.-жүрек еттерінің жиырылуын систола, босалуын диастола, ал аз уақыт тыныштықкүйін пауза дейді.

    Эндокард-ішкі қабаты. Жұқа қабықша құрылысы жағынан қан тамырларының ішкі қабырғаға ұқсас.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ