Төменгі тыныс жолдары және өкпе

0

Жоспар:

1.Кеңірдек, бронхылар, құрылысы

2.Өкпе, оның құрылысы мен  қызметі.

  1. Өкпенің сыртқы сір қабаты

Лекция мәтіні

Кеңірдек 6-шы мойын омыртқаның тұсынан сақина тәрізді  шеміршектен басталып,4-ші көкірек омыртқа тұсында аяқталады.Осы жерден кеңірдек оң және сол бронхыға бөлінеді. Кеңірдектің екіге бөлінген жерін кеңірдектің бифуркациясы дейді.

Кеңірдек 16-20-ға жуық гиалинді шеміршекті сақиналардан тұрады.ұзындығы 9-10 см,ені 1,5 см. Сақиналар сіңір байлам арқылы жалғанып тұрады. Кеңірдектің мұндай құрылысы ауаның еркін өтуіне жағдай жасайды.

            Сақиналы байлам басты бұру үшін созу үшін, кеңірдектің ұзаруына қысқаруына жағдай жасайды.

         Бронхылар құрылысы жағынан кеңірдекке ұқсас.Оң жақ бронхы-қысқа әрі жуан,ұзындығы3см,6-8 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады. Сол жақ бронхы-ұзын әрі жіңішке,ұзындығы 4-5 см,-9-12 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады.

   Өкпе –тыныс алу мүшесі.Адамның өкпесі екеу долады, кеуде қуысының екі жағына толып орналасады.Екі өкпені бронхылар қосып тұрады.Өкпе конус тәрізді болып келеді. Өкпенің бұғана сүйегі жағындағы жерін ұшы деп ,ал диафрагма ға тиіп тұратын етегін негізі деп атайды. Өкпенің қабырғаға жанасып тұрған беті дөңес,жүрекке жанасып тұрған беті –ойыс болады.Екі өкпенің арасын өкпе аралық қуыс дейді.Оң өкпе сол өкпеге қарағанда үлкендеу.

            Өкпенің ішкі бетіндегі бронхылар ,артериялар кіретін  және вена мен лимфа тамырлары шығатын жерін өкпе қақпасы деп аталады. Өкпенің терең сайлары болады .Олар өкпені бірнеше бөліктерге бөліп тұрады.Оң өкпе үш бөліктен тұрады.  Оларды жоғарғы,ортаңғы төменгі бөлімдер деп атайды.

            Сол өкпе екі бөліктен тұрады.  Оларды жоғарғы, төменгі бөлімдер деп атайды. Бронхылар өкпеге кіретін жерінде бөлінеді.Оң бронхы 3 бұтаққа ,  сол бронхы 2 бұтаққа бөлініп ,өкпе бөліктеріне қарай барады. Бронхылар әрі қарай бұтақталған сайын тарамы жіңішкеріп, саны көбейе береді.

            Осылайша үшінші рет пайда болған бронхыларды сегментарлы деп атаймыз.Бұдан кіші бронхыларды бронхиолалар деп атаймыз.

            Респираторлық бөлімнің функциялық-анатомиялық бірлігіе –ацинус түзеді.Ацинустар жиынтығынан –бөлекшелер, бөлекшелерден сегменттер, сегменттерден –бөліктер ,ал бқліктерден тұтас өкпе құралады.Өкпенің ацинустық күмбездерінде ғана газдардың алмасуы жүреді.

            Плевра -өкпенің сыртқы сір қабаты. Плевра өкпені сыртынан қаптап жатады.Егер плевра өкпенің сыртын жауып жатса ,өкпелік(висцералды),ал егер кеуденің қуысын астарлап жатса париеталды немесе қабыртқалық  плевра деп атаймыз.Бұл екі плевра арасында плевра аралық қуысы болады.Плевра қуысында аздаған сұйықтық бар, сондықтан плевраның беті дымқыл болады.Өкпе қимылдағанда бір-біріне қажалмайды.

            Өкпенің көкет жанынан да қосымша плевралық қуыс қойнаулары бар..Ол өкпенің етегінде қабыртқа плеврасы мен көкет плеврасының аралығында болады.Осы қуысқысымы сыртқы атмосфералық қысымнан төмен болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ