Көкірек құрсақ және арқа бұлшық еттері.

0

Жоспар:

  1. Тұлғаның бұлшық еттер
  2. Көкіректің  беткі және тереңде жатқан бұлшық еттері
  3. Арқаның  беткі және тереңде жатқан бұлшық еттері

4.Құрсақ еттері

Лекция мәтіні

Тұлғаның бұлшық еттері арқа ,көкірек және құрсақ еттері болып бөлінеді.Көкіректің бұлшық еттері беткі және тереңде жатқан бұлшық еттер болып жіктеледі.Беткей еттерге көкіректің үлкен және кіші бұлшық еттері,бұғанаасты және алдыңғы тісті еттер жатады. Көкіректің  тереңде жатқан бұлшық еттеріне сыртқы және ішкі қабыртқа аралық еттер,көкіректің көлденең еті,диафрагма(көкет) еттері жатады.

Құрсақ    бұлшық еттері топографиялық жағынан бүйір,алдыңғы және артқы қабырғалық еттерге бөлінеді.Бүйір еттерге құрсақтың сыртқы,ішкі және төстің семсер өсіндісі қиғаш еттері жатады.Артқы қабырғалық еттерге белдің артқы шаршы еттері,ал алдыңғы  еттерге құрсақтың тік еті және пирамидалық ет жатады.

Арқаның бұлшық еттері беткі және тереңде жатқан бұлшық еттер болып жіктеледі.Беткей еттерге трапеция тәрізді ,арқаның жалпақ еті,жауырын көтеретін ет,ромба тәрізді ет,артқы жоғарғы және артқы төменгі тісті бұлшық еттер жатады.Арқаның терең сүйеккке таяу жатқан еттеріне бас мойын белдеу еті,жотаны жазушы ет,сегізкөз артқы өсінділер еті,арқаның ұзын бұлшық еті,көлденең өсінділер аралық еттер жатады.

Трапеция тәрізді бұлшық ет тері астында мойынның артқы жағын және арқаның жоғарғы бөлігін алып жатады. Ол бастың шүйде бөлігінен, мойын және арқа омыртқалардың арқа өсінділерінен басталып, бұғананын сырт жақ бөлігіне, жауырынның иық өсіндісі мен оның кырына бекііді.

Арқаның жалпақ бұлшық еті-көкірек клеткасы мен арқаның төменгі бөлігін коршап жатады. Ол бел — арка шандыры мен 7-12 көкірек омырткаларының арткы жоталық өсінділерінен және  бел омыртқасынан, жамбастың мықын кырынан басталып токпан жіліктің кіші денесіне бекиді.

Жауырынды көтеретін бұлшық ет-жоғарғы  төрт мойын омыртқаларының көлденең өсіндісінен басталып, жауырыннын ішкі жоғарғы бұрышына бекиді.

Ромба тәрізді ет — екі төменгі мойын және төрт жоғарғы көкірек омыртқаларының артқы өсіндісінен басталып жауырынның ішкі қырына бекиді.

Арканың жоғарғы тісті бұлшық еті ромба тәрізді еттің астында тұрады. 6-7мойын омырткаларының артқы жоталык өсіидісіне» басталып, тіс тәрізденіп 2-5 жоғарғы кабыргаларға бекиді.

Арқанын төменгі тісті ет-көкірек клеткасының төменгі бөлігінде, арқаның жалпақ етінің астында төменгі 11-12 көкірек, жоғарғы 1-2 бел омыртқаларынан басталып, төменгі қабырғаларға бекиді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ