Бет бөлімінің сүйектері .Сүйектердің байланысу түрлері.

0

Жоспар:

  1. Бет бөлімінің сүйектері, жоғарғы жақ, көз жасы сүйегі, мұрын сүйегі,
  2. таңдай сүйегі ,шықшыт сүйегі және тақ төменгі жақ сүйегі,тіл асты сүйегі,кеңсірік

                  3.Сүйектердің байланысу түрлері.

Лекция мәтіні

 Бет бөлімінің  сүйектері жұп және тақ сүйектерден құралған.Бас сүйегінің

қаңқасының  бет бөлімі сүйектеріне жұп жоғарғы жақ, көз жасы сүйегі, мұрын сүйегі,төменгі мұрын кеуілжірі,таңдай сүйегі ,шықшыт сүйегі және тақ төменгі жақ сүйегі,тіл асты сүйегі,кеңсірік жатады.

            Бет бөлімі, оның сүйектерінің орналасуы,олардың құрылысы күрделі келеді.

Жоғарғы жақ беттің орталық бөлімін алып жататын үлкен жұп сүйек.Оның  денесі,маңдай,шықшыт,таңдай,алвеолярлы өсінділері;алдыңғы,самай асты,көз,мұрын беттері; көз асты шеті ,мұрын ойығы,алдыңғы мұрын қыры,сүйір тіс шұңқыры, төмпек,альвеолярлы тесіктері,көз асты сайы мен каналы, көз жасы ойығы,кеуілжір жалы,альвеолярлы доғасы болады. Жоғарғы жақ сүйегінің үстіңгі беті көз шарасының төменгі жағын ,мұрын беті мұрын қуысының бүйір қабырғасын құрайды.

Төменгі жақ сүйегінің денесі және 2 бұтақтары болады. Денесінің  негізі, иек асты қыры, альвеолярлы доғасы бар..Бұтақтарының буын және тәждік өсінділері,ойығы,  бұрышы болады. Төменгі жақ сүйегінің төменгі жақ тесігі, бұлшық ет бұдырлары және шұңқыршалары әртүрлі қызметтер атқарады. Төменгі жақ сүйегінде 16 тіс ұясы бар.

Шықшыт сүйегі жұп .Оның латеральды,көз,самай беттері, маңдай,самай, жоғарғы жақ  өсінділері болады .Бұл өсінділерімен шықшыт сұйегі осы аттас сүйектермен байланысады. Шықшыт сүйегінің шықшыт көз, шықшытжақ, шықшытсамай тесіктеріде бар..

Таңдай сүйегі қатты таңдайдың түбін құрайтын жұп сүйек. Оның горизонтальды және вертикальды тақташалары, көз,сына,пирамида өсінділері, торлы,кеуілжірлі айдаршықтары, артқы,мұрын қырлары болады.

Тіл асты сүйегінің денесі,үлкен және кіші мүйіздері болады

Тіл асты сүйегі төменгі жақтың астында  тілдің 8түбінде тұратын таға тәрізді тақ сүйек. Бұл сүйек ешқандай сүйекпен байланыспайды.

Төменгі мұрын кеуілжірінің көз жасы,жоғарғы жақ,торлы өсінділері. болады.

Кеңсірік төрт бұрышты ромб тәрізді жұқа жұп сүйек,ол мұрын қуысын бөлуге қатыслды.

Көз жасы сүйегі көз шарасының ішкі бетін түзетін кішкентай жұп сүйек.

Мұрын сүйегі төрт бұрышты пластинка тәрізді жұқа жұп сүйек, ол кеңсірік тұсындағы мұрын тесігін жауып тұрады.. Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысын алып қарағанда ол негізі,ми қақпағынан тұрады.

Краниометрия-деп бас сүйектің өлшемдерін айтады.Оның вертикальды ,беттік,латеральды,шүйделік,базиллярлық нормалары болады. Бас сүйектерінің бір-бірімен байланыстары:жіктер мен буындар түрінде болады.

Сүйек байланыстары туралы ілім синдесмология деп аталады.(латынша син-байланыс,десмо-байлам,логос –ғылым деген сөздер)

            Сүйектердің байланысу түрлерін 3 топқа бөлуге болады:

1.қозғалыссыз немесе синартрозды байланыстар

2.қозғалмалы,буын немесе диартрозды байланыстар

3.жартылай буынды немесе симфиз

            Қозғалыссыз байланыс кезінде сүйектердің бірімен-бірі қсоылысқан ара жігі білінбей тұтасып кетеді.Сүйектерді жалғастырушы ұлпалардың өзгеру жағдайына қарай синартрозды байланыстар үшке бөлінеді:

А)талшықты немесе синдесмозды байланыстар

Ә)шеміршекті немесе синхондрозды байланыстар

Б)сүйекті немесе синостозды байланыстар

            Қозғалмалы қуысты байланыстар буын деп аталады.Буындардың барлығы мынадай міндетті элементтерден тұрады:буын қапшығы немесе буын капсуласы,буын қуысы,буын беті,синовия сұйықтығы.Сонымен қатар буындарда мынадай міндетті емес компоненттер де кездесуі мүмкін:буыын ернеуі,буын тегеріші немесе диск,буындасушы байлам.Буындар жай,күрделі,бір білікті,екі білікті,көп білікті,жұмыртқа тәрізді,ершік тәрізді,айдарша тәрізді,шар тәрізді,жзық буындар болып жіктеледі.

            Жартылай буын симфиз байланысы шаттағы сүйектердің түйіскен жерінде қасағаада кездеседі.Жартылай буын бұрын қозғалмалы болып,кейін сүйектердің қозғалыссыз қосылысқа айналуы кезінде пайда болады.Кейбір омыртқа денелерінің арасында тегеріш (диск) пайда болған кезде де симфиз түзіледі.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ