Аяқ сүйектері

0

.Бас сүйек  қаңқасы. Ми сауыты сүйектері.

2.Маңдай сүйегі. Самай сүйегі. Шүйде сүйегі .

  1. Төбе сүйегі. Сына сүйегі. Тор сүйегі

Лекция мәтіні

Бас сүйек  23 сүйектен құралған ,оның 8-і жұп,7-еуі тақ. Бас сүйек ең алдымен бас миы және онымен байланысты сезім мүшелері жайғасатын орын болып табылады.,сонымен қатар ол сыртқа ашылатын ас қорыту және тыныс алу жолдарының бастапқы бөлімін қоршап тұрады. Бас сүйек 2 бөлімнен тұрады:

  1. Ми сауыты сүйектері.
  2. Бет бөлімінің сүйектері.

Ми сауытыында қақпақ және негізін ажыратады. Ми сауытының сүйектері жұп және тақ болады.Жұпқа төбе мен самай сүйектері таққа шүйде ,маңдай,сына,тор тәрізді сүйектер жатады

Шүйде сүйегі(қарақұс) ми сауытының төменгі және артқы бөлігін құрайды.Оның сыртқы жағы дөңес ішкі беті ойыс келеді. Шүйде сүйегінің үлкен тесігін айнала төрт бөлігі жатады: қабыршақты бөлігі,қос латеральды бөліктері және негізгі бөлігі. Латералды бөлігінің астыңғы бетіндегі екі кебіс тәрізді буын дөңесіне ауыз омыртқаның буын ойысы жалғасады.

Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігінің сырт жағында бір-бірімен көлденең параллель өтетін желке бұдырлары болады.Оларға желке еттері тіркеледі .Қабыршақ бөлігінің  ішкі беті сайшалар арқылы төрт ойысқа бөлінген.

Шүйде сүйегі алдыңғы жағынан сына сүйегімен,екі жағынан самай және төбе сүйектерімен шектеседі.

Шүйде сүйегінің жұту төмпегі, ылдиы болады.

 Төбе сүйегі-төрт бұрышты жұп сүйек.Оның төмпегі, маңдай, қабыршақты, шүйде, сагиттальды шеттері, шүйде бұрыштары, сигма тәрізді қойнаудың сайы болады.

 Маңдай сүйегі- қабыршақты бөлім, екі көз бөлімі, мұрын бөлімі, жалпы төрт бөлімнен тұрады.Маңдай жалпақ төбеге қараған дөңес бөлімнен , төменге қарай маңдай қабыршағын көз шарасының ойығының жиегін түзейді .Осы екі көз аралығында мұрын бөлігі бар. Маңдай сүйегінің мұрын бөлігінің үстіңгі жағындағы қуыстықты маңдай қойнауы дейді Ол мұрын қуысымен тығыз байланыста жатады. Маңдай сүйегінің қас доғалары, самай сызығы , самай беті,  көз жасы безінің сайы, апертуралары, торлы ойындысы болады..

Самай сүйегі-жұп ми сауытының негізін және бүйір иіндерін құрайды.Қызметінің әртүрлі болуына қарай самай сүйегі ми сауытының сүйектерінің ішіндегі ең күрделісі. Самай сүйегінде есту және тепе теңдікті сақтау мүшелері орналасқан. Самай сүйегі төменгі жақпен байланысып, шайнау аппаратының тірегі болады.Оның латерал бетінде есту мүшесінің дыбыс тесігі болады.

 Самай сүйектері дыбыс тесігінің айналасын қоршаған қабыршақты бөлім, дабыл бөлім, тасты бөлімдерден тұрады.Қабыршақты бөлімі аздап иілген жұқа сүйек,мисауытының бүйір жағын құрайды.Онда алға қарай көлденең бағытталған шықшыт сүйегіне жалғасатын  шықшыт өсіндісі болады. Осы өсіндінің асында буын шұңқыры және төмпегі бар Осы жерге төменгі жақтың буын өсіндісі буындасады. Дабыл бөлімі сыртқы есту түтігін алды артанан қоршап ,оның алдыңғы және төменгі қабырғасын түзеді.  Тасты бөлімінде –ішкі құлақ қуысы орналасады.Оның артқы бетінде ішкі тесігі, ал астыңғы бетінде бет жүйкесі мен ұйқы артериясы ,мойындырық венасы өтетін тесіктер бар.

. Дабыл қуысында үш есту сүйекшелері:балға,төс,үзеңгі орналасқан. Дабылдық қуысының медиалды жағында шытырман,((ұлу) ,кіреберіс,және үш жарты ай тәрізді түтіктерден түзілген .Шытырман бөлігінде есту ,ал  кіреберіс,және үш жарты ай тәрізді түтіктерде тепе теңдікті сақтау мүшесі орналасқан. Самай сүйегінде біз тәрізді өсінді, біз-емізін тесігі, емізік өсіндісі болады.

Сына сүйегі немесе негізгі сүйек –тақ ,ол ми сауытын құраушы барлық сүйектермен байланысып ми сауытының түбін құрайды. Сына тәрізді сүйектің Сына тәрізді сүйектің денесі қуысты боладыда сол қуысы арқылы мұрын қуысымен жалғасып жатады.Сына тәрізді сүйектің толық орта жерін денесі дейді,одан    екі үлкен қанат, екі кіші қанат  және қанат тәрізді өсінділер –медиалды ілмек және латералды өсінділер бар.Денесі арт жағынан шүйде сүйегімен байланысса,алдыңғы жағынан мұрын қуысымен жалғасады.Жоғарғы бетінде түрік ерінің арқасы мен ойысы, гипофиздік ойыс болады. Үлкен және кіші  қанаттары өзара көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы ажырап жатады.Үлкен қанатта үш тесік бар-дөңгелек,ойыс және сопақша.Бірінші екеуінен үшкіл жүйкенің тармағы өтеді ,ал сопақ тесіктен –артериялар өтеді. Үлкен қанаттарының самай, көз, ми, жоғарғы жақ беттері; дөңгелек, сопақ, остік тесіктері бар. Кіші қанаттарының көз және ми беттері болады. Сына тәрізді сүйектің медиальды және латеральды тақташалары, қармақ, шұңқыршасы бар екендігі белгілі

Тор сүйегі ми сауытына да, бет бөліміне де жататын тақ сүйек. Оның көлденең тақташасы, әтеш айдары, торлы тақташасы, иіс жүйкесінің тесігі, торлы шытырман, көз тақташалары, жоғарғы және ортаңғы мұрын кеуілжірлері, торлы ауа қойнауы болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ