Химия пәні туралы түсінік

0

Жоспар:

  1. Химия ғылымы химия пәнінің бастауы
  2. Химия пәнінің басты міндеттері 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі

  1. Б.А.Бірімжанов. Жалпы химия, Алматы 2001ж.
  2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия – М. Высшая школа,2005.
  3. Глинка Н.К. Жалпы химия, Алматы, 1982ж.
  4. Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Білім, 2003ж.
  5. Бейорганикалық химия практикумы. Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева, Г.С.Камиева, Ж.Р. Кожагулоова. Алматы, 2003ж
  6. И.Г.Хомченко Сборник задач и упражнений по химии для ср.шк. 2000г
  7. А.И.Горбуров. Теоретическая основыы общей химии. М.,2001 г.
  8. К.Аханбаев. Химия негіздері. Алматы. 1985ж.
  9. Н.Е. Кузззьменко, В.В. Еремин, С.С. Чуранов Химия. М. 2002.
  10. Н.Л.Глинка. Задачи и упражнения по опщей химии. Ленинград. 2000.
  11. Алексеев В.Н. Курс качественного химического палумикроанализа.- М.,1973
  12. Логинов Н.Я., Воскресенский А.Г., Солсдкин И.А Аналитическая химия-М.,1979.
  13. Крешков А.П Основы аналитической химии-М 1976,1,2,3
  14. Алексеев В.Н. Количественный анализ-М 1972.
  15. Оспанов Х.К., Абланова Е.К және т.б. Физикалық химия, Алматы, Қазақ Уни. 2002ж.
  16. Қоқанбаев Ә. Қысқаша физикалық химия курсы, Алматы, 1996ж.
  17. Стромберг А.Г., Семченко Д.П., “Физическая химия”,-М. Высшая школа, 1988г.
  18. Қоқанбаев Ә. Қысқаша физикалық химия курсы. Алматы, 1996ж.
  19. Утелбаев Б. Химия 1,2,3 том., Алматы, 1998ж.
  20. Фридрихсберг Д.А. Курс коллоидной химии. Л. Изд. Химия, 1984г
  21. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органическая химия. М., 1974.
  22. Перекалин В.В., Зонис С.А. Органическая химия. М.: Просвещение, 1982.
  23. Терней А. Современная органическая химия. – М., 1979.
  24. Ибраев М.Н., Сарманова К.А., «Органикалық химия негіздері». Алматы, «Рауан», 1980.
  25. Нейланд О.Я. Органическая химия. – М., 1990.
  26. Несмеянов А.Н., Несмеянев Н.А. Начала органической химии. – М.:1974. – т.1,2.

Лекция мәтіні:

1. Химия ғылымы химия пәнінің бастауы

Химия пәні заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.

Химия пәні химия ғылымынан бастау алады, оның жетістіктеріне сүйенеді және осы жетістіктері химия пәнінің мазмұнын құрайды. Химия ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасып, өзінің басты ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты. Химиялық ұғымдар мен заңдар химия ғылымының, химия пәнінің теориялық негізі болып саналады. 

2. Химия пәнінің басты міндеттері

Химияның басты міндеттерінің бірі- заттардың қасиеттерін зерттеу мен қоса, оларды адам игілігіне жұмсау, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Әрбір затты пайдаға жарату үшін, оның қасиетін жан-жақты зерттеу қажет. Мысалы, таза магний оңай тұтанып, жарық шығарады. Осы қасиетіне орай оны фотосуретке түсіргенде жарқыл шығару үшін қолданған.

Адамдар заттарды ертеден ақ өз қажетіне жаратқан. Біздің ата-бабаларымызда табиғатта кездесетін асыл тастардан әшекейлік бұйымдар жасаған. Ал алаботаны өртеп, оның күлінен сақар алған, оны малдың майына қосып, сабын шылаған. Тотияйынды, ашудасты, сынапты дәрі-дәрмек ретінде пайдаланған.

Химияның басты міндеттерінің қатарына табиғатта кездеспейтін жаңа заттарды қолдан синтездеп алу жатады. Химиялық жолмен көптеген жасанды жаңа заттар алынып, олар шаруашылықтың сан түрлі саласында, күнделікті тұрмыста кең қолданылады. Солардың қатарында өздеріңе таныс пластмассалар, синтездік талшықтар, тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, бояулар бар. Химия техниканың өркендеп дауыныда да, адамдардың тұрмысының жақсаруына да зор үлес қосады.

Химия пәнін қызығып, ынтамен оқып, тәжірибелер жасап үйреніп, білімдерің молайған сайын табиғаттың көптеген сырларын, күнделікті көріп жүрген заттардың қасиеттерін, олардың ерекшеліктерін терең түсіне бастайсыңдар. Заттың табиғатын танымай, қасиеттерін жете анықтамай тұрып қажетке жаратса, оның пайдасынан зияны көп болуы мүмкін. Химиялық закттарды орынды пайдаланбаса, олар қоршаған ортаны ластап, адамдар, жануарлар және өсімдіктер тіршілігіне зиянды әсерін тигізеді.

Химия адам өміріне жан-жақты араласып, жылдан-жылға маңызы арта түсетіндіктен, оны оқып-үйрену әр шәкіртке болашақта өз пайдасын тигізетіні анық.

Химия-заттарды, олардың қасиеттерін, соның ішінде олардың өзара айналуларын зерттейді. Заттар дейтініміз- денелерді құраушылар. Олар бір-бірінен өздеріне тән физикалық және химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді.

Химияның міндеті-заттарды қолдану үшін қасиеттерін айқындау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ